Жұмысты жоспарлау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Көркем еңбек

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 9

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Сәндік қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы

Жұмысты жоспарлау

Бастапқы білім

Интерьерге арналған сағаттарды жасаудың бірнеше жолдарын біледі.

Оқыту мақсаттары

9.1.4.1 жұмысты орындаудың тиімді (оптималды) әдістері мен реттілігін анықтай отырып, шығармашылық қызметін жоспарлау

9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау

Сабақтың мақсаттары

Игерген білімдерінің негізінде шығармашылық жұмысты жоспарлау.

Бағалау критерийлері

  • Игерген білімдерін жалпылап,тоқсандық шығармашылық жұмыста жасайтын сағат нобайын таңдайды;
  • Таңдаған сағат нобайына сәйкес жоспар парағын толтырады.

Тілдік мақсаттар

Біз өзіміздің тобымызда талқы жүргізіп ... орындаған нобайын тоқсандық жұмыста жасауға таңдадық. Сағат ... техникада орындалады. Бұл сағатты орындау үшін ... құрал-жабдықтар қажет болады. Сағатты жасау үшін біз ... қадамдарды жоспарладық.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар алдағы өнер пәні бойынша нәтиже мен білімінің қалыптасуына жауапкершілікпен қарауды, сабақтың барысында мұғалімді және сыныптастарын сыйлауды, практикалық жұмысты орындауда ұқыптылық пен қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету арқылы денсаулық және сыныптасына көмек қолын созу арқылы серіктестікті дарытамыз.

Пәнаралық байланыстар

Пән

-

Кезең

-

Дифференциация

Соңғы нәтиже бойынша дифференциация:

Оқушылардың барлығына бірдей тапсырма беріледі. Бірақ оқушылар оны әртүрлі деңгейде орындайды.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта АКТ қолдану мүмкіндігі болса, ғаламтордан басқа да сағаттардың түрлерін қарап, сол бойынша өз жоспарларын жазулары мүмкін.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылар тоқсанның басында өткен қауіпсіздік ережелерін сақтаулары тиіс.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушылармен амандасып,оларды түгендеймін. Өтілген сабақты оқуышлардың естеріне түсіру үшін «Аквариум» әдісін қолданамын. Оқушыларға алдымен өткен сабақты есімізге түсіру үшін екі -үш оқушы қажет екендігін айтамын. Оқушылар ортаға шығып орындықтарға жайғасқан сәтте, сыныпты тәртіп ережелерімен таныстырамын.Оқушылар өткен сабақтартарды естеріңе түсіріп, жүзеге асырған практикалық жұмыстарды талқылаулары қажет.Талқылауға 3-4 минут беріледі.Оқушылар талқыны еш қысылмай,дауыстап айтады. Талқылап болғаннан кейін, олардың айтқан мәліметтерінің растылығы туралы сыныптастары айтулары тиіс.Айтылмай қалған ақпаратты толықтырулары мүмкін. Оқушыларды сыныпппен бірге үш шапалақпен орындарына шығарып саламыз.

Сабақтың тақырыбына шығу үшін оқушыларға сұрақтар қоямын:

  • Біз тоқсандық шығармашылық бұйыммен таныстық, оның нобайын орындадық, осы сабақта біз қандай әрекет жасауымыз қажетпіз?
  • Сонымен оқушылар қалай ойлайсыздар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады?

Оқушылардың сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысырамын.

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

Оқушыларды шағын топтарға біріктіремін. Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі:

Шағын топтағы оқушылар бірігіп тоқсандық жұмыста жасайтын нобайды таңдаңыз.Таңдалынған нобай негізінде шығармашылық жұмысты жоспарлаңыз.

Оқушыларға слайд арқылы жоспар парағын көрсетіп, түсіндіремін. Жоспар парағына шағын топта ақылдаса таңдалыған нобай кірістірілуі керек. Сонымен қатар кестеде қажетті құрал-жабдықтар мен жұмыстың орындалу қадамдарын ашып, жазулары керек.

Дескрипторлар:

  • Тоқсандық жұмыс ретінде жасайтын нобайды біріге таңдауда ат салысады;
  • Нобайды жоспар парағына кірістірді;
  • Нобайдағы сағатты орындау техникасының атауын жазып,көрсетті;
  • Нобайдағы сағатқа қажетті құрал-жабдықтар тізімін жазды;
  • Нобайдағы сағатты жасаудың қадамдарын рет бойынша жазды.

https://www.youtube.com/watch?v=ngVZzWR74dk

Сабақтың соңы

15 минут

Уақыт аяқталған кейін оқушылар кезекпен сыныптың алдына шығып өздерінің жоспар парақшаларымен таныстырады. Таныстырылым аяқталып болғаннан кейін олардан кейінгі шығатын оқушылар, бұл топты дескрипторлар бойынша бағалап, өз ұсыныс пен пікірлерін жеткізеді.

Барлық оқушылар өз жұмыстарын таныстырып болғаннан кейін, әр топ оқушыларына кері байланыс беремін. Оқушыларға сабақтағы жақсы ақпаратты түсіндірген топты , тапсырманы барлық дескрипторларға сай орындаған оқушыларды таңдауды ұсынамын.Сабақты қорытындылау үшін сабақтың мақсатына қайта оралып, оқушылардың мақсатына қаншалықты жете алғандары бойынша кері байланыс беріп аяқтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрыс қойылғанба?

Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталды ма?

Сабақжоспарынанқандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу