Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1A Көпбұрыштар. Көпбұрыштарды үйрену

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова М.Т.,Кошанов Р.М.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;

8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

-үшбұрыш орта сызығының қасиетін біледі

- трапеция орта сызығының қасиетін біледі

- үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін есеп шығаруда дұрыс қолдана алады

Тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін ауызша тұжырымдайды;
  • Трапецияның түрлерін біледі;
  • Трапецияның қасиеттерін біледі;

- трапецияның қасиеттерін қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

-Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. 

-Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель болады және сол қабырғаның жартысына тең.

- Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәндік байланыс

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Трапеция, үшбұрыш. Трапецияның түрлері мен қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Стратегия «Уақыт капсуласы»

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Сныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру

Стратегия «Уақыт капсуласы». Мұғалім алдын ала әр оқушыға қысқаша тілектер жазылған қағаздарды дайындап, оларды киндер жұмыртқаларына салып қояды. Оқушылар қағаздарды алып, сыныпқа дауыстап оқиды.

1. Алға қойған мақсатқа жету.

2.Сәттілік

3.Бәрі жақсы болады.

4.Көтеріңкі көңіл күй.

5.Барлық жұмыста көшбасшы болу.

6.Білім шыңына шығу

7.Әрдайым жеңімпаз болу.

8.Әр кез алда болу.

1-слайд

Үй жұмысын тексеру

2 мин

Бағалау критерийлері:

-Трапецияның бұрыштарын дұрыс табады

-Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін дұрыс қолданады

-Параллель түзулерді біледі және қасиеттерін дұрыс қолданады

2-слайд

Проблемалық сұрақ

2 мин

Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз.

Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40, CF=50, CD=8, EF=10

Тақырыпқа шығу. «Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері»

Сабақ мақсатының қойылуы

3-4-5-слайдтар

Жаңа материалды үйрену

15 мин

Жұптық практикалық жұмысы.

1-жұмыс

Оқушылар тапсырмаларды тор көз қағазға орындайды (өлшемі 1)

1) АВС үшбұрышын салыңдар. АВ, АС,ВС қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

2) АВ және ВС қабырғаларының орта сызығын табыңдар (сәйкесінше М және N деп белгілеңіз)

3) МN орта сызығының ұзындығын табыңдар

4) АС және ВС қабырғаларының орта сызығын табыңдар (сәйкесінше K және N деп белгілеңіз)

5) KN орта сызығының ұзындығын табыңыз

6) MK орта сызығының ұзындығын табыңыз

Қорытынды жасаңдар:

Оқушылар өздігінен қорытынды жасайды:

Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель болады және сол қабырғаның жартысына тең. Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады.

Үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманың дәлелдеуі слайдта көрсетіледі.

2-жұмыс

Бос орындарды толтырыңыз

Дәлелдеуі:

А)

В) ……….. бұрыштың қасиеті бойынша < BCN = < NDK

C) CN=ND салдарынан ………..

Демек …… бойынша екеуі ……………

  • теңдігінен BN=NK аламыз, ол дегеніміз MN -…………….
  • MN//AD
  • Сонымен АВСD –трапеция болса, онда ВС//АD болады, бұдан ВС…МN… АD шығады
  • МN=1/2АК, бірақ АК=АD=DK, мұндағы DК=ВС (, демек М N=1/2(АD+BC))

Бағалау критерийлері:

-трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;

-үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын біледі;

-үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын дұрыс қолданады;

-трапецияның орта сызығының анықтамасын дұрыс қолданады;

6-10-слайдтар

1-қосымша

Проблемалық тапсырманы орындау

3мин

Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз.

Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40м, CF=50м, CD=8м, EF=10м

Шешуі:

DEGB трапециясын қарастырайық, онда СF-орта сызық болады BG= 100-40=60м, AH=120-50=70м, Фалес теоремасы бойынша CD=CB=BA=8, EF=FG=GH=10м , Демек шеберге тапсырманы орындау үшін 164 м металл сым қажет болады

11-слайд

Топтық жұмыс

10 мин

«Карусель» стратегиясы. Топтар тапсырмалар жазылған карточкаларды алады. Шешуін А4 пішінді ақ қағазда орындап, сағат тілінің бағытымен келесі топтарға тексеруге береді.

1-топ

1) Трапециядағы х айнымалысын табыңыз.

  • Берілгені: MN//AC. табыңыз

3) Трапецияның бір диагоналі орта сызықты 4 см және 9 см болатын бөліктерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар.

4) АВС тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы, К және М нүктелері сәйкесінше АВ мен ВС қабырғаларының орталары: АКМС трапеция екенін дәлелдеңдер.

2-топ

1) Трапециядағы х айнымалысын табыңыз.

2) Берілгені: . табыңыз

3)Трапецияның диагональдары орта сызықты үш бөлікке бөледі. Олардың екеуі 5 см және 7 см. Трапецияның орта сызығын табыңдар. Есептің неше шешімі бар?

4)Егер тең бүйірлі трапецияның диагональдары өзара перпендикуляр болса, онда осы трапецияның биіктігі орта сызыққа тең болатындығын дәлелдеңдер.

Бағалау критерийлері:

-трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;

-үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын біледі;

-үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын дұрыс қолданады;

-трапецияның орта сызығының анықтамасын дұрыс қолданады;

Кері байланыс:

Қай тапсырма қызық болды?

Қай тапсырма қиындық тудырды?

Қиындығы неде болды?

Қосымша 2

Қалыптастырушы бағалау

7мин

1-тапсырма. Трапецияның орта сызығы 16 см және оның табан- дары 3:5 қатынасындай. Трапецияның табандарын табыңдар

2-тапсырма. Тең бүйірлі үшбұрыштың табан ортасынан оның бүйір қабырғаларына параллель болатын екі түзу жүргізілген. Пайда болған төртбұрыштың түрін анықтаңыз. Егер осы үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8 см болса, пайда болған төртбұрыштың периметрін анықтаңдар.

Бағалау критерийлері:

-трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;

-трапецияның орта сызығын дұрыс есептейді

-сызбаны дұрыс салады;

-трапецияның орта сызығының қасиетін дұрыс қолданады;

-төртбұрыштың түрлерін дұрыс анықтайды;

-төртбұрыштың периметрін дұрыс есептейді.

Қосымша -3

Кері байланыс

Үй жұмысы

1 мин

Рефлексия:

  • Нені орындадым?
  • Нені орындай алмадым?
  • Нені ескермедім?
  • Нені жетілдіру керек?

Homework

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау деңгейлі тапсырмалар арқылы және топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы өткізіледі

Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар бағалау критерийі арқылы бағаланады.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу