Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.
Топтық жұмыс
1-топ.
- Центрі А(-2; 1) және радиусы 3 болатын шеңбер сызыңыз.
- Берілген шеңберді А центріне симметриялы етіп салыңыз.
- Қорытынды жасаңыз.
2-топ.
- АВ кесіндісін салыңыз, мұндағы А(-4; 0), В(3; 6).
- Кесінді ортасының координаталарын есептеңіз.
- Кесіндіні оның ортасына қарағанда симметриялы болатындай симметриялы етіп салыңыз.
- Қорытынды жасаңыз.
3-топ.
А(-3;2), В(3;2), С(3;-2) және D(-3;-2) нүктелері берілген.
- Салуды орындамай, АВСD төртбұрышының түрін анықтаңыз.
- АВСD төртбұрышын салыңыз.
- АВСD төртбұрышын координаттар бас нүктесіне қарағанда симметриялы етіп бейнелеңіз. Осы түрлендіруден шыққан фигураны салыңыз.
- Координаттар бас нүктесі АВСD төртбұрышы үшін не болып табылады?
- Қорытынды жасаңыз.
Жеке жұмыс:
№1. Түрлендіру түрін анықтап, теңдеуін жазыңыз:
№2. Түрлендіру түрін анықтап, теңдеуін жазыңыз:
Жұптық жұмыс
Бағалау критерийі:
- берілген фигураға симметриялы фигураны салып, өзгерісін сипаттай алады;
- берілген фигураны координата басына қарағанда 900 және 1800 градусқа бұрады;
- сызбаны зерттей отырып, симметрия осінің теңдеуін жаза алады;
- сызбаны талдай отырып, берілген фигураның қанша градусқа бұрылғанын анықтайды.
№1. Берілген фигураға түзуіне қарағанда симметриялы фигура сал.
Дескрипторлар:
1. симметрия осін салады;
2. фигураның төбелерін симметрия осіне қатысты симметриялайды;
3. симметрияланған нүктелерді әріптермен белгілейді;
4. нүктелерді қосып, берілген фигураға симметриялы фигураны салады.
№2. Берілген фигураны координаталар басы бойынша сағат тіліне қарама-қарсы бағытта 900-қа бұрыңыз.
Дескрипторлар:
1. бұру центрін белгілейді;
2. фигураның төбелерін транспортир немесе сызғыштың көмегімен координата басына қатысты берілген бұрышқа симметриялайды;
3. симметрияланған нүктелерді әріптермен белгілейді;
4. нүктелерді қосып, координата басына қатысты белгілі бір бұрышқа симметрияланған фигураны салады.
Өзіндік жұмыс
Геогебрамен жұмыс жасау. Фигураларды түрлендіру
№1. А(4; 0), В(4; -3) және С(2; 1) нүктелері арқылы үшбұрыш салыңыз. Салынған үшбұрышқа у=-2х+3 түзуі бойынша симметриялы үшбұрыш салыңыз.
№2. Параллель көшіру кезінде (1; -2) нүктесі (3; 1) нүктесіне көшеді. Координата басы қандай нүктеге көшеді?
№3. А(-2;3) нүктесінің бейнесінің координатасын табыңыз, егер у = 1 түзуіне қарағанда осьтік симметриялы болса.
№4.
А(-2;5) және В(-3;4) нүктелеріне ордината осіне қатысты симметриялы нүктелердің координаталарын табыңыз
№5. А(-1; 2), В(5;2) және С(4;-2) параллелограмның төбелері. D төбесінің координатасын табыңыз. y=-x түзуіне қатысты симметриялы фигураға түрлендіріңіз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру