Құмырсқа-еңбекқор жәндік №8 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құмырсқа-еңбекқор жәндік №8 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
  • Тірек сөздер мен суреттерді қолданып, постер құру

Оқушылардың барлығы: мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы постер құрастырады

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиғалардың ретін анықтайды, тірек сөздер арқылы постер құрастырады.

Оқушылардың кейбірі: жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға береді.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша постер құрастырады.

Лексикалық минимум

Жәндік, ара, құмырсқа

Грамматикалық минимум

Мәтін құрылымы

Оқиғаның композициялық құрылымы

Құндылықтарды дарыту

Достың қадірін білуге тәрбиелеу. Адамдарға қол ұшын беруге дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

www.youtube.com/watch?v=-uMNrf6o35I

Бастапқы білім

Көгершін туралы аңыз.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Көгершін туралы сипаттау мәтінін құрастыру. Бірнеше оқушыдан сұрау, жауаптарын «Қол шапалақ» әдісі бойынша бағалайды, пікір айту арқылы бағалайды.

1 шапалақ – орташа

2 шапалақ –жақсы

3 шапалақ - өте жақсы

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
  • Тірек сөздер мен суреттерді қолданып, постер құрастырамын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

«ара, құмырсқа, жәндік» сөздерін суреттермен сәйкестендіру арқылы меңгереді

Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру

Оқылымалды тапсырма

Құмырсқа қандай жәндік?

Ара туралы не білесіңдер?

Құмырсқа туралы мультфильм арқылы оқитын мәтіннің мазмұнын болжайды. (2.30 минут)

www.youtube.com/watch?v=-uMNrf6o35I

Стоп-кадр әдісін қолдану. Мультфильмді дыбыссыз көрсету. Арасында тоқтатып, оқушыларға сұрақ қою.

  • Құмырсқа не істеп жатыр?
  • Ол не тауып алды?
  • Дән оған не айтуы мүмкін?
  • Құмырсқа қандай жәндік?
  • Құмырсқа дұрыс істеді ме?

(Ө) Оқылым. «Бірлесіп оқу» әдісі

Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.

Бір күні құмырсқа жем іздеп шығады. Ол жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі дәнді көтере алмады. Сонан соң қанатты достарынан көмек сұрайды.

Бір уақытта араға жолығады.

– Досым, бір дән тауып алдым, жалғыз өзім көтере алмадым. Маған көмектесші, – деп өтінеді.

– Көрмей тұрсың ба, мен жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара ұшып кетеді. Сосын қоңыздан көмек сұрайды.

– Менің уақытым жоқ, – деп, қоңыз да ұшып кетеді.

Құмырсқа көңілсіз келе жатады. Жолда өзінің ескі достары- құмырсқаларды көреді. Олар мұның түрін көріп:

– Не істеп жүрсің? – деп сұрайды.

Жалғыз құмырсқа бәрін айтып береді.

– Жалғыздық деген сол, – деп, ескі достары жұбатады және құмырсқаға көмектеседі. Сөйтіп құмырсқа илеуіне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен құмырсқа.

(МК, Ұ) Әңгіме тауын бірлесе құру

Оқиғаның басталуы: Құмырсқа қоңызбен, арамен дос болды.

Оқиғаның дамуы: Құмырсқа дән тауып алды.

Оқиғаның шиеленісуі: Құмырсқа дәнді көтере алмады.

Оқиғаның шарықтау шегі: Жаңа достары көмектеспеді.

Оқиғаның шешімі: Ескі достары көмектесті.

Сергіту сәті

(Т) Оқиғаның мазмұны бойынша постер құру.

Оқиғадағы кейіпкерлердің суреттерін салу, олардың сөздерін және ойларын жазу.

Ой бұлтына кейіпкердің ойын жазады.

Сөйлеу бұлттарына сөздерін жазады.

Дескриптор:

  • Оқиға мазмұны бойынша постер құрастырады (сурет салады).
  • Сөйлеу бұлттарын қолданады.
  • Ой бұлттарын қолданады.
  • Постер бойынша әңгімелейді.

Жұмыстарын орындап болған соң, топтар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиын болды ма?

Не қиын болды?

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Мәтін мазмұны бойынша 3-4 сұрақ құрастыру

Құмырсқа туралы мәтінді мазмұндау

Рефлексия

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу