Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару алгоритмі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып :

Бөлімі :

№ 6 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б.

Сынып: 4 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару алгоритмі

Оқу мақсаты:

шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге/белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Бағалау критерийлері

Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығару алгоритмімен танысады. Екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған есептерді шығарудың алгоритміне байланысты мысалдармен танысады және талдайды.

Пропорционалды бөлуге арналған есептерді алгоритмін сақтай отырып есептерді шығарады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлу, пропорция, алгоритм,

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару алгоритмін талдайды. Пропорционалды бөлуге арналған есептердің алгоритмін қолдануды қайталау және бекіту. Есептер шығаруды қайталау.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептер

Сабақ барысы :

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Психологиялық дайындық Оқып білім аламыз, Біз көңілді боламыз. Математика пәнінде, Тапқыр, алғыр боламыз. Өткенді қайталау. (Математикалық диктант) Тапсырма жазылған карточкалар таратып беру. Амалдар тәртібін анықта және есепте.: 563 430 : 70 + 9 204 * 40= 376209 432 360 : 60 + 7 021 * 30=217836 Бағалау. Қасында отырған көршісімен дәптерін ауыстырады. Дұрыс жауабы оқылады. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. Соңында тексеріледі. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған есептерді шығарудың алгоритмін есептердің мысалында қарастырылады: Сүңгуір кеме екі күн ішінде ең үлкен жылдамдықпен а миль жүзді. Бірінші күні ол жолда b сағат, ал екінші күні с сағат жүзді. Кеме күн сайын неше миль жүзді? 1)Екі күндегі уақытты табамыз: b + c. 2)Сүңгуір кеменің жылдамдығын табамыз: а : (b + c). 3)Кеме бірінші күні өткен арақашықтықты табамыз: b • (а : (b + c)). 4)Кеме екінші күні өткен арақашықтықты табамыз: с • (а : (b + c)). Сабақта теңіз мамандықтары жайында айтатынымыз туралы хабарландыру. Қандай мамандықтар белгілі екендігін сұрау. Кімнің отбасында немесе таныстарында теңіз маманы бар екендігін сұрап шығу. Ол қандай мамандық? (көрсетілімді қою). Оқушыларға есепті топтарда шығаруды ұсыну: Кемемен бірінші рет 200 қап сұлы, ал екінші рет 150 қап әкелінді. Бірінші ретте екіншіге қарағанда 2500 кг артық әкелінді. Бірінші және екінші ретте неше килограмм сұлы әкелінді? Оқушылар есептерді шығарғаннан кейін, шығарылудың дұрыстығын бірігіп тексеріледі және есептегі сандық мәндерді әріптік мәндерге алмастыруды ұсынып шығарылады. Әріпті өрнектер пайда болады. Әріптердің орнына басқа сан мәндерін қоя отырып, жаңа есеп ойлап табуға болатынын ескертіп айту. Бекіту үшін ережеде берілген есепті талдау. 1-тапсырма Теңізде, толқындармен (Ұ) а) Екі кемемен барлығы b тонна болатын жүк жөнелтілді. Бірінші кемеде n контей-нер, ал екіншіде p контейнер. Әр кеме қанша жүкті апара жатыр? Тапсырманы бірігіп сұрақтар арқылы талдау. Тапсырмада не белгілі екендігін сұрау. Нені табу керек? Бірінші кезекте нені анықтау керек? Қалай? (n + p) – контейнерлердің жалпы саны. Келесі қадам қандай: b : (n + p) – бір контейнердегі тонна. Бір контейнерде неше тонна және әр кемедегі контейнерлер санын біле тұра, есептің сұрағына жауап беруге болады ма: (b : (n+p)) • n – бірінші контейнердегі тонна; (b : (n + p)) • р; ә) Бірінші күні кеме бір айлақтан екінші айлаққа дейін d сағат жүзді, екінші күні келесі айлаққа дейін а сағат жүзіп, бірінші күнге қарағанда m км-ге кем жүзді. Күн сайын кеме неше км жүзді? Тапсырманы алдынғы тапсырмаға түйене отырып өздік жұмыс ретінде орындайды. Тапсырмада не белгілі екендігін анықтайды. Нені табу керек екенін анықтайды. Бірінші кезекте нені анықтау керек? Қалай? Тапсырманы орындау барысында қиналған оқушыларға көмек көрсету. Жауабы: б) 1) d – a (сағ) – екінші күні кем; 2) m : (d – a) – (км/сағ) – кеменің жылдамдығы; 3)d • (m : (d – a)) – (км) – бірінші күні; 4)а • (m : (d – a)) – (км) – екінші күні. Бағалау: 1 тапсырма бойынша өз-өздерін бағалау.

Түсінбеген оқушыларға жеке түсіндіру жұмысын жүргізу.

2-тапсырма (Ұ) Кемені басқаратын кім?

а) Теңіз саяхатына шыққан кеменің капитаны механикке барлық жол бойы біркелкі жылдамдықты сақтауға бұйрық берді. Бірінші күні кеме 45 км, ал екінші күні 81 км жүзді. Екінші күні кеме жолда 4 сағат артық жүзді. Күн сайын кеме жолда неше сағат болды?

Топтардағы жұмысты жүргізу. Оқушыларға алгоритмді қолдана отырып, есепті шығаруды ұсыну.

Жауабы : 1) 81 – 45 = 36 (км); 2)36 : 4 = 9 (км/сағ);

3) 45 : 9 = 5 (сағ); 4)81 : 9 = 9 (сағ).

ә) (Ж) Кемеге екі қап ұн әкелінді. Біріншіде 54 кг, ал екіншіде 72 кг болды. Боцман кокқа (аспазшыға) барлық ұнды пакеттерге салуды бұйырды. Бірінші қаптан 6 пакет кем шықты. Әр қаптан неше пакет ұн шықты?

Оқушылар жұптарда есептің қысқаша шартын құрастырып, есепті шығарады, кейін жұптар арасында өзара тексеруді жүргізеді.

1) 72 – 54 = 18 (кг); 2)18 : 6 = 3 (кг) – бір пакетте;

3) 54 : 3 = 18 (пак.); 4)72 : 3 = 24 (пак.).

Бағалау. Қасында отырған көршісімен дәптерін ауыстырады. Дұрыс жауабы оқылады. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. Соңында тексеріледі.

б) (Ө) Жүк кемесінде тесік пайда болды. Теңізшілер тесіктен кірген суды екі бірдей сорғымен сорды. Бірінші сорғы 5 минут, ал екіншісі 8 минут жұмыс істеді. Егер екінші сорғы біріншіге қарағанда артық сорса, әр сорғы неше литр су сорды? Оқушыларға есепті алгоритммен өз бетінше орындауды ұсыну. 1) Бірінші сорғы екінші сорғыға қарағанда нешеге кем жұмыс істеді? 2)Сорғының жұмыс істеу жылдамдығын анықтайды. 3) Бірінші сорғы неше литр сорғанын анықтайды. 4) Екінші сорғы неше литр сорғанын анықтайды. Жауабы: 1) 8 – 5 = 3 (мин); 2)15 : 3 = 5 (л) – 1 мин; 3)5 • 5 = 25 (л); 4)8 • 5 = 40 (л). Бағалау. Өзін-өзі тексеру үшін, тақтада дұрыс мысалды жазып көрсету. Оқушыларды тапсырманы орындап, кемеде кімнің жасы ең үлкен екендігін анықтайды.

в) Теңізші болуға дайындалып жүрген екі жас теңізші кемедегі арқандарды бірдей жылдамдықпен жинады. Біріншісі 30 минут, ал екіншісі 5 минутқа кем жинады. Егер біріншісі 10 метр артық жинаса, әр жас теңізші неше метр арқан жинады?

Жауабы : 1) 30 – 5 = 25 (мин); 2)10 : 5 = 2 (метр/мин); 3) 30 · 2 = 60 (м); 4)25 · 2 = 50 (м). Әр тапсырмада екі жауап болды. Бұл сандарды өзара қосады. Ең кіші санды тауып, сонда кемені басқаратын адамды анықтайды. а) 5 + 9 = 14; ә) 18 + 24 = 42; б) 40 + 25 = 65;

в) 60 + 50 = 110.

Ең кіші сан — 14 (кемені басқаратын адам — капитан).

Бағалау. Өзін-өзі тексеру үшін, тақтада дұрыс мысалды жазып көрсету. Оқушыларды тапсырманы орындап, кемеде кімнің жасы ең үлкен екендігін анықтайды.

Шығарып көр. (Ж) Мысыр пирамидаларын құру үшін тас блоктарын жасаған және оны Ніл өзені бойымен кемелер арқылы жеткізген. Бір кемеге 10 блок жүк тиелді, ал екіншісіне —25.Екінші кемеге біріншіге қарағанда 15 т жүк артық тиелді. Әр кемеге неше тонна жүк тиелді? Пирамидалар туралы не білетінін сұрап шығу. Есептің шарттарымен таныстырып шығу. Түсініксіз болған сөздерге тоқталып өту. Жұптардағы оқушыларға толтыратын болса, тапсырманың шарттары құралатын кесте таратыңыз. Кейін оқушылар тапсырманы жұптарда орындайды. Жұптардың біреуіне бірігіп талдау үшін, өз шығаруын тақтада көрсетуді ұсыну. Жауабы: 1) 25 – 10 = 15 (блок); 2)15 : 15 = 1 (т) – 1 блок; 3)10 • 1 = 10 (т); 4)25 • 1 = 25 (т).

Бағалау

Тақырыпты, тапсырманы түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Оқушыларға қолмен белгі көрсету арқылы қаншалықты тақырыпты түсінгенін анықтауға болады. Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқушы айтып береді. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалады.

Ойлан

Диаграмманы қарастыр.

Уақыт(сағ.) Қайықтар

12

10

8

6

4

2

0

30 км 45 км 60 км

1-қайық 2-қайық 3-қайық

30 км, 45 км, 60 км белгілерін өткендегі қайықтардың жылдамдығын анықта. Осы үш нүктедегі қайықтардың жылдамдықтарының айырмашылығын тап. Оқушыларға графиктерді оқуды ұсыну. Олар нені анықтағандарын сұрау. Нәтижелерді қағаздарға жаза отырып, әр кеменің жылдамдығын анықтауды ұсыну. Кейін есептің сұрақтарына жұптарда жауап беру арқылы тексереді. Жауабы: 1-қайық 30 : 2 = 15 (км/сағ) 45 : 3 = 15 (км/сағ) 60 : 4 = 15 (км/сағ) 2-қайық 30 : 3 = 10 (км/сағ) 45 : 5 = 9 (км/сағ) 60 : 6 = 10 (км/сағ) 3-қайық 30 : 6 = 5 (км/сағ) 45 : 9 = 5 (км/сағ) 60 : 12 = 5 (км/сағ) 15 – 10 – 5 = 0; 15 – 9 – 5 = 1; 15 – 10 – 5 = 0 Бағалау

Тақырыпты, тапсырманы түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Оқушыларға қолмен белгі көрсету арқылы қаншалықты тақырыпты түсінгенін анықтауға болады. Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрау. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқушы айтып береді. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалады. Жұмыс дәптерімен жұмыс. Теңіз саяхаты. Тапсырмаларды орындау оқушыларға алгоритм бойынша есептерді шығару дағдысын бекітеді. а) Өздік жұмыс. Есептің қысқаша шартын сыныппен бірге талдау жасау. Кейін ортақ тексеру жүргізу. Қасында отырған көршісімен дәптерін ауыстырады. Дұрыс жауабы оқылады. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. Соңында тексеріледі. Жауабы: 1) 5 – 2 = 3 (п.) 2)60 : 3 = 20 (к.) 3)2 • 20 = 40 (к.) 4)5 • 20 = 100 (к.) 5)100 + 40 = 140 (к.) ә) Оқушылардан есепте не белгілі екендігін сұрау. Нені табу керек? Есептің мәтінін шарттары бойынша құруды сұрау.Есепті дербес түрде шығарғаннан кейін, өзара тексеру жүргізіледі. ә) 1) 12 – 10 = 2 (тәул.) 2)60 : 2 = 30 (см) 3)10 • 30 = 300 (см) 4)12 • 30 = 360 (см) б) Оқушыларға суретті ден қойып қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсыну: Есеп не туралы болады? Не белгілі? Нені табу керек? Кейін оқушылар есептің мәтінін дербес түрде жаза-ды. Есепті жылдам шығарған оқушыларға өздері жазған есепті шығаруды ұсыну. в) Оқушылардың назарын наурыз және ақпан айларындағы күндер санына аударған жөн (жыл кібісе емес). Әріпті өрнектер құруда қиындық тудырған оқушыларға көмек көрсету. Өшіргіштің тапсырмасы. (Ө) Тапсырманы орындау оқушыларға теңдеулерді шығару дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Теңдеулер: а) х : 7 = 5006; ә) 12936: y = 42; б) а: 600 = 530. Жауабы: а) х = 35042; ә) у = 308; б) а = 318  000. Қосымша тапсырмалар Жолаушы ұшақ с рейсте р жолаушыны тасымалдайды. Ұшақ қаңтарда а рейс, ал ақпанда х рейс жасады. Ұшақ әр рейсте неше жолаушыны тасымалдайды? Жауабы: c : р – 1 рейсте; a • (с : р) – қаңтарда; x • (с : р) – ақпанда.

Қазақстандағы теңіздер туралы видео ролик көрсету. https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/bizding-tengizder-men-muxittar

Карточкалар

Кері байланыс

Сабақтың тақырыбын түсіну деңгейін тексеру үшін және дамуды қалыптастырушы бағалауды жүргізу үшін, шығару алгоритмін жазуды ұсыну: Асханада залдардың бірінде 15 бірдей үстел, ал басқа залда дәл осындай 10 үстел бар. Егер екінші залда біріншіге қарағанда 20 орынға кем болса, әр залда неше орын бар? Қандай формулалармен шығарды? Қандай есептер ең жеңіл болды? Ең қиын болғаны қайсысы? Жұмыстың қай түрі көбірек ұнады және неліктен: дербес, жұптық, топтық, ортақ. Кері байланысты алынады, келесі сабақты алынған ақпаратты ескере отырып дайындау, нәтижелерді бақылау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу