Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ортақ тақырып : Бөлімі : № 5 сабақ | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б. | |||||||||
Сынып: 4 сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||
Тақырыбы: | Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептер | |||||||||
Оқу мақсаты: | шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге/белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару. | |||||||||
Бағалау критерийлері | Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығарады. Белгісізді екі тәсіл бойынша табуға берілген есептерді талдайды және шығарады. | |||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Пропорционалды бөлуге берілген есептердің алгоритмі | |||||||||
Сабақ барысы : | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Өткенді қайталау. (Математикалық диктант) Амалдарды орында. Есептер жазылған карточканы таратып беру. Оқушылар дәптерге жазбаша жазады. ( 18 370 + 23 679 ) : 7 =6007 156 – 96 : ( 12 : 4 ) : 2=10 ( 800 035 – 784 942 ) * 6=90558 Бағалау. Қасында отырған көршісімен дәптерін ауыстырады. Дұрыс жауабы оқылады. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. Соңында тексеріледі. Жаңа сабақты түсіндіру. Екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған есептер дегеніміз үш шама арасындағы пропорционалды тәуелділік, олардың екеуі айнымалы және бір немесе бірнеше тұрақты шамалар болады. Пропорционал тәуелділікпен байланысты әр үштік шамаға сәйкес төртеуі тікелей пропорционалды тәуелділікпен, ал екеуі кері пропорционалды тәуелділікпен болатын екі айырма арқылы белгісізді табуға арналған 6 түрлі есепті белгілеуге болады. Шығару әдісі – арифметикалық (тұрақты шаманың мәнін берілген екі шаманың мәндерінің айырмаларына қатынасымен есептеу, ал кейін ізделіп отырған шаманың мәнін есептеу арқылы анықтау) және алгебралық әдіс (теңдеу арқылы) анықтауға болады. Сабақта оқушылар мамандықтармен танысуды жалғастырады. Оқушылар хайуанаттар бағында жұмыс істейтін адамдардың мамандықтарымен танысады. Оқушылардан кім хайуанаттар бағына барғанын сұрап және хайуанаттар бағындағы жұмысшылардың қызметтері туралы әсерлерімен бөлісуді сұрау. Оқушыларға бүгін алматылық хайуанаттар бағына баратындарын хабарлау. Ал онда бару үшін, билет сатып алу керек (есепті шығару керек). Хайуанаттар бағына екі жанұя аттанды. Алдымен ересектер үшін билет сатып алды. Бірінші жанұя екіншісіне қарағанда, 2 билетке артық алды және 1400 теңгеге артық төледі. Ересектердің билеті қанша тұрады? Кейін балалар үшін билет сатып алды. Екінші жанұя 4 билетке кем алды және 800 теңгеге кем төледі. Балалар билеті қанша тұрады? 3 билетке артық 4«А» 4 «Ә» 600 теңгеге артық Оқушыларға қойылған сұрақтарға қалай жауап беруге болатынын жұпта талқылауды ұсыну. Берілген тапсырмаларды бірігіп ұжыммен талқылау. Оқушыларға бүгін жұмыс істейтін тапсырманың түрі жаңа екендігін хабарлау. Оқушыларды ережемен таныстыру. 1-тапсырма Себеттегі жұмыртқалар (Ө) Есептің шарты мен шешуін сәйкестендір. Бірінші себетте түйеқұстың 12 жұмыртқасы, ал екінші себетте — 8 жұмыртқа жатыр. Екінші себет біріншіге қарағанда 8 кг-ға жеңіл. Әр себеттің салмағы қанша? Себеттің салмағыЖұмыртқа саныЖалпы салмағы 1-себет?12 жұмыртқа? кг 2-себет?8 жұмыртқа? кг,8 кг-ға жеңіл Сұрақтар жазылған карточкаларды таратып беру. «Есепте не белгілі? Нені анықтау керек? Есептің сұрақтарына бірден жауап беруге болады ма? Неліктен? Бірінші амалда нені анықтадыңдар? (екінші, үшінші, төртінші амалда?) есептің сұрағына жауап бердіңіз бе? Әрбір оқушы осы сұрақтарға жауап жазады. Екінші себетте бірінші себетке қарағанда неше жұмыртқа кем екенін анықтайық: 12 – 8 = 4 (жұмыртқа). Екінші себет 8 кг-ға жеңіл, өйткені 4 жұмыртқаға кем, яғни 4 жұмыртқаның салмағы .
Бағалау. Температураны өлшеу Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылып «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алу. Тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін сұрау. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады. 2-тапсырма Есепті шығар (Ұ) Хайуанаттар бағында. V t S 1-арыстан бірдей ? 200 м 2-арыстан ?, 3 с артық 260 м Оқушылардан есепте қандай шамалар берілгенін сұрау. Бұл есеп не туралы болады? Есептің мәтінін шарттары бойынша топтарда құруды және барлық сыныпқа айтуды сұрау. Есепті шығарудың жоспарын сыныппен бірге құру. 1 Екінші арыстан біріншіге қарағанда неше метрге артық жүгіргенін анықтау; 2Арыстандардың жүгіру жылдамдықтарын анықтау; 3 Бірінші арыстан жүгіріп өткен уақытты анықтау; 4 Екінші арыстан жүгірген уақытты анықтау. Оқушылар топтарда есепті шығарып болғаннан кейін, бірігіп есепті тексеріп шығу. 1) 260–200 = 60 (м); 2)60: 3 = 20 (м/с); 3)200 : 20 = 10 (с); 4)260 : 20 = 13 (с) н/е 10 + 3 = 13 (с). ә) (Ж) Хайуанаттар бағында бір торда балапан шығарған 9 тотықұс, ал екіншісінде — 12. Әр тотықұста балапандар саны бірдей, бірақ екінші торда 15-ке артық.Әр торда неше балапан бар? Тапсырманы жұпта орындату. Табысты жұмыс үшін алдымен қысқа шартын құруды және алдыңғы есептің шығарылуына сүйеніп, берілген есепті шығаруды түсіндіру. Қиындықтарға кезіккен оқушылар жұптарына тиісті көмек көрсетіп шығу. Кейін оқушыларға топтар арасындағы өзара тексеру жүргізіледі. Қасында отырған көршісімен дәптерін ауыстырады. Дұрыс жауабы оқылады. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. 1) 12–9 = 3 (т.) – артық; 2)15 : 3 = 5 (б.) – бір тотықұста; 3)9 • 5 = 45 (б.) – бірінші торда; 4)12 • 5 = 60 (б.) – екінші торда. б) (Ө) Оқушылардан олар ландшафты дизайнердің мамандығы туралы не білетіндерін сұрау. Суретті бірігіп талдау. Суретте қандай ағаштар көрсетілгенін сұрау. Ағаштардың биіктіктері туралы не айта аласыңдар? Ағаштардың жастары туралы не айта аласыңдар? Есепте не туралы сұрайды? Сурет бойынша есеп құрастыруын сұрау. Есептің мәтіні құралғаннан кейін, оқушыларға дербес түрде есепті кезеңдеп шығаруды ұсыну. 1)бір ағаш басқасынан қаншаға биік екендігін анықтаңдар; 2)емен жылына қаншаға өсетінін анықтаңдар; 3)бірінші еменнің биіктігін анықтаңдар; 4)екінші еменнің биіктігін анықтаңдар. Шығарылуын тексеру үшін келесі тәсілді қолдану керек. (оқушыларға тұрып, сіздің айтқаныңызды қайталауды сұрау): – Бірінші амалды орындағандар оң қолыңды көтерің-дер; – Екінші амалды орындағандар сол қолдарыңды кө-теріңдер; – Үшінші амалды орындағандар отырыңдар; – Төртінші амалды орындағандар алдыға еңкейіңдер; 1)20–19 = 1 (жыл); 2)20 • 70 = 14 м; 3)19 • 70 = 13 м 30 см. в)Оқушыларға сұрақтар қою: балалар неше пониға отырды, есепте тағы не белгілі, нені анықтау керек? Оқушылар есепті өздік жұмыс ретінде орындайды. Кейін жұптардағы өзара тексеруді жүргізеді. Жауабы: 1) 5–3 = 2 (п.); 2)16 : 2 = 8 (б.);
Бағалау. Температураны өлшеу Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылып «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Жұптардан тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін сұрау. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады. Ойлан (Ұ) Есептің шешуін жаз. Хайуанаттар бағында маймылдарға тамақ әкелінді: салмақтары бірдей болатын жәшіктермен а кг алма және апельсин әкелінді. Алмасы бар жәшіктер саны b, ал апельсин — с жәшік. Барлығы неше кг алма, неше кг апельсин әкелінді? Тапсырманың шартын оқушылармен бірге талдау. Кейін жұпта жұмысты ұйымдастыру. Орындап болғаннан кейін жұптардың біріне есептің шығарылуын тақтаға жазады. Шығару жолының салыстырмалы талдауын бірігіп орындау. Кейін оқушылардан әріпті мәндердің орнына сандарды алып, есептеулер жүргізуді сұраУ. Жауабы:b + c; a : (b + c); b · (a : (b + c) ); c · (a : (b + c) ); Шығарып көр (Ө) Хайуанаттар бағында екі жұмысшы хайуанаттарға суды он екі литрлік және он литрлік шелектермен тасыды. Бірінші жұмысшы екіншіге қарағанда 12 литр артық әкелді. Егер шелек саны бірдей болса, әрқайсысы неше шелек су әкеледі? Оқушыларға есептің қысқа шартын құруға арналған бос кестелер таратыңыз. Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін, бірігіп тапсырманың орындалуын тексеріңіз және оқушыларға есепті шыға-руды ұсыныңыз. Оқушыларға өзіндік тексеру үшін дұрыс мысалды тақтаға жазыңыз. Жауабы: 12 – 10 = 2 (л) 12 : 2 = 6 (ш) 12 • 6 = 72 (л) 10 • 6 = 60 (л) Өзін-өзі бағалау. Эмоция символдары арқылы.Есепті қатесіз орындаса күліп тұрған смайликті таңдайды. Қателіктер жіберсе ортаңғы екінші смайликті таңдайды. 2-3 қате жіберсе 3-ші смайликті таңдайды. Сонымен қатар екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептердің шығару жолын қайталау. Қызық олжа. (Ө) Оқушылар есептің мәтінін құрып, оны дәптерлеріне жазады. Орындағаннан кейін бірнеше оқушыларға алынған мәтінді оқуды ұсыну. Жауабы: Ғалымдар динозаврлардың жұмыртқалаған екі ұясын тапты. Біреуінде 37 жұмыртқа, ал екіншісінде 30 жұмыртқа. Бірінші ұяның жұмыртқалары екіншіге қарағанда 7 кг-ға ауыр. Әр ұяның жұмыртқаларының салмағы қандай? Сөздік мадақтау арқылы бағалау . Тапсырманы өте жақсы орындаған жұпқа «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Жақсы орындаған жұптарға «Бұданда жақсы орындай аласыңдар» Қателіктер жіберген оқушыларға «Мұқият болыңдар» деген сөздермен ауызша бағалау. Өшіргіштің тапсырмасы. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар белгісіз компоненттерді табуды қай-талайды, есептеу дағдыларын дамытады. Жауабы: а) a = 6;ә) у = 3; б) x = 53;в) с = 930. Қайталау. (Ө) Бөлуді бағандап орында: а) 5508 : 36;ә) 24512 : 16;б) 72144 : 24;в) 12896 : 32. Қосымша тапсырмалар 56 м ақ және 44 м көгілдір матадан көйлек тігілді. Көгілдір көйлекке қарағанда ақ түстен 3 көйлек артық тігілді. Ақ және көгілдір түстен неше көйлек тігілді? Жауабы: 56 – 44 = 12 (м.); 12 : 3 = 4 (м.) – бір көйлекке; 56 : 4 = 14 (к.) – ақ көйлек; 44 : 4 = 11 (к.) – көгілдір көйлек. | карточкалар Слайд Қарағанда 8 кг. жеңіл Сұрақтар жазыған карточкалар Жемістердің суреті Оқулық, дәптер Смайликтер | ||||||||
Кері байланыс | Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізу. Баспалдақтың жоғарысына шығу ол тапсырма орындау барысы маған өте жеңіл болды; Екінші баспалдақ тапсырмаларды орындауда қиындықтар кездесті, бірақ мен түсіндім; Бірінші баспалдақ тапсырманы орындау барысында қиналдым. | «Жетістік баспалдағы» |
Қысқа мерзімді жоспар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?