Қазақ халқының музыкалық мұрасы. Ұлттық сазды аспаптар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

3-бөлім: Мәдени мұра

Тақырыбы: Қазақ халқының музыкалық мұрасы.

Ұлттық сазды аспаптар.

Мұғалім:

Кушерова Л.К.

2017жыл

Сабақтың мақсаты:

Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде шағын монолог құрайды.

Мәтінді іштей, түсініп оқиды.

Ойланайық!

-Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?

- Домбыра аспабының құрылысын кім айтып бере алады?

- Күй дегеніміз не?

- Күйші дегеніміз кім?

- Күйшілерді айтып беріңдерші?

Жетіген туралы аңыз.

Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді. 

Үйге тапсырма:

Бір музыкалық аспап туралы әңгімелеу.

Сурет салу

Рефлексия

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу