Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару.Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Математика

Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4A бөлім – Шамалар. Есептер

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:19.04.18

Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.5.1.3 Есептерді талдау және шешу: бірдей қосылғыштар қосындысын табу; құрамы бойынша бөлу және тең бөлікке бөлу/ санды бірнеше есе арттыру/кеміту/ еселеп салыстыру/ тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен периметрін табу/ тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу/ кері есептер құру және шешу.

 Сабақ мақсаттары

Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару.

 Бағалау критерийлері

  • Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Қалдықты табуға берілген есеп, өрнек құрастыру, тура және жанама сұрақтар.

 Миссия және пайымдау

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Жаһандық азаматтық

Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру.

 Құндылықтарды дарыту

Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру.

Бастапқы білім

Есепті талдайды, шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа психологиялық дайындық

Сабақтың ортасы

32 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту. «Ойлан,тап!»

Ойын. Кеспеқағаздардан сандарды көрсету нәтижесін ламинатталған қағазға жаздыру.

9 саны 36- дан қаншаға кем?

36cаны9 –дан қанша есе артық?

9cаны36 –дан қанша есе кем?

28 cаны 7 –ден қаншаға артық?

Жауабын тақтада шығару. Өзін-өзі тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару.

Дескриптор:

-есептің шартын жазады;

-есептің сұрағын көрсетеді;

-есепті шешу өрнегін құрастырады;

-есептеуді дұрыс жүргізеді;

-есептің жауабын жазады.

Есепті шығару

Отырғаны – 2 *3 т.

Ұшқаны- 4 т.

Қалды- ? т.

Шешуі:

1) 2 * 3=6 (т)

2) 6- 4=2 (т)

Жауабы: 2 торғай қалды.

«Қараторғайлар» тапсырмасын орындау.

Есепті бір өрнекпен шығар.

Бірін-бірі бағалауы.

Сергіту сәті

Топпен жұмыс.

Дифференциация

/Әр оқушыға тапсырма қиындығы деңгейіне қарай беріледі/

1-топ.

2-топ. 

3-топ.

«Қарғалар» тапсырмасы

1-топ. Есепті шығару өрнегін жаз және өрнектің мәнін тап.

2-топ. Есептің қысқаша жазбасын жаз және шығар.

3-топ. Есепті шығар және кері есеп құрастыр.

Болды- 29 қ.

Ұшты – 6 *3 қ.

Қалды- ? қ.

Шешуі:

1) 6 * 3=18 (қ)

2) 29- 18=11 (қ)

Жауабы: 11 қарға қалды.

Мұғалім бағалауы.

Дифференциация

Есепті бір өрнекке салып шығар

Шешуі:

29- 6 *3 =11 (қ)

Жауабы: 11 қарға қалды.

Қалыптастырушы бағалау

Есептің шартын толықтыр және шығар

а) Дүкенде 50 қорапша қияр тұқымы болды. Бес адам әрқайсысы 6 қорапшадан сатып алды. Қанша қорапша қияр тұқымы қалды?

Қорытынды

-Бүгін біз не үйрендік?

- Біз берілген есептің Қалдықты табуға берілген құрама есепекенін қалай ажыратамыз? /Есептің сұрағына қараймыз/

Үйге тапсырма: Жұмыс дәптері 33-бет.

Суретті тапсырма,

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады.

Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу