Векторлық бейнелерді құру. Информатика, 6 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.


 «Векторлық бейнелерді құру» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 Сабақтың мақсаты: векторлық кескіндерді құру және өңдеу.

 Берілген сабақты практикалық жұмыс үшін қажетті бастапқы білім: графикалық редактормен негізгі жұмыс дағдылары, терминдерді білу: бейне, кескін, компьютерлік графика, растрлык кескін, векторлық кескін)

 Аталған сабақ жаңа тақырыпты зерттеу, ептілікті қалыптастыру сабағы болып табылады.

 

 Оқушының осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдер.

 Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

 Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер

 СorelDRAW, Adobe illustrator  секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

 Графикалық редактор – графикалық суреттерді салу мен өңдеуге арналған қолданбалы орта. Компьютерде векторлық бейнелерді құру үшін бірнеше программа қолданылады. Олардың ішінде кеңінен тараған программалар: 

 CorelDRAW – графикалық бейнелердің жұмысын автоматтандыруға және векторлық графикамен жұмыс жасауға негізделген векторлық графикалық редактор. 

 Құралдардың кейбір батырмаларының төменгі оң жақ бұрышынд үшбұрыш жабдықталған, ол дегеніміз бұл батырмамен бірнеше құралдар байланыстылығын көрсетеді.

 Меню жолынан кейін құралдық жол (Toolbars) орналасу мүмкін. Кез-келген құралдық жол тәуелсіз тақта түрінде экранның кез-келген жерінде еркін жағдайда да болуы мүмкін.

 Ол үшін жолақтың сол жақ бөлігіндегі аймақты екі сызықпен басып алып және сәйкес тақырыппен тақта түрін алған жолды орналастыру қажет. Қайтадан жолға айналдыру үшін тақырыпты басып алып және оны жоғары орналастыру керек.

 Сол және басқа жолдарды шығару Windows (Терезе) менюі Toolbars (Құралдық жолдар) командасы арқылы шақырылатын Options (Параметрлер) диалог терезесіндегі Customize (Баптау) бөлімінде қамтамасыз етіледі.

 Стандартты құралдар тақтасында (Standart) файлдарды ашуға, файлдарды ашуға, файлдарды сақтауға, алмасу буфері жүйелерінің операциялары және т.б сәйкес жиі орындалатын командалар-басқару элементтері орналасқан.

 Стандартты тақтадан төмен Атрибуттар тақтасы (Property Bar) немесе қасиеттер тақтасы орналасқан. Ол ерекшеленген объектінің және стандартты операциялардың басқару параметрлеріне сәйкес келетін, оларды таңдалған құралдың көмегімен орындауға болатын барлық басқару элементтерінің жиынтығын ұсынады.

 Corel Draw терезесінің төменгі бөлігінде қалып-күй жолы (Status Bar) бар. Онда жұмыс үрдісіндегі ерекшеленген объект жайлы мәліметтер шығады. Жұмыс кеңістігінде суреттеме орналасатын баспа бетінің бейнесі көрініп тұр.

 Көлденең орналасқан айналдыру жолағының сол жағында беттен бетке көшуге болатын, беттің атымен аталған батырмалар мен таңбашалар, яғни навигатор деп аталатын басқару элементі орналасқан.

 Айналдыру жолақтары, координаталық сызғыштар (координаталарды өлшеу үшін). Түйісілетін терезе (Dockers) ерекше роль атқарады. Докерлер бағдарламасының функциясына кіруді қамтамасыз етеді. Әр түрлі міндеттер үшін әр түрлі докерлер арналған, олар оннан астам. Оларды қажет кезінде ашады.

 Әдебиеттер мен ресурстар:

 https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/vektorlyq-grafikalardy-quru-zhane-ongdeu-bojynsha-bahdarlamalar

 https://www.tarbie.kz/13414 Corel Draw туралы мәлімет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу