Шығармашылық жұмыс. Сәулеттік нысан макеті. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары «Көркем еңбек»

Ұзақ мерзімді жоспардың 2 бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шығармашылық жұмыс. Сәулеттік нысан макеті 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.2 сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі бұйым жасау. 

 Сабақ

 мақсаттары

  • әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып сәулет нысанның макетін, элементтерін жасау.

 Бағалау

 критерийлері

  • әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды тиімді қолданады;
  • макетті, макеттін элементтерін бағалау критерийлерге сәйес жасайды;
  • шығармашылық жұмысты орындау барсында дербестілікті көрсетеді;
  • пәндік терминологияны қолдана отырып, өз жұмысына және өзгелердің жұымсына жетілдіру жолдарын ұсынады.

 Тілдік

 мақсаттар

 

  • өз жұмысын және өзгелердің жұмысын талдаған кезде пәндік термилогияны қолдану.

Лексика және терминология:

сәулет нысанның элементтері; масштаб, көлем, ландшафт және т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

«Жұмысты толығымен аяқтау үшін ... қажет»;

«Менің ойымша, шығармашылық ойды жеткізу үшін ... әдістер қажет»;

«Алдағы мақсатқа жету үшін ... іс-әркет жасауымыз қажет».

 Құндылықтарды

 дарыту

Бұл сабақ жұпта (топта) жұмыс істей білу, сыйластық, жауапты тұтыну және өңдіру құңдылықтарын дамытады.

Құндылықтарды дарыту тәжірбиелік жұмысты орындау барсында жетілдіріледі.

 Пәнаралық

 байланыстар

Графика және жобалау сабағымен пән-аралық байланысты.

Пән-аралық байланыс жобаны орындау барысында іске асырылады.

 АКТ дағдылары

АКТ дағдысы мұғалім электронды презентацияны көрсеткен кезде, бейне баян (интерактивті тақта арқылы визуалды қабылдау) барысында жетілдіріледі.

Интернет желісі арқылы мәліметті іздеу арқылы дамытылады.

Бастапқы білім

Оқушылар бастапқыдан сәулет нысандардың түрлерін, болашақ қаланың концепциясын, смарт қалаларды, техникалық суретті, нысан нобайы, бір-неше құрылыс материалдардың қасиеттерімен, масштабпен таныс, сәулет нысанның жобасының жеке орындау жоспары, жобаның спецификациясын, макеттін каркасын жасаған.

Бастапқыдан бар білімді сәулет нысанның, элементтерің орындау барысында қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқу мақсатымен, сабақ мақтасымен, бағалау критерийлерімен танысу.

Талдау:

  • Қаншалықты жоба орындалып тұр?
  • Бүгінгі сабақта нені жасауды жоспарлайсыз?
  • Шығармашылық жұмысты орындау үшін қандай білім тағы қажет?

(Бұл талдау оқушылар жұмыстың көлемін, жолдарын анықтауға арналаған. Талдау барысында бірігіп, әдіс-тәсілдерді анықтауға болады).

Слайд 1-3

Сабақтың ортасы

5 мин

30 мин

Зерттеу жұмысы. Бейнебаянды көру және талдау.

(Мұғалім макет элемнеттерінің (ағаш, су, жол және т.б.) жасау жоладрын ұсынады. Бұл жұмыс қажеттілігіне байланысты, жеке болу мүмкін).

Талдау:

  • Қандай орындау ерекшеліктерін байқадыңыздар?

Тапсырма 1. Сәулет нысанның макетін, элементтерін (ағаштар, ланшафт, және т.б.) орындау.

Дескрипторлар:

  • жасалынған нобай, сызба боыйнша орыңдайды.
  • түрлі техникаларды тиімді қолданады;
  • матеиалдарды тиімді қолданады;
  • ұқыпты, эстетикалық түрде орыңдайды;
  • қауіпсіздік ережені сақтайды;
  • масштабты сақтайды;
  • жұптық (топтық) жұмыста белсенді қатысады;
  • уақытты тиімді бөледі.

(Оқушылар жеке жоспарға сүйене отырып макеттің элементтерін, макетті орындайды. Оқушылар орындаған кезде жұмысты өзара дұрыс бөлгені маңызды. Уақыты дұрыс қолдану дағдысын дамыту үшін тақтада уақытты көрсетіп қойған дұрыс және жұптан (топтан) бір оқушыны уақытқа жауапты тағайындауға болады).

Слайд 3-4

қағаз, картон, акрил бояуы, ПВХ(поливинилхлорид), ермексаз, гипс, кез-келген бейнелеу материалдары, құрылыс,табиғи материалдар, қалдық заттар және т.б.

(макетке байланысты материалдар)

Слайд 5

Сабақтың соңы

2 мин

Сабаққа кері-байланыс.

Сабақ мақсатына, бағалау критерийлеріне оралу:

  • Қойылған мақсатқа жеттіңдер ме? Қалай оны байқауға болады?

Слайд 6

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар қыйын материалдарды (өңдеу жағынан) таңдай алады.

Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім ұсыныс ретінде көмек көрсету мүмкін. Өңдеу жағынан женілрек материалдармен жұмыс істеулері мүмкін (қағаз, картон және т.б.)

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

- байқау әдісі;

- жауап алу әдісі;

- қөрсету әдісі.

- жұмыс орында тәртіп және тазалық сақталуы қажет;

- сабақ алдында сыныптың ауасын тазарту;

- ноутбукпен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережесін сақтау;

- материалдарға, өңдеу әдістерге сәйкес қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі қандай (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу