Трапеция. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 3.


«Трапеция » қалыптастырушы бағалау

Бөлімше

Трапеция

Оқу мақсаты

 8.3.1.10

трапецияның анықтамасын және оның түрлерін біледі

 8.3.1.13

теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін дәлелдейді және қолданады

Бағалау критерийі

Оқушы

  • трапецияның анықтамасын біледі
  • трапецияның түрлерін біледі
  • трапецияның қасиеттерін есептер шығаруда қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1. Теңбүйірлі трапецияның бір бұрышы 60, ал табандарының ұзындығы 15 см және 49 см. Осы трапецияның периметрін табыңдар.

[3]

Дескриптор: Оқушы

  • сызбаны орындайды;
  • трапецияның бүйір қабырғасын табады;
  • трапецияның периметрін табады.

2. ABCD трапециясының AD–үлкен табаны. В төбесі арқылы CD–ға параллель түзу AD-мен Е нүктесінде қиылысқанға дейін жүргізілген. ВС=7 см, АЕ=4 см екені белгілі. Егер АВЕ үшбұрышының периметрі 17 см–ге тең болса, трапецияның периметрін табыңдар.

[5]

Дескриптор: Оқушы

  • сызбаны орындайды;
  • трапеция периметрінің формуласын қолданады;
  • үшбұрыш периметрінің формуласын қолданады;
  • параллелограмм қасиетін қолданады;
  • трапецияның периметрін табады, жауабын жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу