Табиғат және қоршаған орта Мезгілді сипаттап жазу. (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Күні: 4.04.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғат және қоршаған орта

Мезгілді сипаттап жазу. (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж2 Сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарапайым жай сөйлемдерді жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады.

Кейбір оқушылар:

Сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді байланыстырып жазады.

Жетістік критерийлері

Сипаттауыш сөздерді/сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдер жаза алады.

 Сөздік қор

Жыл мезгілдері, қыс, жаз, көктем, күз, жаңбыр жауады, қар жауады, жел соғады, жапырақтар түседі, жапырақтар сарғаяды, жемістер піседі, табиғат оянады, күн жылынады, қар ериді, бәйшешек гүлдейді, күн ыстық, найзағай жарқырайды, боран соғады.

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Төрт жыл мезгілді бір-бірінен ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

) «Диктор уақыты»

Бір оқушы күнмен, ауа райымен таныстырады.

Презентация

Сабақ ортасы

10 мин

3 мин

8 мин

2 мин

7 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) Суретпен жұмыс.

Оқушылар "Пазл" әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді. Жыл мезгілдерінің суреттерін жинақтап, сол бойынша топта ой бөліседі, жыл мезгіліне тән белгілерді жазады. Жасаған жұмыстарын сынып алдында қорғайды.

(Ұ) Кері байланыс. "Полюстер". Берілген тұжырымдарға сай "иә/жоқ" сөздерінің бірін таңдап, тиісті жаққа (оңға/солға) тұрады, дәлелдеп айтады.

  • Мен жыл мезгілі туралы 2-3 сөйлем айта аламын.

) «Дұрыс/бұрыс»

Оқушылар жыл мезгілдеріне қатысты 2 дұрыс, 2 бұрыс сөйлем жазады. Жазғандарын бір-біріне оқиды, басқалары сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды, дәлелдейді.

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.

(Ө,Қ) «Мен білемін!» Берілген сөздер мен сөз орамдарының ішінен берілген жыл мезгіліне қатыстыларын белгілеп, байланыстырып сөйлемдер жазады.

жаңбыр жауады, қар жауады, жел соғады, жапырақтар түседі, жапырақтар сарғаяды, жемістер піседі, табиғат оянады, күн жылынады, қар ериді, бәйшешек гүлдейді, күн ыстық, күн суық, найзағай жарқырайды, боран соғады.

https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) "Кубик" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім.

Сары түс – сұрақтарым бар.

Жасыл түс –түсінікті болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Тапсырма бойынша берілген сұрақтарды толықтай орындап, жауаптары толық сөйлемдермен береді.

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу