Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 2, 1 сабақ.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер».
Оқу мақсаттары:
8.1.3.21 Пифагор теоремасын пайдаланып, формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
біледі:
- негізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті;
- нгеізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті қорытып шығаруды;
қолдана алады:
- негізгі тригонометриялық теңбе-тедікті дәлелдеуде;
- нгеізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті есеп шығаруда;
Теориялық материал:
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Тірек білімдерді белсендендіру
Оқушылар №1-4 слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Сөйтіп, оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлері және дамудың жақын аймағын айқындау.
Ұжымдық жұмыс. Қайталау. (Қосымша 1, № 5-9 слайд)
Өтілген тақырыптар бойынша негізгі теорияны еске түсіру.
Тік бұрышты үшбұрыштағы тригонометриялық функциялардың анықтамаларын еске түсіру, есеп арқылы жаңғырту. Оқушыларға калькуляторды қолдануға мүмкіндік беру, себебі бұрыштардың градустық мәндерін табу керек. (Қосымша 1)
Сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті» қорытып шығару. Дәлелдеуін талқылау.(слайд № 10)
Топтық жұмыс.
Сыныптағы оқушыларды 2 топқа бөліп, келесі сатыдағы «Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктерді» № 10 слайдты басшылыққа ала отырып дәлелдету.
Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, қиындықтар болған жағдайды көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың ойлануына және жұмысты саналы түрде орындауына жағдай жасайды.
Әр топтың бір мүшесі дәлелдеуін тақтада оқушыларға көрсетеді. Мұғалім топтардың дәлелдемелерін тыңдайды, қажет жерлерін түзетеді.
Топ мүшелері жұмысты қорғаған оқушыны қолдай отырып, бағалайды. (Қосымша 2
Тапсырма № 2)
Жұппен жұмыс. (Қосымша 3)
Топқа бөліп, топ басшыларын тағайындау. Теориялық материалды меңгеруін бағалау үшін тапсырмалар ұсыну.
Тапсырманың жауаптары
Әңгімелесу. Рефлексия.
Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …
Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …
Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …
Үй тапсырмасы.
Анықтамаларды, теоремаларды және олардың дәлелдеулерін білу.
Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.
Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.
Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Экранды ұзақ уақыт қаратпау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.
Ақпарат көздері:
- Геометрия 8 кл: http://online.anyflip.com/qmwb/vnuy/mobile/index.html#p=42
- http://www.teaching.martahidegkuti.com/shared/lnotes/5_trig/identities/identities1/trigidentities1.pdf
- https://www.enotes.com/homework-help/how-prove-identiry-sin-2x-cos-2x-1-44233
- https://www.purplemath.com/modules/proving2.htm
- https://www.drfrostmaths.com/resource.php?rid=79
- https://www.drfrostmaths.com/resources/getfile.php?fid=829
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру