Фотосуреттерді өңдеу. Информатика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән

Информатика

Сынып

4

Бөлім

Фотосуреттерді өңдеу

(өтпелі тақырыптар: «Құндылықтар», «Менің отаным – Қазақстан»)

Сабақ тақырыбы

Фотосуреттерді өңдеу 

Сабақ түрі

Жаңа білімді зерделеу сабағы

Сабақ мақсаты

4.2.4.2 фотосуреттерді өңдеуге арналған бағдарламаларды қолдану 

Бағалау критерийлері

  • графикалық редакторда сурет салады;
  • суреттің жарықтылығы мен кереғарарлығын өзгертеді;
  • жиектеме орнатады.

Тілдік мақсаттар

 

Сабаққа тән лексика және терминология:

Графикалық редактор, жарықтылық, кереғарарлық, жиектеме.

Диалогтар үшін пайдалы тіркестер:

… үшін, … жасау керек

Графикалық редактордың көмегімен ...

Жарықтықты (кереғарарлықты) өзгерту үшін ...

Құндылықтар

Тәжірибелік жұмыс, бір-бірін бағалау барысында академиялық адалдықты сақтау. Топта жұмыс істеу арқылы, сыныптастардың жауаптарын тыңдау арқылы бір-бірін сыйластыққа, этика нормаларын сақтай отырып, объективті бағалауға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Мазмұн арқылы жүзеге асырылады (дүниетану, бейнелеу өнері).

Алдын ала білім

Примитивті графикалық редактор.

Сабақ барысы

Сабақ барысы

Сабақ барысына жоспарланған әрекеттер

С, Т, Ж, Ө – сыныппен, топтық, жұптық және өздік жұмыс,

ӨӨ, Ө – өзін-өзі және бір-бірін бағалау, Ф – формативті бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

5 мин

3 мин

  • ) Стартер «Не және неліктен?».
  • Берілген суретттерге ортақ қандай атау беруге болады? (тулар).
  • Мемлекетке ту не үшін қажет? (мемлекет символы).
  • Слайдта қай елдердің туларын көріп тұрсыздар? (Ресей, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай).
  • Неліктен барлық тулардың ішінен мен дәл осы туларды таңдап алдым? (Қазақстанмен шекаралас).
  • Тулар туралы ғылым қалай аталады? (вексиллология).
  • Берілген туларда қай түс көптеп кездеседі? (көгілдір, көк, ақ, қызыл, сары, жасыл).
  • Алдыңғы сабақта біз Қазақстан туын талқылағанбыз. Есімізге түсірейікші, оның түсі нені білдіреді?
  • Жаңа айтылып өткен басқа түстер нені білдіреді?
  • ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін талқылау (тақтаға жазу).

Көрсетілім

(1 слайд)

Көрсетілім

(2 слайд)

Сабақ ортасы

15 мин

5 мин

9 мин

  • , Ө, Ф) «Отбасы туы» тәжірибелік жұмысы.

Графикалық редакторды пайдаланып отбасы туын сал.

  • Жаңа материалды зерттеуге дайындық.

) «Пазлдар» суретін жинаңыз.

  • Берілген суреттерде не бейнеленген?

«Жер-ана» ескерткіші туындысының авторы – танымал ресейлік мүсінші, зергер, суретші Даша Намдакова. Композицияның дәл ортасында биіктігі 7 метр Тұмар ханым бейнеленген. Екі жағында тісімен патшайымның қылышын ұстап тұрған екі барыс орналасқан. «Жер-ана» композициясын зергерлік туынды деп атауға болады. Көлемінің үлкендігіне қарамастан, монумент нәзіктікті де батылдықты да әдемі үйлестіріп тұр.

  • Суреттердің айырмашылығы? (кереғарарлық, жарықтылық, жиектеме).
  • , Ф) Жаңа материалды зерттеу (кішігірім зерттеу).

Графикалық редақтордық мәзір пәрмендерін талқылаңыз. Жарықтылық пен кереғарарлық пәрмендерін табыңыз. Алдыңғы тапсырмада жасалған суретті (отбасы туы) пайдалана отырып, суреттің жарықтылығы мен кереғарарлығын өзгерте отырып эксперимент жасаңыз. Өзіңізге ең жақсы болып көрінген нұсқаны таңдаңыз. Суретке жиектеме жасап, атауын жазыңыз. Жұмысыңызды сақтаңыз.

Көрсетілім

(3 слайд)

Ресурс 1 (пазлы)

Көрсетілім

(4 слайд)

Сабақ соңы

  • мин
  • Сабақты қорытындылау.
  • ) Сабақ басында белгіленген бағалау критерийлері негізінде сабақ мақсатына жету бағасы.
  • (ӨӨ) Сабақтағы көңіл-күйді бағалау.

Көрсетілім

(5 слайд)

Дифференциация

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Студенттерге мақсатты көмек және қолдау, озат оқушыларға консультант ретінде басқа оқушыларға көмек көрсеткізу

өзін-өзі және бір-бірін, формативті бағалау

Активтеудің өзгеруі (танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әртүрлі түрлері).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу