Құдықтың суы тұщы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 5-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Құдықтың суы тұщы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.4. Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1. мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (Қандай? Қай? Қашан? Қайда?) құрастыру және оған жауап беру 2.4. Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 3.2.4.1. Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, оқиға желісін айтады. Оқушылардың кейбірі: Мәтіннің мазмұнын өз бетінше кейіпкер іс-әрекетін нақтылауға қатысты сұрақ құрастырады, құрмалас сөйлемдерді құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтап, оқиға желісін мазмұндайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Терең, дәм, иіс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жай және құрмалас сөйлем | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Суды қоршаған ортаға қажеттілігін ұғындыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7-бөлім: Су –тіршілік көзі. Ағаш сумен өседі. №4 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Оқушылар бірі-бірімен, мұғаліммен қол беру, иықпен, баспен, көз қиығымен, аяқтарын түйістіру т.б. іс-әрекеттер қосу арқылы амандасады. Оқушылардың белсенді қатысуымен қимыл-қозғалысына келтіріп, сабаққа деген көңіл-күйлерін көтеру. Ой шақыру «Ойланайық, бірге!» жаттығуы Әріптерді ретімен жазып шығыңыздар. Шыққан сөздерді оқыңыздар. Мақалдың мағынасын түсіндіріңіздер. Мақал: Сыйласқанның суын іш
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
Таратпа материалдар
слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 мин | Мағынаны тану (МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Сөздерді суретпен сәйкестендіріп, сөз тіркесін құр.
Үлгі: Терең ой, тағамның дәмі, әтірдің иісі Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі. (Ұ) Оқылымалды тапсырмасы: Суретпен байланыстыра отырып, сөйлем құрастыр.
Бізде бар.
Бақшаны -тың суымен суарамыз.
-тың суы салқын. -дың иісі жоқ. (Ө) Оқылым мәтіні Мәтінді түсініп оқы. Жаңа сөздерді анықта. Біздің бақшада алма, алмұрт ағашы өседі. Әкем жерді қопсытады, Біз арамшөп жұламыз. Бақшаның иісі керемет. Бақшада құдық бар. Құдық терең, суы тұщы. Судың дәмі жоқ. Бақшаны құдық суымен суарамыз. (Ұ) Ой қозғау.
Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен? (ЖЖ) Оқылымнаннан кейінгі тапсырма: «Кім жылдам» ойыны.Тапсырманы орындауға 1 минут беру. Кестеден мағыналары қарама- қарсы сөздерді жылдам тапқан жұп жеңімпаз болады.
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлем құрап айтады. Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі. (Ұ) Айтылым Сынып оқушыларына төл дыбыстарын тарату арқылы топтастырылады. Әр топ өзіне түскен әріпке мысал келтіре отыра, дұрыс дыбыстап айтып шығуы керек. Ә,Ң,Ғ,Қ,Ұ,Ү,Ө,Һ,І Тапсырма. Сурет желісі бойынша топ мүшелері диалог құрайды.
Дескриптор - сурет жүйесін сақтай отырып, дилогқа түседі; - тірек сөздерді орынды қолданады; - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап айтады. Кері байланыс: Есте сақта! Жерді қопсытамыз. Арамшөп жұламыз. Құдықтың суы тұщы. Судың иісі жоқ. Құдық терең. | Слайд Таратпа материалдар Слайд Таратпа материал | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия
Үй жұмысы 76 беттегі 3-тапсырманы орындап келу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, жаз. Қажетті сөздер: алма ағашы, қопсытады, тұщы, терең, арамшөп, дәмі, құдық. 1.Бақшада ... өседі. 2.Әкем жерді .... . 3. Біз ... жұламыз. 4. Бақшада ... бар. 5. Құдық суы ... . 7. Судың .... жоқ. Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру