Векторлық бейнелерді құру. Информатика, 6 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В -бөлім Компьютерлік графика | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Векторлық бейнелерді құру | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.2 векторлық кескіндерді құру және өңдеу | |||||
Сабақ мақсаты | Векторлық графиканы салу және өндеу | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Растрлық графика, векторлық графика, пиксель, графикалық примитив, бұрмалау, графиканың сапасы, файл өлшемі, кеңейтілімі. Диалогтар мен әріптер үшін пайдалы тіркестер: … растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері болып табылады | |||||
Құндылықтар | Тәжірибелік жұмыс, бір-бірін бағалау барысында академиялық адалдықты сақтау. Топта жұмыс істеу арқылы, сыныптастардың жауаптарын тыңдау арқылы бір-бірін сыйластыққа үйрету. Этика нормаларын сақтай отырып, объективті бағалауға қабілетті. | |||||
Пәнаралық байланыс | Мазмұн арқылы жүзеге асырылады (бейнелеу өнері). | |||||
Алдын ала білім | Компьютерлік графика түрлері, графикалық редакторлар | |||||
Сабақ жоспары | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||
Сабақ басы 0-5 мин 6-10 мин |
Оқушылар суреттерді зерттей отыра, өз болжамдарын айтады. Берілген суреттерден вектор бейнесін таңдайды. Жауабы: 2 сурет. Ребусты шеш. Окушылар ой жүгіртіп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдайды. Жауабы: Векторлық бейнелерді құру. | Презентация. Слайд 1 Презентация. Слайд 2 | ||||
Мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін талқылайды (тақтаға жазу). | Презентация. Слайд 3 | |||||
Сабақ ортасы 10-22 мин 23-37 мин |
Бейнежазбасын көру Әрбір вектор графиканың инструменттері туралы ресурстарды зерттеу (векторлық). Талқылау. 4. Векторлық графиканы қағазда салу. Өзара бағалау Оқушыларға жұпқа – 2 дана қағаз тарату – әр-түрлі өлшеммен (кіші және үлкен төртбұрышпен) Оқушылар бір суретті (логотип) екі әр түрлі көлемде салу керек. Бір бірін жұпта бағалау | https://bilimland.kz/kk/content/structure/1949_6_synyp#lesson=16405 Презентация. Слайд 4 Қосымшасы 1.1 Презентация. Слайд 5 | ||||
Сабақ соңы 38-40 мин | Рефлексия «Қадамдар». Сабақтағы барлық тапсырмаларды орындау маған қиынға соқпады. Сабақ маған оңай болмады, бірақ мен қиындықтармен өзім жеңе аламын. Мен сабақта қиналдым, маған көмек қажет. | Презентация. Слайд 6 | ||||
Дифференциация | Бағалау | Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау | ||||
Студенттерге мақсатты көмек және қолдау, өзара көмек көрсету | өзін-өзі және бір-бірін, формативті бағалау | ЕТ, эргономика кабинеттерінде ТҚ ескерту Сабақ барысында оқытудың белсенді әдісін пайдалану. | ||||
Дифференциация тапсырма түрін таңдауда, нақты оқушыдан күтілген нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқыту материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдауда болуы мүмкін. . | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында үйренгендерін бағалау үшін пайдаланатын әдістерін жазу үшін пайдаланыңыз. | Денсаулық сақтайтын технология.. Шынықтыру минөттері мен белсенді әрекеттер түрлері. Сабақ басында қарастырылған оқытудың белсенді әдістері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы Ережесінің бөлімдері .
| ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру