Ұлттық сазды аспаптар. «Ақсақ құлан» күйі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Мәдени мұра»

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық сазды аспаптар. «Ақсақ құлан» күйі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Сөздік қорды толықтыру

4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы,

мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

Көпшілігі: тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтады

Кейбірі: мәтіннің негізгі ойын анықтайды, пікір айтады

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мағыналас сөздерді, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы

Сөздерді анықтаймын және қолданамын.

Тілдік мақсаттар

Хан,ақсақ құлан, қорғасын, домбыраның шанағы

Құндылықтарды дарыту

Мейірімділікке тәрбиеленді, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінеді.

Мектеп миссиясы, жаһан азаматы

Қазақтың ұлттық музыкасының ерекшеліктерін біледі, ұлттық мәдениетті құрметтеуге, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауға үйренеді.

Пәнаралық байланыс

ана тілі, музыка сабағы

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Ұлттық сазды аспаптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Балмұздақ таяқшалары арқылы алдыңғы сабақ материалын тексеру.

Ұлттық сазды аспаптар. Басқа ұлттардың музыкалық аспабы туралы әңгімелеу.

Қызығушылығын ояту.

«Ақсақ құлан» күйін тыңдату арқылы сабақтың тақырыбын анықтау

  • Күйдің әуені көңілді әлде көңілсіз бе?
  • Күйдің атауы қандай болуы мүмкін?
  • Неліктен «Ақсақ құлан» деп аталған ойлайсыңдар?

Бұл күйдің нақты авторы жоқ, сондықтан халық күйі деп аталады.

Сабақтың мақсаты:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Мағыналас сөздерді, мағыналары қарама қарсы сөздерді қолданамын.

https://www.youtube.com/watch?v=CjfqVJ1JMTg

Халық күйі - Ақсақ құлан

Сабақтың ортасы

(Ұ) «Ақсақ құлан» күйінің жазылу тарихын оқу.

Сөздікпен жұмыс

Хан –халықты басқаратын адам

Құлан- жабайы жануар, жылқыға ұқсайды, «Қызыл кітапқа» енген, «Алтын Емел» қорығында тіршілік етеді.

Нөкерлер- байдың, ханның көмекшілері

Естірту- жаман хабарды айту, адам өлімін естіртеді

Күйші -домбырада күй орындайтын адам

Көмей –тамақ

Қорғасын – металл түрі

Шанақ - домбыраның бөлігі

«Бірлесіп оқу» әдісі

Ертеде Жошы деген қатал хан өмір сүріпті. Оның жалғыз ұлы болыпты. Бір күні әкесі жаман түс көріп, баласын аңға жібергісі келмейді. Бірақ баласы әкесін тыңдамай, нөкерлерімен жолға шығады. Олар далада бір топ құланды көреді. Бала құланды қуып жүріп атады. Оқ құланның аяғына тиеді. Ал құлан ханның баласын теуіп өлтіреді. Хан нөкерлері баласының өлімін әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жамандықты сезіп, «Кім баламның өлімін естіртсе, сол адамның көмейіне қорғасын құйдыртамын» — дейді. Сол кезде танымал күйші хан алдында күй тартады. Хан бәрін түсінеді. Сонда хан: «Балам өлген екен ғой, мына адамның көмейіне қорғасын құйыңдар»- деп береді.

Дат тақсыр! – дейді күйші. – Жаман хабарды жеткізген домбырам ғой. Сөйтіп домбыраның шанағына қорғасын құйдырады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:

  • Жошы хан қандай адам болған?
  • Оның неше баласы болыпты?
  • Ханның баласы нөкерлерімен қайда шығады?
  • Хан неліктен аңға жібергісі келмейді?
  • Не себепті құлан баланы теуіп өлтіреді?
  • Неліктен нөкерлер ханға баласының өлімін естіртуге қорықты?
  • Жаман хабарды кім естіртті? Қалай жеткізді?
  • Хан баласының өліміне кім кінәлі?
  • Қоршаған ортаға зиян келтіруге бола ма?

Бұл аңыздың идеясы неде?

Идеясы - домбыраның қасиетін көрсету.

Домбырадан басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

Жазылым. Дәптермен жұмыс

(Ж) Сөздердің қарама қарсы мағыналарын, мағыналас сөздерін анықтау

Сөздер

Мағыналас

Қарама қарсы мағына

Қатыгез

мейірімсіз

мейірімді

әділетті

шыншыл

әділетсіз

(Ж) Айтылым. Кейіпкерлерге мінездеме беру.

Кейіпкер

Мінездеме

Әрекеті

Жошы

қатал, әділетті

«Жаман хабар айтқан адамның тамағына қорғасын құямын» деді.

Домбыраның шанағына қорғасын құяды.

Ханның баласы

қатыгез, ақылсыз

Құланды атады.

Пікір айту арқылы жұптар бір бірін бағалайды.

, Қ) «Ақсақ құлан» ертегісінің желісін қойылым ретінде көрсету (автор, хан, ханның баласы, күйші)

Дескриптор:

  • Оқыған аңыз бойынша қойылым дайындады;
  • Кейіпкерлер рөлдерін жақсы ойнады;
  • Сөздерді дұрыс айтады.

Мәтіннің мазмұнын бір-біріне тірек сөздер арқылы әңгімелейді.

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Үйде:

«Ақсақ киік» күйі

  • Хан –халықты басқаратын адам
  • Құлан- жабайы жануар, жылқыға ұқсайды, «Қызыл кітапқа» енген, «Алтын Емел» қорығында тіршілік етеді.
  • Нөкерлер- байдың, ханның көмекшілері
  • Естірту- жаман хабарды айту, адам өлімін естіртеді
  • Күйші -домбырада күй орындайтын адам
  • Көмей –тамақ
  • Қорғасын – металлдың түрі
  • Шанақ - домбыраның бөлігі

Ертеде Жошы деген қатал хан өмір сүріпті. Оның жалғыз ұлы болыпты. Бір күні әкесі жаман түс көріп, баласын аңға жібергісі келмейді. Бірақ баласы әкесін тыңдамай, нөкерлерімен жолға шығады. Олар далада бір топ құланды көреді. Бала құланды қуып жүріп атады. Оқ құланның аяғына тиеді. Ал құлан ханның баласын теуіп өлтіреді. Хан нөкерлері баласының өлімін әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жамандықты сезіп, «Кімде- кім баламның өлімін естіртсе, сол адамның көмейіне қорғасын құйдыртамын» — дейді. Сол кезде танымал күйші хан алдында күй тартады. Хан бәрін түсінеді. Сонда хан: «Балам өлген екен ғой, мына адамның көмейіне қорғасын құйыңдар»- деп бұйрық береді.

Дат тақсыр! – дейді күйші. – Жаман хабарды жеткізген домбырам ғой.

Ақырында домбыраның шанағына қорғасын құйдырады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:

  • Жошы хан қандай адам болған?
  • Оның неше баласы болыпты?
  • Ханның баласы нөкерлерімен қайда шығады?
  • Хан неліктен аңға жібергісі келмейді?
  • Не себепті құлан баланы теуіп өлтіреді?
  • Неліктен нөкерлер ханға баласының өлімін естіртуге қорықты?
  • Жаман хабарды кім естіртті? Қалай жеткізді?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу