Қазақ халқының музыкалық мұрасы. Ұлттық сазды аспаптар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Мәдени мұра»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының музыкалық мұрасы.

Ұлттық сазды аспаптар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

4.2.2.1берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде шағын монолог құру

3.1 Оқу түрлерін қолдану

4.3.1.1мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Мұғалімнің қолдауымен берілген тірек сөздермен шағын монолог құрайды. Мәтінді іштей, түсініп оқиды.

Көпшілігі: берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде шағын монолог құрайды. Мәтінді іштей, түсініп оқиды.

Кейбірі: Өз бетінше берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде шағын монолог құрайды. Мәтінді іштей, түсініп оқиды.

Бағалау критерийлері

Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде шағын монолог құрайды.

Мәтінді іштей, түсініп оқиды.

Тілдік мақсаттар

Қазақ халқының музыкалық мұрасы,аспабы, ұлттық

Құндылықтарды дарыту

Өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

ана тілі, музыка сабағы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=HU4I9bsAPoE

Қоңырау

https://www.youtube.com/watch?v=NilnR5mrbfY

Сыбызғы. Адырнан. Домбыра.Жетіген

Бастапқы білім

«Қобыланды батыр» мультфильмін көріп, мазмұндау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту.

Оқушылар плакатқа жазады.

-Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?- Домбыра аспабының құрылысын кім айтып бере алады?- Күй дегеніміз не?- Күйші дегеніміз кім?- Күйшілерді айтып беріңдерші?

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыкалық мұрасы. Ұлттық сазды аспаптар.

Сабақтың мақсаты:

  • Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде шағын монолог құрайды.
  • Мәтінді іштей, түсініп оқиды.

Сабақтың ортасы

Оқушыларға Қазақ халқының музыкалық аспаптарының қысқа бейнежазбаларын көрсету.

(МК) Оқылым алды тапсырмасы:

Жаңа сөздермен жұмыс істеу.

Оқылым кезіндегі тапсырма:

(Ж) Мәтінді іштей оқу.

Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді. 

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

(Т) Оқыған мәтіннен түсінгендерін топта айтады.

Топтар бірін- бірі бағалайды.

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Үйде: Бір музыкалық аспап туралы әңгімелеу.Сурет салу

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады;

Мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Топтар бірін- бірі бағалайды.

Топтық жұмыс кезінде бір-біріне құрмет көрсету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу