Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.2

Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.

8.1.5.1 Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

8.1.4.1

Болашақ іс-әрекеттерін анықтауда өздерінің алған білімдері мен тәжрибесін қолдана отырып шығармашылық әркеттерін жоспарлайды

 Сабақ мақсаттары

  • Түрлі тәсілдерді пайдаланып, бұйымды дайындауға арналған тапсырмалар орындайды;
  • Болашақта орындайтын жоба жұмыстарының нобайы мен техникалық құжаттарын дайындайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Бұйым дайындауға арналған тапсырмаларды тиімді орындайды.
  • Жоба жұмыстарының нобайы мен техникалық құжаттарын дайындауда креативті идеялар ұсынады.

 ілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Тұрмыстық бұйымның орындалу реттілігін ауызша сиппаттайды;
  • Нобайдағы бейнелер мен түстерді талдайды;
  • Графикалық және техникалық құжаттарды талдап, жазбаша түрде сиппаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

Салт- дәстүр, әдет- ғұрып, ұлттық тұрмыстық заттар, технолгиялық құжаттар.

  • Мен тұрмыстық заттарды оқып білген себебім.....
  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ........
  • Техногиялық карта ........үшін керек.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткенге қысқаша шолу.

Талдауға арналған сұрақтар:

  • Оқушылармен бірге графикалық құжаттарды естеріңізге түсіріңіздер.
  • Графикалық құжаттарға қандай құжаттар жатады?
  • Нобай, сызба, техникалық сурет дегеніміз не?
  • Технологиялық карта не үшін керек?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ.

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа сай бейнебаян (жиналмалы қазақша үстел) көрсетіп алғанымыз жөн.

Бүгінгі сабақта біз қазақтың дөңгелек үстелін дайындауға қажетті нобайлар мен техникалық құжаттар дайындайтын боламыз.

жиналмалы қазақша үстел

https://www.youtube.com/watch?v=0OdmYjMeCLo

Сабақтың ортасы

3 мин.

15 мин.

10 мин.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушыларға тақтада дөңнелек үстелдің жасалу жолдарының сызбалары мен түрлерінің суреттерін көрсетемін. Сол суреттерге қарай отырып, сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін, қажет жағдайда толықтырып отырамын.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

Сыныпты топқа бөлу. Оқушылар топта қазақтың дөңгелек үстелінің жасалуын талқылайды.

  • Үстел қандай формада болады?
  • Үстелдің үстіңгі тақтайы және аяқтары қандай материадан жасалады?
  • Үстіңгі бетінің диаметр өлшемі қандай болады?
  • Үстелдің биіктігі қандай болады?
  • Үстел бүтін, құрастырмалы немесе жиналмалы болады ма?
  • Үстел үсті бетінің безендіруін анықтайды.

Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс.

Қазақтың ұлттық ою- өрнектерін қолданып, үстелдің нобайын және дайындауға арналған технологиялық құжатты (материалдарды өңдеуге арналған құрал- жабдықтар сиппатамасы және орындалу кезеңдері, сызбалар мен сұлбалар жазылған) орындаңыздар.

Дискрипторлар:

  • Бұйымның сыртқы пішінің біледі;
  • Бұйымды орындауға қажетті материалдарды ажыратады;
  • Бұйымның өлшемдерін анықтайды;
  • Бұйымның нобайы мен техникалық құжаттарын дайындайды.

Жиналмалы домалақ шəй стол

https://www.youtube.com/watch?v=NttVtp-ABL8

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы.

  • Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);
  • Тілек – жұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу