Жәндік жанды табиғатқа жатады ма? №6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Жәндік жанды табиғатқа жатады ма? №6

Сабақтың мақсаты:

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабаққа қажетті құралдар: сөйлеу қабырғалары (суретті сөздік, ірі әріптермен жазылған тірек сөздер), кеспе қағаздар, аудиомәтін,ақ парақтар.

Үй тапсырмасын сұрау. Алдыңғы сабақта жаттауға берілген тақпақты қаншалықты жаттағандарын тексеру үшін, арасынан бірнеше сөздерін тастап, тақпақты қағазға шығарып беріңіз. Орындап болған соң, қағазды жинап алып тексеріңіз. Бұдан кейін «Балмұздақ таяқшалары» әдісімен бірнеше баладан тақпақты жатқа сұраңыз. «Шапалақ» әдісімен оқушылар бағаласын. Бір шапалақ- «нашар», екі шапалақ- «жақсы», үш шапалақ- «өте жақсы». Жекелеген оқушылар бағалайды. Қалған оқушылар келісетіндерін, келіспейтіндіктерін айтып, себебін түсіндіреді.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Бұл сабақта жаңа сөздерді тек суретті сөздік арқылы меңгертесіз. Суретті сөздікті тақтаға немесе қабырғаға іліп қойыңыз. Оқушылардың көз алдыларында болса, сөздердің дұрыс жазылуы естерінде сақталып қалады. Сондай-ақ бұл сөздер келесі сабақтарда да көрнекі жерде болуы керек. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз.

Оқылым. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдсын дамытады. Мәтінді оқымас бұрын, сұраулы сөйлемнің интонациясын еске түсіріңіз. Жұптар өз орындарында отырып, мәтінді рөлге бөліп оқиды. 2-3 жұп тақтаға шығып диалогты оқиды, қалғандары пікірін айту арқылы бағалайды. Комментарий үлгісі: диалогты мәнерлеп оқиды, сөйлемге екпінді дұрыс қояды, сөздерді дұрыс оқиды, интонацияны дұрыс қояды. Комментарий үлгілерін алғашқы уақыттарда тақтаға жазып қойыңыз. Оқушылар бірнеше сабақтардан кейін айтып дағдыланады.

Айтылым. Бұл тапсырма ынтымақтаса жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Топпен жұмыс барысында, сыныптағы үстелдерді жылжытудың қажеті жоқ. Топтар бір партаның қасына жиналып, тапсырманы жылдам орындауға кіріседі. Бірінші топ араға қатысты қимылды анықтайды, екінші топ құмырсқаға қатысты әрекетті анықтайды. Кестедегі сөздерді қолданып, сұраққа жауап береді. Артынан сергіту сәті ретінде өздері қимылмен көрсетулеріне де болады. Жазылым. Тапсырманы әр оқушы өз бетінше орындайды. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазады. Күмәнді тұсына ешнәрсе жазбай кетулеріне болады. Бұдан кейін топқа бірігіп отырады да, дұрыс-бұрыстығын анықтайды.

Айтылым. Тапсырманы жұпта орындайды. Ара мен құмырсқаның рөлдерін ойнайды. Қағаздан жасалған маскалар дайындауыңызға болады. Бір-бірінен нені ұнататындарын сұрайды, бір-біріне жылы сөз айтады, дос болуға шақырады. Оқушыларға көмек ретінде тірек сөздерді беріңіз. Алдын-ала ағалау дескрипторымен таныстырыңыз. Тапсырманы нақты түсінгеннен дайындалуға 5 минут уақыт беріңіз. Бұдан кейін жұптар тақтаға шығып, ойындарын көрсетеді. Сыныптастары дескриптор бойынша бағалайды.

Рефлексия, үй тапсырмасы.

Үйге берілетін тапсырма сабақта өтілген тақырыпты бекіту болып табылатындықтан, оқушы тапсырманы өздігінен орындай алуы керек. Үй тапсырмасы күрделі болмауы керек. Сыныптағы оқушылардың деңгейлерін ескеріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу