Логикалық есептер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В бөлім: Жиындар. Логика элеметтері Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Логикалық есептер |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау 1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу |
Сабақ мақсаттары | Логикалық есептермен танысамыз, оларды шығарып үйренеміз. |
Бағалау критерийлері | Тұжырымдардың ақиқат, жалғандығын анықтайды |
Тілдік мақсаттар | Логикалық есеп |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық, құрмет |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі |
Бастапқы білім | Диаграмма құрастыру |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2-4 мин 4-5 мин | (Ұ) Таңғы шеңбер Көңілденіп күленіп, Бақытты боп жүремін. Бәрін біліп алатын, Мен ақылды баламын. Екі топқа бөлініп, «Ақиқат-жалған» ойынын өткізу.
(Т) «Кубизм» ойыны.
Мен 20 теңгеге бауырсақ, 50 теңгеге шырын және 30 теңгеге шар сатып алдым. Мен тамаққа қаншы ақша жұмсадым? Математикада тапқырлық пен зеректікке арналған есептер де бар. Бұл есептерді бірден шығару қиын. Оны логикалық есептер деп айтады. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айту. Логикалық есептермен танысамыз, оларды шығарып үйренеміз | Интерактивті тақтада сызып көрсету | ||
Сабақ ортасы 5-6 мин
1-2 мин 10-12 мин 8-10 мин | (Т) Есептер шығарып көрейік Мақсаты: Логикалық есептерді шығару арқылы тапқырлықтарын дамыту. 1-топ Себетте 3 алма бар. Үш қызға 3 алманы беріңіз, бірақ себетте 1 алма қалсын. 2-топ Отбасында 5 қыз бар. Әр қыздың 1 інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? 3-топ. Анам салат жасады. Оның 3 қызанағы мен 6 қияры болды. Салат жасауға барлық қызанақ және сонша қияр жұмсалды. Анамда қандай және қанша көкөніс қалды? 4-топ Гаражда 4 машина тұрды. Жеңіл машинаға қарағанда жүк машинасы кем. Гаражда неше жүк машинасы және неше жеңіл машина бар? 5-топ Санатта 4 тақтайша болды. Ол бір тақтайшаны екіге бөлді. Санатта енді неше тақтайша бар? (ҚБ) топта талқылайды, ортақ шешім қабылдап, жауабын айтады. Басқа топтар бір-бірін бағалайды, тақтадағы жауаппен салыстырады. Сергіту сәті (ЖЖ) Оқулықпен жұмыс. 138-139- беттер Мақсаты: өздігімен ойлану, жұпта талқылау арқылы есепке өз шешу тәсілін таңдауға үйрену. Нұсқаулық:
(ҚБ) Әр тапсырмадан кейін 2 жұптың жауабын тыңдау, түгел сыныппен сигнал арқылы бағалау. (дұрыс -жасыл қарындашты, қате – қызыл қарындаш көтереді) (Ө) Жұмыс дәптерімен жұмыс. 110-бет | Суреттерді тақтадан таңдап қою стикерлер | ||
Сабақтың соңы 2 мин | Бекіту сұрақтары: Рефлексия: -Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.
-Кім критерийлерге жетті? -Қандай қиындықтар болды? -Қандай тапсырма қызықты болды? «Өз жетістігін бағалау» парағы Оқушыларға жасыл және сары стикерді таңдап, өз жеке жетістігін бағалау ұсынылады. | Түрлі іс-әрекеттегі смайликтер Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға теңгемен байланысты өрнектерді шығаруды тапсырамын. | Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын. Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 2-3 әдісін көрсете алуын бағалаймын. | Сергіту сәті | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?