Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.


1-мәтін

Табиғи апат – климаттық өзгеріс салдары

Жыл сайын қазан айында бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күніне байланысты Алматыда жиын өтті. Бұл шара биылғы жылы БҰҰ негізінің қаланғанына 71 жыл толу уақытына сәйкес ұйымдастырылды. 

 БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылы әлемді алаңдатқан табиғи апаттардың алдын алу және оған қарсы әлем елдерін біріктіру мақсатында қазан айының екінші сәрсенбісін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні деп белгілеп, бұл күнді жыл сайын атап өтуге қаулы еткен болатын.

«Live To Tell» («Айту үшін өмір сүру») тұжырымдамасын басты тақырып еткен биылғы жиынның негізгі мақсаты - өмір талаптарынан туындайтын апаттарды тоқтатуға бағытталған әлемдік шараларды кеңінен насихаттау болып табылады. «Жыл сайын түрлі табиғи апаттар салдарынан  әлем бойынша мыңдаған адам көз жұмып, миллиондаған жан зардап шегіп, көптеген елдердің  экономикалары үлкен шығындарға батып жатады, табиғи апаттардың 90 пайызы ғаламдық климат өзгерісінен туындап отырады» деп пікір білдірген. Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ аймақтарын назарға ала отырып, озық тәжірибелермен бөлісу жұмыстары, ағымдағы бастамалар мен табиғи апат қауіптерін еңсеруде адам шығынын барынша азайтудың мүмкіндіктерін талқылады.

Табиғи апаттар қаупін азайту мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін бұл жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымының Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі бюросы (ТААБ БҰҰ – UNISDR) мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері, ТЖ ТААО директоры қатысты. Жиын соңында адамзатты табиғи апат зардаптарын жеңілдетуге және оған дайын болуға шақыратын фильм көрсетілді.

2-мәтін

Климаттық қару

Құйт сен, құйт сенбе! Ауа температурасы күндегі межеден асса, ойламаған жерден аспанда қара бұлт үйіріліп, бұрын-соңды болмаған жел тұрса, жер сілкінсе, табиғат-ананы «сыбап» алудың қажеті шамалы. Бұл адамның қолынан туған жасанды табиғи апат болуы ықтимал. Бұл сөзімізге шетелдік журналистердің жарыса жазған мақалалары куә. Кей ғалымдардың сөзіне сенсек, әлемдік державалар табиғаттың дүлей күшін бағындырып, катаклизмдерді қолдан ұйымдастырады. Мәселен, АҚШ-тың Флорида штатын күл-талқан еткен Катрина дауылын сол елдің бұқаралық ақпарат құралдары орыстардың ісі деп байбалам салса, ресейліктер былтырғы орман өртін американдықтардан көруде. Бұл соңғы уақыттағы апаттар ғана емес. Индонезия мен Филиппин аралдарын су астында қалдырған алып толқындар, Жапониядағы арты радиациялық жарылысқа соқтырған жер дүмпуі сынды апаттар жиі орын алуда. Жаппай қырып-жою қаруын дүниеге әкелген Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жаппай қарулану үдерісін жүргізген мемлекеттер неліктен «табиғат-ананың» «мінезін» қару етіп қолдануда? Табиғатты қару ету кімге тиімді?

Сынып: Күні: Оқушының аты-жөні:

Жеке жұмыс

INSERT әдісімен жұмыс жасау

  • Мәтінді оқи отыра, келесі шартты белгілерді қояды:

V - білемін

+ - жаңа білім

  • Басқаша ойладым

? – түсінбедім, сұрақтарым бар

  • Мәтінді екінші рет оқи отырып, кестені толтырады.

INSERT

V – Білемін

+ - Жаңа білім

- Басқаша ойладым

? – Түсінбедім, сұрақтарым бар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу