Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

Тақырыбы:

Екі айырма арқылы белгісізді табуға берілген есептерді шығару

Сен

Шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге/белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді талдауды және шығаруды үйренесің.

Психологиялық дайындық

Оқып білім аламыз, Біз көңілді боламыз. Математика пәнінде, Тапқыр, алғыр боламыз.

Өткенді қайталау. (Тест)

1.Салыстыруды орында. Тең болу үшін таңбаны қой. (1400-600): 20 * 1400 – 600 : 20 А.> В< С = 2.Бөлінгіш 405, бөлгіш 40, қалдықты тап. А. 6 қалд. В. 7 қалд. Д. 5 қалд. С. 4 қалд. 3. Өрнектің мәнін есепте 60000:1000х10 А. 6 В.600 Д.60 С.6000 4. Амалдарды орында: (947-589) * 2 А. 715 В. 716 Д. 714 С. 713 5. «Ең кіші бес таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санның қосындысын 2 есе арттыр» өрнегі қайсысы? А. (10000+9)*2 В. (11000+9)*2 Д.(10000-9)*2 С. (10000+10)*2

Тапсырмалар:

1)Балабақшаның бір тобына 23 қарындаш, ал екінші топқа 30 қарындаш сатып алып, 140 теңге артық төледі. Қарындаштарға барлығы неше теңге төленді? 2)Сахнаны безендіру үшін, әрбіреуінде 7 және 15 метр болатын екі мата орамын сатып алды. Екінші орам біріншіге қарағанда 4000 теңгеге қымбат. Әр орам неше теңге тұрады?

3)Асханаға екі жәшік алма әкелінді. Бірінші жәшікте 24 алма, ал екіншісінде 32 алма болды. Бірінші жәшік екіншіден 3200 г жеңіл. Әр қораптың салмағы қандай?

4)Бірінші көліктер сапы 14 сағат, ал екіншісі 12 сағат жүріп, біріншіге қарағанда 150 км кем жүрді.Әр көлік сапы неше километр жүрді? 5)Сынып үшін бірдей бағамен 6 үстел ойындары мен 8 кітап сатып алынды. Кітаптар үшін 1600 теңге артық төлен-ді. Үстел ойындары мен кітаптар қанша теңге тұрады? 6)Екі автокөлік бірдей жылдамдықпен жүрді. Бірінші автокөлік 715 км, ал екіншісі 585 км жүрді. Бірінші ав-токөлік 2 сағат артық жүрді. Әр автокөлік жолда қанша сағат болды?

Есепті шығар. Орман шаруашылығы

Барлық орман алқабын аралап шығу үшін орманшыға екі күн қажет. Бірінші күні 5 сағат, ал екінші күні 7 сағат және 10 км-ге артық аралады. Бірдей жылдамдықпен қозғалған болса, орманшы екі күнде неше километр жүрді?

2. Қарағайлар

а) Қарағайлар жылына бірдей биіктікте өсіп отырса, биіктігі қанша болғаны?

ә) Әр адам жылына шамамен 3 ағаштан өндірілген қағазды жұмсайды екен. Сенің жанұяң қолданатын қағазға жұмсалатын ағаштың санын есепте.

б) Балқарағайдың 8 қап жаңғағы 6 қабына қарағанда 100 кг-ға ауыр. Бір қап жаңғақтың салмағын тап.

Графикке талдау жаса.

Есептің шартына қандай екі баған сәйкес? Ойланып көр, тағы қандай бағандар есептің шартын қанағаттандырады?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

қаптар саны

500

400

300

200кг

Есептің амалдарын ретімен қойып шық. 30 – 16 = 14 (жаңғақ) — кем;

16 • 5 = 80 (г) — 16 жаңғақ;

30 • 5 = 150 (г) — 30 жаңғақ;

70 : 14 = 5 (г) — 1 жаңғақ.

Шығарып көр

Екі ауылдың арасындағы төте жолды 6 сағатта жүріп өтуге болады. Ал төте жолды­ 4 сағатта, өйткені оның ұзындығы­ 92 км-ге кем. Әр жолдың ұзындығын тап.

Ойлан

а) Есеп құрастыр және оны шығар

ә) Кері есеп құрастыр.

а) Есептеулерді ауызша орында.

1)9600 : 30; 4)12431∙ 20; 7)5600 : 40; 10)6300 : 90;

2)1230 : 30; 5)7200 : 90; 8)32134 ∙ 20; 11)111 ∙ 90;

3)311 ∙ 50; 6)22100∙ 3; 9)4200 : 70; 12)33300 ∙ 3.

ә) Бірінші мен екінші және үшінші мен төртінші бағандардың нәтиже-лерінің қосындысын тап. Шыққан нәтижелерді салыстыр

Қайтала

Қосымша тапсырмалар

1.Бірінші қоймада 40 қорап апельсин, ал екінші қоймада 35 қорап бар. Бірінші қоймадағы апельсин қораптары-ның бағасы екіншіге қарағанда 4000 артық. Әр қоймадағы апельсиннің құнын тап. 2.Екі бөлікте 100 м мата бар. Бір бөлікте екіншіге қарағанда 12 м артық, және ол 7200 теңге артық тұрады. Егер олардың бағалары бірдей болса, матаның әр бөлігі неше теңге тұрады?

Рефлексия

«Табыс баспалдағы»

1 - баспалдағы Мен… БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен… ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен… ЖАСАЙ АЛАМЫН



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу