Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.
Практикалық жұмыс №1
Оқушылар тапсырманы торлы қағазда орындайды. (тор өлшемі 1×1)
1) АВС үшбұрышын сызыңыз. АВ, АС, ВС қабырғаларының ұзындығын табыңыз.
2) АВ және ВС қабырғаларының ортасын тауып, оны М және N нүктелерімен белгілеңіз.
3) МN кесіндісінің ұзындығын табыңыз. (орта сызығын)
4) АС және ВС қабырғаларының орталарын табыңыз. K және N нүктелерімен белгілеңіз.
5) KN кесіндісінің ұзындығын табыңыз (орта сызығын).
6) МK кесіндісінің ұзындығын табыңыз (орта сызығын).
Қорытынды жасаңыз:
Практикалық жұмыс №2
Бос орынды толтырыңыз
∆ВNC=∆DNK қарастырайық:
А) ... бұрыштарының қасиеті бойынша:
<CNB=<DNK
В) ... бұрыштарының қасиеті бойынша:
< BCN = < NDK
C) ... бұдан CN=ND
Сондықтан ∆ВNC….. ∆DNK … және екі …
∆ВNC=∆DNK бұдан BN=NK , MN -…………….∆ABK
MN//AD
АВСD –трапеция болғандықтан, ВС//АD, ВС…МN… АD
МN=1/2АК, АК=АD=DK, DК=ВС (∆DNC=∆DNK, бұдан МN=1/2(АD+BC))
Бағалау критерийлері:
- трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;
-үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын біледі;
- үшбұрыштың орта сызығының теоремасын дәлелдей алады;
- трапецияның орта сызығының теоремасын дәлелдей алады;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру