Синустар теоремасы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу | Мектеп: Шымкент қаласыхимия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткеркерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шокибаева А.Н. | |||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Синустар теоремасы | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.3.6 синустар теоремасын дәлелдейді және қолданады; | |||||||||
Сабақ мақсаттары | - Синустар теоремасын біледі; - Синустар теоремасын дәлелдей алады; - Синустар теоремасын қолданып есептер шығарады; - Калкуляторды кейбір бұрыштардың синустарының мәндерін табуда қолданады. | |||||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: Синустар теоремасын біледі. Қолдану: Есептер шығаруда синустар теоремасын қолданады Талдау және жинақтау: Синустар теоремасын дәлелдейді | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуді дағдыландыру. Жұптық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауда академиялық шынайылық қалыптастыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бейне фильм көрстеу кезінде тарих пәнімен байланыстыруға болады | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Инженерлік калькулятор онлайн қолдануды үйрету | |||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Басталуы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Сәлемдесу. Үй жұмысын тексеру | |||||||||
10 мин | Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа қатысы бар бейне фильм көрсету. Синустар теоремасымен таныстыру Оқушылармен бірге синустар теоремасын дәлелдеу. Оқушыларға берілген бұрыштың синусының мәнін есептеу және синустың белгілі мәні арқылы бұрышты калькулятор көмегімен табуды көрсету. сүйір бұрышы мен (180 доғал бұрышының синустары тең болатынына оқушылардың назарын аудару. | Бейне фильм Презентация Инженерлік калькулятор | ||||||||
15 мин | Жұптық жұмыс. Есептер шығару. Оқушылармен бірге әр есепке бағалау дескрипторын нақтылап, өзі –өзі бағалауға жағдай туындату | Қосымша 1 (Э.Н.Балаян Геометрия на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ 7-9 классы 162-бет) | ||||||||
5 мин | Жеке жұмыс. Есеп. Теректің төбесі 650 бұрышпен көрінді, терекке 100м жақындап қарағанда 710 бұрышпен көрінді. Теректің биіктігін анықтаңыз. | Слайд 5 | ||||||||
Сабақты қорытындылау 5 мин | Үй тапсырмасы: №245, 246 Кері байланыс: бүгінгі сабақтың мақсатына сәйкес оқушылар алған әсерлерімен бөліседі және нені түсінбегендерін, түсінуге не кедергі болғанын стикерлерге жазып тақтаға іледі. Оқушылар сабақтың қорытындысын шығарады. Маған ұнады... Бүгін сабақта білдім... Ұсыныс жасаймын.... Мен сабақта үйрендім... Мен бүгін сабақта қайталадым.... Мен бүгін сабақта бекіттім.. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Тапсырма жеңілден күрделіге қарай бағытталған. Теореманы дәлелдеу барысында оқушылардың ой-пікірі тыңдалады. Олардың қажеттіліктері ескеріледі. Сынып ішінде сұрақтарға жауап іздеу ұйымдастырылады. Қабілеті жоғары оқушылар сұрақ туындаған оқушыларға жауап беруі ұйымдастырылады. | Сабақ барысынды оқушы жетістігі ескеріліп отырылып мадақтау мен бағаланады. Өзін-өзі бағалау бағалау критерийлеріне сүйене отырылып бағаланады | Кабинет ауасы тазартылады. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің сақталуы қадағаланады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру