Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.
1-топ.
1. Нүктеге қатысты симметрия.
Кез келген О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы А1В1С1 үшбұрышын салыңыздар.
2. МКЕ үшбұрышының ішінде орналасқан кез келген О нүктесіне қатысты осы үшбұрышқа симметриялы М1К1Е1 үшбұрышын салыңыздар.
2-топ.
1. Кез келген түзуге қатысты кез келген көпбұрышқа симметриялы көпбұрыш салыңыздар.
2. Кез келген көпбұрышқа оның кез келген қабырғасына қатысты симметриялы көпбұрыш салыңыздар.
3-топ.
Бұру.
1. Кез келген үшбұрышты қандай да бір О нүктесіне қатысты 70° бұрышқа сағат тілі бағытымен бұрғанда алынатын фигураны салыңыз.
2. Кез келген көпбұрышты оның кез келген төбесінен 45° бұрышқа сағат тіліне қарсы бағытта бұрғанда алынатын фигураны салыңыз.
4-топ.
4) Параллель көшіру.
1. А нүктесін А1 нүктесіне көшетіндей, кез келген үшбұрышты параллель көшіргендегі фигураны салыңыз.
2. А нүктесін С нүктесіне көшетіндей, кез келген көпбұрышты параллель көшіргендегі фигураны салыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру