Логикалық есептер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В бөлім: Жиындар. Логика элеметтері

Күні:17.04.17

Сынып: 1В

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Логикалық есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау

1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу

Сабақ мақсаттары

Логикалық есептермен танысамыз, оларды шығарып үйренеміз.

Бағалау критерийлері

Тұжырымдардың ақиқат, жалғандығын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Логикалық есеп

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық, құрмет

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі

Бастапқы білім

Диаграмма құрастыру

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2-4 мин

4-5 мин

(Ұ)Таңғы шеңбер

Екі топқа бөлініп, «Ақиқат-жалған» ойынын өткізу.

  • Алма жеміс
  • Кола пайдалы
  • Жаңғақ жұмсақ
  • Ас атасы-нан
  • Сүттен тосап жасалады
  • Нанды бидайдан жасайды
  • Картоп ағашта өседі
  • Біздің сыныпта 20 бала

1 шапалақ-қол алысады

2 шапалақ – құлақпен амандасады

3 шапалақ – арқамен амандасады

4 шапалақ – құшақтасады.

(Т) «Блиц-турнир» (тақтаға белгілеп отыру)

- Екі қоянның құлағы нешеу?

- Екі қонжықтың неше табаны бар?

- Әженің Марғау деген мысығы, Ақтөс деген иті және Айжан деген немересі бар. Әжейдің неше немересі бар?

- Қайыңда 2 қызыл алма, 3 сары алма өсіп тұр. Барлығы неше алма өсіп тұр?

- Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер, шортан, 2 шымшық, 2 қарлығаш және 5 мөңкебалық. Құстар нешеу?

- Тәрелкеде 3 сәбіз бен 4 алма жатыр. Тәрелкеде неше жеміс бар?

-Есік алдында 6 аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр?

- Саққұлақ деген ит күшіктеді: балаларының біреуі қара, екеуі ақ түсті. Саққұлақтың неше күшігі бар?

- 2 шымшық және 2 қарлығаш және 2 жылан ұшып келді. Менің үйімнің жанында неше құс бар?

- Мен 50 теңгеге бауырсақ, 20 теңгеге шырын және 30 теңгеге шар сатып алдым. Мен тамаққа қаншы ақша жұмсадым?

Математикада тапқырлық пен зеректікке арналған есептер де бар. Бұл есептерді бірден шығару қиын. Оны логикалық есептер деп айтады.

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

Логикалық есептермен танысамыз, оларды шығарып үйренеміз

Интерактивті тақта

Логикалық есептер

Сабақ ортасы

5-6 мин

1-2 мин

10-12 мин

8-10 мин

(Т)Есептер шығарып көрейік

Мақсаты: Логикалық есептерді шығару арқылы тапқырлықтарын дамыту.

1. Себетте 3 алма бар. Үш қызға 3 алманы беріңіз, бірақ себетте 1 алма қалсын.

2. Отбасында 5 қыз бар. Әр қыздың 1 інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар?

3. Анам салат жасады. Оның 3 қызанағы мен 6 қияры болды. Салат жасауға барлық қызанақ және сонша қияр жұмсалды. Анамда қандай және қанша көкөніс қалды?

4. Гаражда 4 машина тұрды. Жеңіл машинаға қарағанда жүк машинасы кем. Гаражда неше жүк машинасы және неше жеңіл машина бар?

5. Санатта 4 тақтайша болды. Ол бір тақтайшаны екіге бөлді. Санатта енді неше тақтайша бар?

(ҚБ) топта талқылайды, ортақ шешім қабылдап, жауабын айтады. Басқа топтар бір-бірін бағалайды, тақтадағы жауаппен салыстырады.

Сергіту сәті

(ЖЖ)Оқулықпен жұмыс. 138-139- беттер

Мақсаты: өздігімен ойлану, жұпта талқылау арқылы есепке өз шешу тәсілін таңдауға үйрену.

Нұсқаулық:

  • Тапсырманы оқу;
  • Суретті қарау;
  • Өз шешімін ұсыну;
  • Дәлелдеу;

(ҚБ) Әр тапсырмадан кейін 2 жұптың жауабын тыңдау, түгел сыныппен сигнал арқылы бағалау. (дұрыс -жасыл қарындашты, қате – қызыл қарындаш көтереді)

(Ө)Жұмыс дәптерімен жұмыс. 110-бет

(ҚБ) Тапсырмаларды орындайды, жетістік баспалдағы арқылы өздерін бағалайды.

Үлестірмелі карточкалар

Оқулық

Дәптер

Сабақтың соңы

2 мин

Бекіту сұрақтары:

Рефлексия:

-Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.

-Кім мақсатқа жетті?

-Қандай қиындықтар болды?

-Қандай тапсырма қызықты болды?

«Өз жетістігін бағалау» парағы

Оқушыларға жасыл және сары стикерді таңдап, өз жеке жетістігін бағалау ұсынылады.

стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға жоғары деңгейлі логикалық тапсырмаларберіледі

Өзін-өзі, өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағалау.

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу