Қазақстан – менің елім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – менің елім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде қысқа монолог құру

1.3 Тыңдаған аудио-, бейнематериалдың мазмұнын түсіну

4.1.3.1* - тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: берілген тірек сөздер негізінде мұғалімнің көмегімен қысқа монолог құрайды. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді.

Көпшілігі: берілген тірек сөздер негізінде қысқа монолог құрайды. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Кейбірі: берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде өз бетінше қысқа монолог құрайды. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша өз бетінше сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері

Берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде қысқа монолог құрайды.

Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Менің отаным, кең байтақ жер, көп ұлтты мемлекет, тату тәтті, өмір сүру

Құндылықтарды дарыту

Өз Отанын қорғауға, сүйюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

ана тілі, дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI

Қазақстан туралы қызықты деректер

https://www.youtube.com/watch?v=1QkEJosFa-k

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ / MY KAZAKHSTAN / МОЙ КАЗАХСТАН /

https://www.youtube.com/watch?v=yFtOS_ukf5s

Менің елім Қазақстан

Бастапқы білім

«Туған өлкем» тақырыбы бойынша оқығандарын, өткен жылдарда сынып сағаттарында білген, үйренгендерін естеріне түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту.

https://www.youtube.com/watch?v=yFtOS_ukf5s

«Менің елім Қазақстан» атты бейнебаянды көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным

Сабақтың мақсаты:

  • Берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде қысқа монолог құрайды.
  • Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы

(С) Айтылым+ тыңдалым алды тапсырма:

Оқушылардан Отан, туған жер деген ұғымдар туралы не білетіндігін сұрау. 2-сыныптағы «Туған өлкем» тақырыбы бойынша оқығандарын, өткен жылдарда үйренгендерін естеріне түсіру.

Сөздермен жұмыс жүргізу: салт-дәстүр, жариялау, аумақ, ұлт өкілдері, шекара.

Сөздердің мағынасын түсіндіру. Оқушы стикерді таңдап алады, онда жазылған сөзді оқып, түсіндіруге тырысады, қалған оқушылар көмектеседі. Оқушылар дәптерге, ал мұғалім тақтаға жазады.

Айтылым + тыңдалым тапсырмасы:

Оқушылар екі рет бейнежазбаны тыңдайды.

Бірінші рет тыңдағанда түсінбеген жерлері бойынша сұрақтар қояды.

https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI

Қазақстан туралы қызықты деректер

(ЖЖ) Оқушылар жұпта отырып жоспар құрайды. Әр жұп өзінің жоспарын ұсынады.

Оқушылар бірін-бірі бағалай отырып, ең үздік жоспарды тақтаға жазады.

(Ж) Оқушыларға сұрақтарды таратып беру.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Кеңес заманында мешіт саны қанша болды? (63)
  • Ақмола Астана қаласы болып қашан жарияланды? (1998)
  • Қазақстан аумағы бойынша әлемде нешінші орында? (9)
  • Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130дан астам)
  • Уран өндіруден нешінші орында? (3)
  • Қазақстан қай мемлекетпен шекарасады? (Ресей)
  • Қазақстанда не өседі? (алма, қызғалдақтар)
  • Қай жерден ғарышқа атанды? ( Байқоңыр)
  • Халық саны бойынша Қазақстан нешінші орында? (62)
  • Әлемдегі ең ірі көлдердің бірі қайсы? (Алакөл)
  • Қай жануар ең алғаш рет қолға үйретілген? (жылқы)
  • Биік тауда қандай мұз айдыны орналасқан?

( Медеу)

(Ж) Айтылымнан + тыңдалым кейінгі тапсырма:

Бейтаныс аудитория алдында сөйлеуі мүмкін екендігін ескертіп, өз елін таныстырудан бұрын ең алдымен өзін таныстыруы керек екендігін айту қажет.

Мысалы, «Сәлем, менің есімім Қайрат. Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан – үлкен мемлекет. Оның жері өте үлкен. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы», т.б.

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Үйде: Ссылка бойынша бейнежазбаны тағы да көріп, монолог құрастырып айту.

https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI

Қазақстан туралы қызықты деректер

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады.

Жұптық, жеке бағалау.

Жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу