Текшенің жазбасы. Математика, 3 сынып, презентация.
Бөлімі: Кеңістіктік фигуралар № 106 сабақ. Тақырыбы: Текшенің жазбасы | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна | |||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар текшенің жазбасын дайындай алады. | |||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||
Құндылықтар | Сабақтан алған білімін тәжірибемен ұштастыра білуге дағдыландыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әріпті өрнектерді салыстыру | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ынталандыру. Суретте берілген фигураларды атауды тапсыру. Барлық жақтары шаршы болып келетін фигураны қалай атайтынын сұрау. Текше туралы білімді қайталау. Оқушыларға тақтадан немесе суреттен текшенің бейнесін көрсету. Топтар модельге қарап, кестені толтырады. Әр топтан бір оқушыға нәтижені ауызша айтқызып, қалғандарына естіген мәндерімен салыстыруды ұсыну. Содан соң қабырғасы 5 см қағаздан жасалған текшенің моделін үлестіру. Текшені жасау үшін алдымен жобасын қиып алатынымызды хабарлау. Математикада оны - жазба деп атайды. Оқушылардан жазбаның неден құралғанын сұрау. (шаршылардан). Қағаздан жасалған текшені алып, текше жазылу үшін бірнеше жерінен қию. Жазбаға қарап неше жағы барын санату, шаршылар – жақтары өзара қалай қосылып тұрғанына назар аударту. -Текшенің жақтары туралы не айтуға болады? -Жақтары өзара тең бе? Енді топта талқылау жүргізіп, текше жазылу үшін бірнеше жерінен қию керек екенін тапсыру. Оқушылар барлық жазбаларды тақтаға жабыстырады. -Бұл жазбаларда не ортақ? -Бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Текшенің жазбасының саны туралы болжау. Текшенің жазбасы - текшенің жазықтықтағы жазылған беті. Ой қорыту. Ережені қорытып шығарғаннан соң, оқулықтағы ережемен таныстыру. | Әр түрлі пішінді фигуралар Әр топқа толтыруға қажетті кесте тарату. 2-3 слайд Әр топқа қабырғасы 5 см қағаздан жасалған текшенің моделі; қайшылар, балаларға арналған текшелер 4 слайд Текше жазбасы | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 2 мин 3 мин 5 мин 5 мин | Белсендіру Жеке жұмыс Текше туралы білімдерін пайдалана отырып, түтіктер мен ермексаздан текшенің моделін жасату. Оқушылар жасаған жұмыстарын көрсетіп, қалғандары дұрыс болса, алақандарын ұрып, шапалақтайды. Жұптық жұмыс. Есепте. 25 оқушының әрқайсысы текшелердің жазбасын сызды. Оқушылар текшенің барлығы неше жағын сызды? Оқушыларға парақта есептетіп, өзара тексеруді жұппен ұйымдастыру. Оқушылардан өз ойын түрлендіруді сұрау. Ұжымдық жұмыс Ойлан, тап! Суреттерге қара. Сана. -Әріп неше текшеден құралған? Сары фигурада неше текше бар? Қызыл фигурада ше? Жасыл фигурада ше? Оқушылар шешім қабылдағаннан кейін, ауыспалы құрамдағы жұппен өзара тексеру жүргізу. Содан соң қалауы бойынша оқушыларға жауаптарын айтып, түсіндіруді сұрау. Дұрыстығын дәлелдеу. Қайталау Өздік жұмыс. Тақтада төмендегі сандар жазылған текшелерді көрсетіп, олардың ішінен екі санның көбейткіші ретінде жазуға болатын сандары тауып жазу Текшедегі сандардың қайсысын екі санның бірдей көбейткіштері түрінде жазуға болады? Бағалау: Нәтижесін тексеруді «Бас бармақ» арқылы жүзеге асыруға болады. Топтық жұмыс(практикалық жұмыс) Қай жазбада текшені құрастыруға болмайды? Оқушылар қай жазбадан текше құрастыруға болатынын болжайды. Содан соң болжамды дәлелдейді. Алдымен текшенің жазбасы бола алмайтын жазбаларды алып тастайды. Неге артық екенін түсіндіруін сұрау. Ол үшін топтарға торкөз парақтарды таратып,қай текшені салатынын өзара бөліп алу керектігін түсіндіру. Содан соң сызбасын сызып, жазбаны қиып, сызықтар бойымен бүктеуді ұсыну. Топта бір-біріне жасаған модельді көрсетіп, қай жазбалар текшенің жазбасы екенін қорытындылауын сұрау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауды ұсыну. | Оқулық, дәптер 5 слайд
6 слайд Тексеру жауаптары 7 слайд Жазбалар үлгілері 8 слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 10 мин 5 мин | Кері байланыс «Стикер» әдісі Төмендегі сұрақтарға сабақ соңында стикерге оқушылардың жауап жазуын сұраңыз: Бүгін мен ... білдім. Маған ... қызық болды. Маған ... қиын болды. Мен ... тапсырмаларды орындадым. Мен ... екендігін түсіндім. Мен енді ... жасай аламын. Мен ... үйрендім. Мен ... жасап көремін. Бағалау «Табыс сатысы» әдісі арқылы оқушыларға өз білімінің деңгейін көрсетуді ұсыну | Кері байланыс сұрақтары, стикерлер Табыс сатысы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 📲ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАПОНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
» ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ