Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.


1-мәтін

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары

 АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Осы аптада халықаралық панорамадағы маңызды тақырыптардың бірі табиғи катаклизманың орын алуы болды. Жексенбі күні қуатты дауыл АҚШ-тың Оклахома-Сити қалашығының үстімен өтіп адамдарды әуре-сарсаңға салды. Апат салдарынан 21 адам мерт болып, 370-тен астамы зардап шекті. Шамамен 1,2 мың ғимарат қирады.

 Мұндай дауыл Еуропа аумағын да сарсаңға салды. Румынияда қатты дауыл салдарынан жарақат алған 18 адам ауруханаға жеткізілді. Украинаның да бірнеше облыстарында қатты жел соғып, электр тарату желілері үзілді, ағаштар мен бағандар құлады. Тосын табиғи апаттан бір адам қаза тауып, жүздеген елді мекен жарықсыз қалды. Ғалымдардың пайымынша, ғаламшардағы климаттық өзгерістер өте қауіпті метеорологиялық құбылыстардың санының артуына әкеледі. Оған қуатты дауылдар да жатады. Жалпы, ғалымдар климаттық өзгерістерге байланысты жаңа табиғи катаклизмалардың орын алуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

(118 сөз Автор: Марлан Жиембай)

2-мәтін

Климаттың өзгерулері

 Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері.

 Зерттеулердің негізінде анықталған климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.

 Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам-бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.

Ауа райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:

Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.

Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін.

Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.

Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.

Ормандарғакөлдергеқала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.

Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.

(118 сөз https://kk.wikipedia.org/wiki/)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу