Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып :

Бөлімі :

№ 7 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару

Оқу мақсаты:

•шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге/белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Бағалау критерийлері

Екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған есептерді шығарудың алгоритміне байланысты мысалдармен танысады және талдайды. Пропорционалды бөлуге арналған есептерді алгоритмін сақтай отырып есептерді шығарады. Әр түрлі есептерді шығаруды үйренеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлу, пропорция, алгоритм.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару алгоритмін талдайды. Пропорционалды бөлуге арналған есептердің алгоритмін қолдануды қайталау және бекіту. Әртүрлі есептер шығаруды қайталау.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару алгоритмі

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Психологиялық дайындық Оқып білім аламыз, Біз көңілді боламыз. Математика пәнінде, Тапқыр, алғыр боламыз. Өткенді қайталау. (Тест) Нұсқасымен тест жұмысы жазылған карточкалар таратып беру. 1.Салыстыруды орында. Тең болу үшін таңбаны қой. (1400-600): 20 * 1400 – 600 : 20 А.> В< С = 2.Бөлінгіш 405, бөлгіш 40, қалдықты тап. А. 6 қалд. В. 7 қалд. Д. 5 қалд. С. 4 қалд. 3. Өрнектің мәнін есепте 60000:1000х10 А. 6 В.600 Д.60 С.6000 4. Амалдарды орында: (947-589) * 2 А. 715 В. 716 Д. 714 С. 713 5. «Ең кіші бес таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санның қосындысын 2 есе арттыр» өрнегі қайсысы? А. (10000+9)*2 В. (11000+9)*2 Д.(10000-9)*2 С. (10000+10)*2 Бағалау. Оқушылар жұмысын тексеріп шығып, нәтижесін айту. Кіріспе тапсырма. Бүгін орман мамандықтарымен танысатындарын айту. Сынып оқушыларын «орманшылар» мен «аңшыларға» біріктіру. Сыныптың әр қабырғаларына тапсырмалар жазылған қағаздарды (алтыдан кем емес) ілу. «Орманшылар» тобына біріккен оқушыларды үшке, «аңшылар» тобына біріккен оқушыларды үшке бөлінуді ұсыну. Әр топқа тапсырмадан тапсырмаға жылжитын жолды көрсету, шектеулі уақыт белгілеу. Топ қағаздағы тапсырманы оқиды, оны шығарып тек жауабын жазады (орманшылар — жасыл түспен, аңшылар — көк). Тапсырмалар: 1) Балабақшаның бір тобына 23 қарындаш, ал екінші топқа 30 қарындаш сатып алып, 140 теңге артық төледі. Қарындаштарға барлығы неше теңге төленді? 2)Сахнаны безендіру үшін, әрбіреуінде 7 және 15 метр болатын екі мата орамын сатып алды. Екінші орам біріншіге қарағанда 4000 теңгеге қымбат. Әр орам неше теңге тұрады? 3)Асханаға екі жәшік алма әкелінді. Бірінші жәшікте 24 алма, ал екіншісінде 32 алма болды. Бірінші жәшік екіншіден 3200 г жеңіл. Әр қораптың салмағы қандай? 4)Бірінші көліктер сапы 14 сағат, ал екіншісі 12 сағат жүріп, біріншіге қарағанда 150 км кем жүрді.Әр көлік сапы неше километр жүрді? 5)Сынып үшін бірдей бағамен 6 үстел ойындары мен 8 кітап сатып алынды. Кітаптар үшін 1600 теңге артық төлен-ді. Үстел ойындары мен кітаптар қанша теңге тұрады? 6)Екі автокөлік бірдей жылдамдықпен жүрді. Бірінші автокөлік 715 км, ал екіншісі 585 км жүрді. Бірінші ав-токөлік 2 сағат артық жүрді. Әр автокөлік жолда қанша сағат болды? Қорытынды шығарылады: 1) топтардың қайсысы ең көп тапсырма орындады; 2) тапсырмалардың нешеуі дұрыс орындалды. Есепті шығар. Орман шаруашылығы. Барлық орман алқабын аралап шығу үшін орманшыға екі күн қажет. Бірінші күні 5 сағат, ал екінші күні 7 сағат және 10 км-ге артық аралады. Бірдей жылдамдықпен қозғалған болса, орманшы екі күнде неше километр жүрді? Есепті ұжым болып талқылау. Оқушыларға не белгілі және нені табу керектігін сұрау. Олар қысқаша шарт құра алады немесе бірден амалдап шығара алады. Шығару барысында алдыңғы сабақта құралған алгоритмге сүйенуді ұсыну. Есепті жұпта орындап, келесі жұпқа жауаптарын ауыстыру арқылы тексеру жүргізуін қадағалау. Жауабы: 1)7 – 5 = 2 (сағ); 2)10 : 2 = 5 (км/сағ); 3)5 • 5 = 25 (км); 4)7 • 5 = 35 (км); 5)25 + 35 = 60 (км) Бағалау

Тапсырманы түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Оқушыларға қолмен белгі көрсету арқылы қаншалықты тақырыпты түсінгенін анықтауға болады. Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқушы айтып береді. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалады. 3-тапсырма. Қарағайлар. Топтық жұмыс. а) Қарағайлар жылына бірдей биіктікте өсіп отырса, биіктігі қанша болғаны? Оқушылардың назарын суретке аударып, топта есепке қысқаша шарт құрып, содан кейін шешулерін сұрау. Есепте үш нысан екендігін атап өту. Белгіленген уақыт біткен соң, жауаптарды тақтаға ілу арқылы жауаптарын салыстыра отырып тексереді. Жауабы: 1)8 – 6 = 2 (жылға) — үлкен; 2)40 : 2 = 20 (см) — жылына; 3)8 • 20 = 160 (см) — 1 м 60 см; 4)6 • 20 = 120 (см) — 1 м 20 см. ә) Әр адам жылына шамамен 3 ағаштан өндірілген қағазды жұмсайды екен. Сенің жанұяң қолданатын қағазға жұмсалатын ағаштың санын есепте. б) Балқарағайдың 8 қап жаңғағы 6 қабына қарағанда 100 кг-ға ауыр. Бір қап жаңғақтың салмағын тап. Оқушылардың назарын суретке аударып, топта есепке қысқаша шарт құрып, содан кейін шешулерін сұрау. Есепте үш нысан екендігін атап өту. Белгіленген уақыт біткен соң, жауаптарды тақтаға ілу арқылы жауаптарын салыстыра оты 3.Тиіндер. Есепті ұжымда талдай отырып, белгісіз-дерді атауларын сұраңыз. Есепте не белгісіз? Белгісізді табу жолдарын атайды. Есепке толық талдау жасалғаннан кейін, өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Алғашқы орындаған оқушылардың бірін тақтаға шығарып, жауа­ бын оқиды. Қалған оқушылар жауаптарын салыстыра отырып, тексереді. Жауабы: а) 1) 8 – 6 = 2 (жылға) — үлкен; 2)40 : 2 = 20 (см) — жылына; 3)8 • 20 = 160 (см) — 1 м 60 см; 4)6 • 20 = 120 (см) — 1 м 20 см; 5)10 • 20 = 200 (см) — 2 м. ә) Оқушылар тапсырманы жұпта ақылдаса отырып, өздіктерінен орындайды. Дұрыс шешім қабылдауларын бақылау. б) Көк және қоңыр. Есептің шартын жасыл мен көкте қанағаттандырады (бір қапта 50 кг, ал төрт қапта, яғни 4 • 50 = 200 кг) оқушылардың жұмысы тексереді. Бағалау

Тақырыпты, тапсырманы түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Оқушыларға қолмен белгі көрсету арқылы қаншалықты тақырыпты түсінгенін анықтауға болады. Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқушы айтып береді. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалады. Шығарып көр. (Ө) Оқушылар алгоритмге сүйене отырып, есепті шығаруды ұсыну. Кейбір оқушылар бұл есепті теңдеумен шығаруы мүмкін. Екі ауылдың арасындағы төте жолды 6 сағатта жүріп өтуге болады. Ал төте жолды­ 4 сағатта, өйткені оның ұзындығы­ 92 км-ге кем. Әр жолдың ұзындығын тап. Жауабы: 1)6 – 4 = на 2 (сағ) 2)70 : 14 = 5 (г) — бір жаңғақ; 3)30 • 5 = 150 (г) — 30 жаңғақ; 4)16 • 5 = 80 (г) — 16 жаңғақ. Өзара тексеру жүргізу үшін, топтарда дәптерлермен алмастырады. Ойлан. V t S

1-бұғы Бірдей?, 2 сағ артық 64 км

2-бұғы? 32 км

Бірінші кезеңде топтарда қысқаша шартты кестеге жазып, сол бойынша есепті шығарады.Тексергеннен кейін, кері есеп құруды ұсыну. Кері есепті құрастырғанда белгісіз шама арақашықтық бола алатынын ескерту. Әр топ құрастырған кері есептерін «Әткеншек» әдісі арқылы келесі топқа ауыстырады. Келесі сатыда кері есептерге шарт құрады. Жұмыстарын ауыстырып, келесі сатыда есептерді шешеді, жауабын жазады. Тапсырмалар ауыстырылады, әр топ құрастырған кері есептердің қысқаша шарты мен шешуін тексереді. Жауабы: 1)6 – 4 = 2 (сағ); 2)92 : 2 = 46 (км/сағ); 3)46 • 4 = 184 (км); 4)46 • 6 = 276 (км). «Плюс, минус, қызықты» «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады. Жұмыс дәптерімен жұмыс. 1.Қорықшы. Берілген тапсырма екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған есептерді шығару дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. а) Оқушылардан не белгілі, берілген тапсырма есеп болатындай нені табу керектігін сұрау.

Бір ұяда

Саны

Барлығы

Қара құр

? 6 ұяға кем

? 48

Жұмыртқаға

Саңырау құр

9 ұя

?

1)48 : 6 = 8 (жұмыртқа) бір ұяда; 2)9 – 6 = 3 (ұя); 3)9 • 8 = 72 (жұмыртқа); 4)3 • 8 = 24 (жұмыртқа). ә) Оқушыларды өздері ойлап тапқан сұрақтарды оқуды сұрау. Жауаптарды талдаңыз және оқушыларға есепті дербес түрде шығаруды ұсыну. б) Ынталанған оқушылар тапсырманы дербес түрде орындайды. Қалғандарына қажет көмек көрсету. Жауабы: Бір ыдыста неше тұз бар? 60 : 3 = 20 (кг). Өшіргіштің тапсырмасы. Тапсырманың орындалуы оқушыларға атаулы шамаларды есептеуді қайталауға мүмкіндік береді. Алдын ала қайталау керек. Тапсырма дербес түрде орындалады. Жауабы: 6кг 750 г • 24 = 162  000 г; 70см : 86 см = 45 см; 126кг 300 г • 70 = 8  841 000 г; 5м 80 см • 36 = 20880; 1м 53 см : 4 см 5 мм = 34 мм; 14ц 77 кг • 6 = 8862 г. Қайтала. Тапсырма нөлге аяқталған сандарды көбейту және бөлу дағдысын бекіту мақсатында берілгендіктен өз бетінше орындауды тапсыру. Жауаптарды екі бағанға бөліп жазғаннан кейің жұпта жұмыстарын ауыстыру арқылы тексереді. Жұпта тексеру жұмыстарын бақылау. Бірнеше оқушыны тақтаға шақырып, жауаптарын оқыту. Қалған оқушылардың жауаптарын тексеруін қадағалау. Жауабы:

а) 1)

9600

: 30

= 320;

7)

5600

: 40

= 140;

2)

1230

: 30

= 41;

8)

32134 ∙ 20

= 642 680;

3)

311 · 50 = 15550;

9)

4200

: 70

= 60;

4)

12431 ·

20 = 248 620;

10)

6300 : 90

= 70;

5)

7200 : 90

= 80;

11)

111

∙ 90

= 9990;

6)

22100 ·

3

= 66300;

12)

33300 ∙ 3

= 99900.

ә) 1-баған: 320 + 41 + 15550 = 15911; 2-баған: 248 620 + 80 + 66300 = 315 000; 15911 < 315 000. 3-баған: 140 + 642 680 + 60 = 642 880; 4-баған: 70 + 9990 + 99900 = 109 960; 642 880 > 109 960. Қосымша тапсырмалар 1.Бірінші қоймада 40 қорап апельсин, ал екінші қоймада 35 қорап бар. Бірінші қоймадағы апельсин қораптары-ның бағасы екіншіге қарағанда 4000 артық. Әр қоймадағы апельсиннің құнын тап. 2.Екі бөлікте 100 м мата бар. Бір бөлікте екіншіге қарағанда 12 м артық, және ол 7200 теңге артық тұрады. Егер олардың бағалары бірдей болса, матаның әр бөлігі неше теңге тұрады?

есептер жазылған 6 дана А4 қағазы.

«Орман жұмысшыларының мамандықтары» тақырыбы бойынша суреттер және көрсетілім көрсету.

Слайд

Карточкалар

Кері байланыс

Сабақтың тақырыбын түсіну деңгейін анықтау үшін және дамудың қалыптастырушы бағалауын жүргізу үшін, оқушыларға дербес түрде екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған есепті құруды ұсыну.Қандай формулалармен шығарды? Қандай есептер ең жеңіл болды? Ең қиын болғаны қайсысы? Жұмыстың қай түрі көбірек ұнады және неліктен: дербес, жұптық, топтық, ортақ. Кері байланыс алынады, келесі сабақты алынған ақпаратты ескере отырып дайындау, нәтижелерді бақылау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу