Жазықтықтағы түрлендірулер. Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Тақырыпты ашу

Қозғалыс түрлерін ажырату

1-топ.

Центрлік симметрия

Анықтама. А және А1 нүктелері О центріне қатысты симметриялы деп аталады, егер:

1. А, А1нүктелері бір түзудің бойында жатса;

2. А және А1 нүктелері О нүктесінің екі жағында орналасса;

3. А және А1 нүктелері О нүктесінен бірдей қашықтықта жатса;

Тапсырма.

 М нүктесіне қатысты симметриялы болатындай етіп, үшбұрышын үшбұрышына бейнелеңіз, егер М нүктесі үшбұрыштан тыс орналасса.

Салу алгоритмі.

  • Кез келген үшбұрышын салыңыз.
  • Осы үшбұрыштан тыс орналасқан М нүктесін белгілеңіз.
  • М нүктесіне қатысты симметриялы болатындай етіп, А нүктесін А1 нүктесіне бейнелеңіз.
  • МА түзуін жүргізіңіз
  • МА кесіндісін өлшеңіз
  • МА кесіндісіне тең болатын осы түзуден МА1 кесіндісін алыңыз. А және А1 нүктелері М нүктесінің екі жағында орналасуы тиіс.
  • Дәл осылай М нүктесіне қатысты симметриялы болатындай В және С нүктелерін В1 және С1 нүктелеріне бейнелеңіз.
  • нүктелерін қосыңыз.
  • Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары қалай өзгерді? және үшбұрыштарының бұрыштары мен қабырғалары туралы сәйкес қорытынды жасаңыз.

!!! Егер симметрия центрі: фигураның ішінде, көпбұрыштың қабырғасында, көпбұрыштың төбесінде орналасса, берілген фигура қалай өзгеретіні туралы қорытынды жасаңыз.

2-топ.

Осьтік симметрия

Анықтама. Екі нүкте түзуге қатысты симметриялы деп аталады, егер:

    • олар түзуге ортақ перпендикуляр бойында жатса;
    • түзудің әртүрлі жақтарында жатса;
    • түзуден бірдей қашықтықта жатса.

Тапсырма. Түзуге қатысты фигураның бейнесін салыңыз.

Салу кезінде назар аударыңыз:

1. бұрыштықтың орналасуына;

2. у = х осіне қатысты симметриялы алынған нүктелердің координаталарына.

3. Қорытынды жасаңыз.

!!! Егер симметрия осі: фигураның ішінде, көпбұрыштың қабырғасында, көпбұрыштың төбесінде орналасса, берілген фигура қалай өзгеретіні туралы қорытынды жасаңыз.

3-топ.

Бұру

Ескертпе: Сағат тіліне қарсы бұрышты өлшеп алу үшін транспортирды қалай қою керек екендігіне назар аударыңыз.

Анықтама. О центрімен α бұрышына бұру деп кез келген А нүктесін А1 нүктесіне көшіретін және:

 1. АОА1 = α

 2. егер – сағат тіліне қарсы

  егер – сағат тілімен бағыттас

 3. ОА = ОА1

 шарттарын қанағаттандыратын түрлендіруді айтамыз.

Тапсырма. . үшбұрышын О нүктесімен -қа бұру арқылы алынған үшбұрышын салыңыз. Бұру центрі үшбұрышынан тыс орналасқан.

Салу алгоритмі.

  • Кез келген үшбұрышын салыңыз.
  • Үшбұрыштан тыс О нүктесін алыңыз.
  • А нүктесін О центрімен бұрышқа бұру арқылы алынған А1 нүктесін салыңыз.
  • ОА сәулесін салыңыз.
  • О нүктесінен сағат тіліне қарсы кішкене меңзерді белгілеңіз.
  • Центрі О нүктесімен сәйкес келетіндей және ОА сәулесі 0 градус арқылы өтетіндей етіп транспортирды қойыңыз.
  • -қа тең бұрышты өлшеп алыңыз.

Бұрыштың қабырғасынан ОА1 кесіндісін ОА кесіндісіне тең болатындай етіп алыңыз.

  • Дәл осылай В және С нүктелерін О центрімен -қа бұру арқылы В1 және С1 нүктелерін салыңыз.
  • нүктелерін қосыңыз.

!!! Егер бұру центрі: үшбұрыштың қабырғасында, үшбұрыштың төбесінде орналасса, берілген фигура қалай өзгеретіні туралы қорытынды жасаңыз.

Әрбір топқа әдістерін қаншалықты игергенін анықтау үшін кері байланыс ретінде сұрақтар қою.

Бағалау

Оқушының аты-жөні

Қозғалыс түрі

1

2

3

4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу