Еріншектің ертеңі бітпес № 7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Ертеңгілік шеңбер

Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып

Көкке қолды созамыз.

Әлемдегі барлық адамдарға тек жақсылық тілейміз.

Оқылым

Анасы:

- Қадиша, гүлге су құйшы, - деді

Қадиша:

- Ертең құямын, - деді

- Қадиша, қуыршақтарыңды жинашы, - деді анасы.

Қадиша:

- Ертең жинаймын, - деді.

Қадиша анасына:

- Апа, тамақ ішемін. Қарным ашты! – деді.

Анасы:

- Тамақты ертең істеймін, - деді.

- Апа, теледидар қосшы, кино көремін, - деді Қадиша.

- Теледидарды ертең қосамын. Киноны ертең көресің, - деді анасы.

- Апа, «ертең-ертең» дейсіз. Бүгін тамақ ішпеймін бе? Кино көрмеймін бе? – деп, Қадиша жылады.

- Неге жылайсың? Сен гүлге суды ертең құясың. Қуыршақтарыңды ертең жинайсың. Мен де сенен үйрендім. Ендеше, жұмысты ертеңге қалдырма, - деді анасы.

Қадиша ойланды.

М.Төрежанов

Мәтін бойынша талқылауға арналған сұрақтар

1. Анасы Қадишаға не деді?

2. Қадиша қалай жауап берді?

3. Қадиша қандай қателік жіберді?

4. Сен Қадишаның орнында болсаң, не істер едің?

5. Қадиша – қандай қыз?

6. Мәтіннің негізгі ойы неде?

Сергіту сәті

Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (Адымдайды) 

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Грамматикалық тапсырма

Мен гүлге суды ертең құя... Мен үйді ертең жинай...

Сен бүгін құя... Сен киноны ертең көре...

Сіз таңертең құя... Сіз қуыршақты ертең жинай...

Ол ертең құя... Ол бүгін кино көре...

Біз бүгін құя... Біз тамақты ертең істей...

Сендер ертең құя... Сендер үйді бүгін жинай...

Сіздер таңертең құя... Сіздер тамақты ертең істей...

Олар ертең құя... Олар бүгін үй жинай...

Тиісті қосымшалар тақтада жазылады:

-мын

-сың

-сің

-ді

-мыз

-сыңдар

-сыздар

-сіздер

-ды

-міз

Қолдануға болатын суреттер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу