Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова М.Т.,Кошанов Р.М.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Сабақ №2

Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;

8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушылар үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

үшбұрыш орта сызығының қасиетін біледі

трапеция орта сызығының қасиетін біледі

Қолдану

үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін есеп шығаруда дұрыс қолдана алады

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар:

үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін ауызша тұжырымдайды

Пәндік лексика және терминология:

Трапеция

үшбұрыш

табаны

бүйір қабырғасы

орта сызығы

тең бүйірлі

тікбұрышты

Пәнге тән лексика мен терминология:

-Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. 

-Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель болады және сол қабырғаның жартысына тең.

- Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығы бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы;

ынтымақтастық құндылығы жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы;

ал еңбек және шығармашылық құндылығы өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыс

Физиканың кейбір есептерін шығарғанда, архитектурада ғимараттарды салғанда қолданылады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, Power Point презентациясы

Бастапқы білім

Үшбұрыш. Трапеция. Олардың түрлері мен қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Үй жұмысын тексеру

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын алмастырып, дұрыс жауап арқылы үй тапсырмаларын тексереді.

1-2 слайдтар

8 мин

8 мин

4 мин

10 мин

10 мин

Жаңа материалды меңгеру

Зерттеу жұмысы

Оқушылар жұпта орындайды

1-жұмыс

Оқушылар тапсырмаларды тор көз қағазға орындайды (өлшемі 1)

1) Кез келген АВС үшбұрышын салыңдар. АВ, АС,ВС қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

2) АВ және ВС қабырғаларының ортасын табыңдар (сәйкесінше М және N деп белгілеңдер)

3) МN кесіндісінің ұзындығын табыңдар

4) АС және ВС қабырғаларының ортасын табыңдар (сәйкесінше K және N деп белгілеңдер)

5) KN кесіндісінің ұзындығын табыңдар

6) MK кесіндісінің ұзындығын табыңдар

7) Қорытынды жасаңдар

Оқушылардың қорытындылары тыңдалады. Анықтама беріледі.

Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель және сол қабырғаның жартысына тең болады. Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады.

Үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманың дәлелдеуі слайдта көрсетіледі.

2-жұмыс

Трапецияның бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады. Трапецияның орта сызығы табанына параллель және табандарының қосындысының жартысына тең болады.

Бос орындарды толтырыңдар:

Дәлелдеуі:

А)

В) ……….. бұрыштың қасиеті бойынша < BCN = < NDK

C) CN=ND салдарынан ………..

Демек …… бойынша екеуі ……………

  • теңдігінен BN=NK аламыз, ол дегеніміз MN -…………….
  • MN//AD
  • Сонымен АВСD –трапеция болса, онда ВС//АD болады, бұдан ВС…МN… АD шығады
  • МN=1/2АК, бірақ АК=АD=DK, мұндағы DК=ВС (, демек М N=1/2(АD+BC))

Оқушылар өздігінен қорытынды жасайды.

Жалпы сыныппен орындалатын тапсырма

Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз.

Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40м, CF=50м, CD=8м, EF=10м

Шешуі:

DEGB трапециясын қарастырайық, онда СF-орта сызық болады BG= 100-40=60м, AH=120-50=70м, Фалес теоремасы бойынша CD=CB=BA=8, EF=FG=GH=10м , Демек шеберге тапсырманы орындау үшін 164 м металл сым қажет болады

Дескрипторлар:

-трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;

-трапецияның орта сызығының анықтамасын қолданады.

Топтық жұмыс

«Карусель» стратегиясы. Топтар тапсырмалар жазылған карточкаларды алады. Шешуін А4 пішінді ақ қағазда орындап, сағат тілінің бағытымен келесі топтарға тексеруге береді.

1-топ

1) Трапециядағы х айнымалысын табыңыз.

  • Берілгені: MN//AC. табыңыз

3) Трапецияның бір диагоналі орта сызықты 4 см және 9 см болатын бөліктерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар.

4) АВС тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы, К және М нүктелері сәйкесінше АВ мен ВС қабырғаларының орталары: АКМС трапеция екенін дәлелдеңдер.

2-топ

1) Трапециядағы х айнымалысын табыңыз.

2) Берілгені: . табыңыз

3)Трапецияның диагональдары орта сызықты үш бөлікке бөледі. Олардың екеуі 5 см және 7 см. Трапецияның орта сызығын табыңдар. Есептің неше шешімі бар?

4)Егер тең бүйірлі трапецияның диагональдары өзара перпендикуляр болса, онда осы трапецияның биіктігі орта сызыққа тең болатындығын дәлелдеңдер.

Дескрипторлар:

-трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;

-үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын біледі;

-үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын қолданады;

-трапецияның орта сызығының анықтамасын қолданады.

Қалыптастырушы бағалау

1-тапсырма. Трапецияның орта сызығы 16 см және оның табандары 3:5 қатынасындай. Трапецияның табандарын табыңдар

2-тапсырма. Тең бүйірлі үшбұрыштың табан ортасынан оның бүйір қабырғаларына параллель болатын екі түзу жүргізілген. Пайда болған төртбұрыштың түрін анықтаңыз. Егер осы үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8 см болса, пайда болған төртбұрыштың периметрін анықтаңдар.

3-4 слайдтар

5 слайд

6 слайд

7 слайд

8-9 слайдтар

10-11 слайдтар

Қосымша 1

Қосымша 2

саба

2 мин

Рефлексия

  • Нені орындадым?
  • Нені орындай алмадым?
  • Нені ескермедім?
  • Нені жетілдіру керек?

Үй жұмысы

Қосымша 3

12 слайд

13 слайд

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы өткізіледі

Құрастырылған дескрипторлар бойынша өзін-өзі, өзара бағалайды. Сабақ соңында қалыптастырушы бағалау тапсырмасы орындалалды.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу