Құмырсқа-еңбекқор жәндік №8 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

8-сабақ

Құмырсқа-еңбекқор жәндік

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқыған мәтінді түсініп, оқиғаның композициялық құрылымын бірлесе құруға дағдыланады. Кейіпкерлердің сөздерін, ойларын, суреттерін қолдана отырып, постер құрастырады. Постердегі ақпаратты, суретті қолдана отырып, оқиға мазмұнын әңгімелейді. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Сондай-ақ сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын үйрету көзделеді.

Оқушылардың барлығы: мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы постер құрастырады

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиғалардың ретін анықтайды, тірек сөздер арқылы постер құрастырады.

Оқушылардың кейбірі: жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға береді.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Үй берілген тапсырма бойынша, көгершін туралы сипаттау мәтінін сұраңыз. Барлық оқушыдан сұрау міндет емес, бірнеше оқушыдан сұрасаңыз болады. «Балмұздақ таяқшалары» әдісін қолдануыңызға болады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына тоқталыңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

Оқылымалды тапсырмада құмырсқа туралы мультфильм арқылы оқитын мәтіннің мазмұнын болжатыңыз. (2.30 минут) www.youtube.com/watch?v=-uMNrf6o35I

«Стоп-кадр» әдісін қолданыңыз. Бұл әдіс бойынша дыбыссыз мультфильм фрагменттерін арасында тоқтатып отырыңыз. Кейіпкерге қатысты сұрақ қоюыңызға болады.(Не айтты? Ары не істейді деп ойлайсың?) . Оқушылардың жауаптарына бірден комментарий айту арқылы немесе «бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс беріп отырыңыз.

Мәтінді «Бірлесіп оқу» әдісі бойынша оқыңыздар. Мәтінді оқуда өзіңіз жетекші рөл атқарасыз. Мәтінді оқу барысында кейбір сөздерге түсінік бере отырып оқыңыз. Қажетінше сұрақ қоя отырып, оқушылардың назарларын мәтін мазмұнын түсінуге аударыңыз. Бұдан кейін бірлесе отырып, тақтада немесе флипчартқа оқиғаның композициялық құрылымын жасаңыздар. Оқушыларды белсенді жұмыс жасауға ынталандырыңыз.

Сабақ мақсатына сәйкес оқиғаның мазмұны бойынша постер құруға дайындаңыз. Тапсырманы топта орындайды.

Оқиғадағы кейіпкерлердің суреттерін салуды, олардың сөздерін және ойларын жазуды тапсырыңыз. Ой бұлтына кейіпкердің ойын жазады. Сөйлеу бұлттарына сөздерін жазады.

Дескриптор:

  • Оқиға мазмұны бойынша постер құрастырады (сурет салады).
  • Сөйлеу бұлттарын қолданады.
  • Ой бұлттарын қолданады.
  • Постер бойынша әңгімелейді.

Жұмыстарын орындап болған соң, топтар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиын болды ма?

Не қиын болды?

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Мәтін мазмұны бойынша 3-4 сұрақ құрастырады. Құмырсқа туралы мәтінді мазмұндайды.

Бірнеше мысал келтірулерін сұраңыз. Үй тапсырмасын толық түсінгендері маңызды.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Рефлексия жасауға «Сөйлемді толықтыр» әдісін қодануыңызға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу