Жазықтықтағы түрлендірулер. Қозғалыс және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Жазықтықтағы түрлендірулер

Мектеп: ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазықтықтағы түрлендірулер. Қозғалыс және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.9

симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу

Сабақ мақсаттары

  • Жазықтықтағы түрлендіру ұғымын біледі;
  • Қозғалыстың қасиеттерін білетін болады.

Жетістік критерийлері

Білу және түсіну

түрлендірудің түрлері мен оларды орындау алгоритмін біледі

бұрышқа бұруды орындайды

Білімін қолдану

вектор бойынша параллель көшіруді орындайды

гомотетияны орындайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Қозғалыстың түрлеріне қарай фигураның қалай өзгеретіндігін ауызша баяндайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Transformation- қозғалыс

Rotate- бұру

Translate- көшіру

Pre-image-түпбейне

Image-бейне

x-axis- x өсі

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында өзін өзі реттеуге, қойылған мәселенің маңызын түсінуге, мәселенің шешімін тапқырлықпен негіздей білуге, коммуникативті дағдыларын дамыта білуге, сыныптасын құрметпен тыңдап және өз ойын ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білуді оқушы бойында дарытамын.

  Пәнаралық

 байланыстар

Фигураларды түрлендіру инженерия мен дизайнның көптеген салаларына қатысы бар. Екінші ретті қисықтар туралы білімдері алдағы математика бөлімдерін игеруге қажет.Сонымен бірге инженерия мен физикада үлкен маңызы бар. Мысалы: қозғалыс траекториясы

 АКТ қолдану дағдылары

Жазықтықтағы түрлендірулерге қатысты презентация көрсетіледі. Яғни қозғалыстар анимация арқылы қозғалғанда оқушылардың фигураларды елестете отырып бейнелеу дағдысы қалыптасады.

Бастапқы білім

Координаталық жазықтықта фигураларды анықтау тәжірибесі; бұрыштар ,векторлар және пропорционал кесінділер туралы түсініктері болуы керек. «Шеңберлер мен дөңгелектер», «Бұрыштар» тақырыптары туралы білімі; Квадраттық функциялардың графиктерін түрлендіру дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

14 минут

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) : Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеремін.

Лездік сұрақтар (7 минут): Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін төмендегі сұрақтарды қою арқылы әр оқушыдан сұрап шығамын:

  • функциясының анықталу және мәндер облысы қандай?
  • функциясының анықталу және мәндер облысы қандай?
  • функциясының анықталу және мәндер облысы қандай?
  • функциясының анықталу және мәндер облысы қандай?
  • Тригонометриялық функциялардың жұп/тақтылығы
  • Тригонометриялық функцияның периодтылығы
  • Тригонометриялық функцияларды монотондылыққа зерттеу
  • Тригонометриялық функцияның нөлдері
  • Тригонометриялық функциялардың экстремум нүктелері

Үй тапсырмасын тексеру(5 минут): Келтіру формулаларына берілген есептердің дұрыс шешімін интерактивті тақтада көрсетемін. Оқушылар жанында отырған оқушымен дәптерлерін алмасып, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып неше дұрыс есеп шығарғанын айтады.

Сабақтың ортасы

60 минут

Сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялау(5 минут):

Оқушыларғасабақтың мақсатын анықтату үшін: төмендегі фигуралар өзара қалай орналасып тұрғандығын сұраймын. Оқушылар фигуралардың қалай орналасқандығын айту арқылы, сабағымыздың «фигуралардың түрленуі» екендігін анықтайды.

Жаңа сабақты түсіндіру (15минут):

Фигураларды түрлендіру және қозғалыстың қасиеттері бойынша оқушыларға төмендегі ақпартты беремін:

Егер бір фигураның әрбір нүктесін қалай да орнынан ығыстыратын болсақ, онда біз жаңа бір фигура алатын боламыз. Сонда бұл берілген фигураны түрлендіріп алынған фигура болады.

Бір фигураны екінші фигураға түрлендіргенде, нүктелердің ара қашықтықтары сақталатын болса, яғни бір фигураның кез келген Х пен У нүктелері екінші фигураның Х , Y нүктелеріне көшіріліп және де ХУ= XY болып қалса, ондай түрлендіруді қозғалыс д.а.

Қозғалыстың қасиеттері:

Теорема: Қозғалыста түзу бойында жатқан нүктелер түзу бойындағы нүктелерге көшеді және олардың өзара орналасу тәртібі сақталып қалады.

Теоремадан шығатын салдар: қозғалыста түзулер – түзулерге, жарты түзулер-жарты түзулерге, кесінділер-кесінділерге көшеді.

Жаңа сабақты бекіту:

Жеке жұмыс (20 минут): Оқушыларға фигураларды түрлендіруге арналған тапсырмалар таратылып беріледі. Оқушылар фигураларды түрлендіреді және қозғалыстың қандай түрін жасағандығын баяндайды. Оқушылардың тапсырманы дұрыс/бұрыс орындағандықтарын тапсырмаларды орындау барысында тексеріп жүремін, қажет кезде бағыт-бағдар беріп отырамын.

Бағалау (15минут): Қозғалыстың әрбір түріне берілген есептерді оқушыларға таратып беремін. Егер берілген алты тапсырманың бесеуін дұрыс орындаса оқушы бүгінгі оқу мақсатына жетті.

презентация

Қосымша-1

Қосымша-2

Сабақты соңы

6 минут

Үй тапсырмасы: Оқушыларға фигураларды түрлендіруге арналған тапсырмалар таратып беремін.

Рефлексия: Оқушыларға парақшалар таратылып береді және оқушылар төмендегі мәліметтерді толтырып береді.

Мен бүгін .... ............................білдім

… ...............................қызықты болды

… ....................................қиын болды.

Қосымша-3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушы берілген фигураны қозғалыстың барлық түріне салықптүрлендіреді.

Қалыптастырушы бағалау жұмысын аламын. Егер тапсырманың 80%-ын дұрыс орындаса сабақтың мақсатына жетеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу