Фотосуреттерді өңдеу. Информатика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән

Информатика

Сынып

4

Бөлім

Видеоларды құру

Сабақ тақырыбы

Фотосуреттерді өңдеу

Сабақ түрі

Жаңа білімді зерделеу сабағы

Сабақ мақсаты

4.2.2.1 біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру.

Бағалау критерийлері

  • экранмен жабдықталған сандық құрылғылармен жұмыс жасауда уақытты шектеу маңыздылығын негіздейді;
  • біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру және қиыстыру.

Тілдік мақсаттар

 

Сабаққа тән лексика және терминология:

Экранмен жабдықталған, сандық құрылғылар, теріс әсер, графикалық редактор, коллаж.

Диалогтар үшін пайдалы тіркестер:

Экранмен жабдықталған сандық құрылғыларға … жатады

… жұмыс жасау барысында уақытты шектеу қажет, себебі…

Көзге арналған … жасау қажет

Фотосуреттерді өңдеу үшін … деп аталатын бағдарламалар қолданылады

… сол бағдарламаларға мысал бола алады

… үшін, … жасау керек

Құндылықтар

Тәжірибелік жұмыс, бір-бірін бағалау барысында академиялық адалдықты сақтау. Топта жұмыс істеу арқылы, сыныптастардың жауаптарын тыңдау арқылы бір-бірін сыйластыққа, этика нормаларын сақтай отырып, объективті бағалауға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Мазмұн арқылы жүзеге асырылады (дүниетану, бейнелеу өнері).

Алдын ала білім

Примитивті графикалық редактор.

Сабақ барысы

Сабақ барысы

Сабақ барысына жоспарланған әрекеттер

С, Т, Ж, Ө – сыныппен, топтық, жұптық және өздік жұмыс,

ӨӨ, Ө – өзін-өзі және бір-бірін бағалау, Ф – формативті бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

2 мин

3 мин

  • ) Стартер «Не ортақ?».
  • Берілген суреттердің барлығын не біріктіреді? (экранның болуы).
  • Бұл құрылғылар қандай функцияларды атқарады?
  • Олардың пайдасы бар ма?
  • Бұл құрылғылар адамдарға зиян келтіруі мүмкін бе?
  • ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін талқылау (тақтаға жазу).

Көрсетілім

(1 слайд)

Көрсетілім

(2 слайд)

Сабақ ортасы

10 мин

3 мин

2 мин

7 мин

10 мин

  • Экрандармен жабдықталған құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер туралы білімдерді жалпылау.

) Плакат дайындау. Топ болып берілген құрылғылардың (компьютер, интерактивті тақта, планшет, смартфон) біреуін қарастыру және үлгі бойынша плакат дайындау.

Құрылғының атауы

Құрылғының суреті

Пайдасы

Зияны

(C, Ө) Плакаттар галереясы – жұмыстың нәтижесін қарау. Бағалау (ең үздік жұмысты бағалау үшін әр оқушыға екі жұлдыз берілген).

(С, Ф) Топтық жұмысты қорытындылау және жалпылау.

Оқушыларға гаджеттерге тәуелді болу мүмкіндігіне, көзге арналған жаттығу жасауға, сандық құрылғылармен жұмыс жасауда уақытты шектеу маңыздылығына назар аударту қажет.

  • Жаңа білімді зерделеу. Екінші оқу мақсатын қайтадан айтып өту.

) Фрагменттерден біртұтас сурет құруға қажет графикалық редактордың құрылғыларын көрсету.

  • Paint.Net қосымшасын іске қосу.
  • Редактор терезесі (мәзір, құралдар).
  • Аумақты таңдау (төртбұрышты, сопақша, лассо).
  • Белгіленген аумақты жылжыту.
  • Тамшуыр.
  • Құйма.
  • , Ф) Білімді бекіту. «Ту» тәжірибелік жұмысы.

Берілген сурет фрагменттерінен Қазақстанның туын жинақта.

) Тудың фрагменттерінің суретін көрсету кезінде алдын-ала әңгімелесу.

  • Сіз суретте көріп тұрған объектілерді не біріктіреді?
  • Тудың әр бөлшектері нені бейнелейді?

 Анықтама.

 Аспандай көк түс ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

 Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген.

 Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады.

 Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Көрсетілім

(3 слайд)

Ресурс 1 (плакатқа арналған суреттер)

А3 парақтары

Көрсетілім

(4 слайд)

Ресурс 2

Көрсетілім

(5 слайд)

Paint.Net графикалық редакторы

Ресурс 3

Көрсетілім

(6 слайд)

Көрсетілім

(7 слайд)

Сабақ соңы

3 мин

  • Сабақты қорытындылау.
  • (С) Сабақ басында белгіленген бағалау критерийлері негізінде сабақ мақсатына жету бағасы.
  • (ӨӨ) Жетістік пирамидасы.

Көрсетілім

(8 слайд)

Дифференциация

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Студенттерге мақсатты көмек және қолдау, топқа бөлгендегі дифференциация

өзін-өзі және бір-бірін, формативті бағалау

Активтеудің өзгеруі (танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әртүрлі түрлері).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу