Құдықтың суы тұщы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

5-сабақ «Құдықтың суы тұщы»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. Оқушылар бірі-бірімен, мұғаліммен қол беру, иықпен, баспен, көз қиығымен, аяқтарын түйістіру т.б. іс-әрекеттер қосу арқылы амандасады. Оқушылардың белсенді қатысуымен сабаққа деген көңіл-күйлерін көтеру.
  • «Ойланайық, бірге!» жаттығуы әріптерді ретімен жазып шығып, шыққан сөздерді оқу арқылы мақалдың мағынасын түсіндіре отырып, оқушылардың сөз саптау шеберлігін ұштауға, сөздік қорын толықтыруға болады.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушылары сөздерді суретпен сәйкестендіріп, жаңа сөздерден сөз тіркесін дұрыс құрастыра алуын бақылауды ұмытпаңыз.тапсырманы орындау барысында өзін белсенді етіп таныта алған оқушыны мадақтап отырыңыз.
  • Сабақ барысында жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын үнемі назардан тыс қалдырмаңыз.

Оқылым мен айтылым

  • Сынып оқушыларына оқылымалды тапсырмасын орындату арқылы сөйлем құрастыруға бағыттай аласыз. Сөйлем құрылымына назар аударып, сауатты жазуын, ерекше дыбыстардың дұрыс таңбалуын бақылап отырыңыз.
  • Оқылым тапсырмасының сұрақтарына толық әрі дұрыс жауап беруіне назар аударсаңыз. Оқушы жауабын өзге оқушылар мұқият тыңдау арқылы бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыра аласыз. Оқушы іс-әркетін бақылау үшін «Не қиын болды? Неліктен?» деген сауалдарға жауап алып, кері байланыс ұсына аласыз.
  • Оқылымнан кейінгі тапсырмада оқушылардың шапшаң жауап беруін ескере отырып, сөздердің қарама-қарсы мағынасын дұрыс таба білген оқушыларды белгілеп отырыңыз. Тапсырма орындалғаннан кейін «Мадақ сөздер» арқылы кері байланыс беруді естен шығармаңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылардың жауабын үлгі ретінде ұсынып отырыңыз.
  • Айтылым тапсырмасында сурет желісі бойынша сынып оқушыларының диалогінде тірек сөздерді орынды қолдана алуы мен сөйлем құрылымына назар аударыңыз. Белсенділігін арттыру мақсатында мадақтама сөздерді айта отырыңыз.
  • Тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
  • Оқушылардың тапсырма негізінде шығармашылық қабілетін ұштай алуына, сөздік қорының толығуына мүмкіндік беріңіз. Сабақ барысында лексикалық минимумге берілген сөзді бірнеше рет қайталау арқылы, есте сақтау қабілетін ұштай аласыз.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу