Мозаикалық панноға арналған негіз дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.


Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Сәндік панноны орындауға байланысты техникалық құжаттың кестелерін қарастырамыз.

Сабақ тақырыбы:

1- бөлім: Сәндік- қолданбалы өнер.

Мозаикалық панноға арналған негіз дайындау.

Сабақ мақсаты:

Өнімді дайындау реттілігін және ұтымды тәсілдерін анықтап, технологиялық құжатқа сүйеніп және қауіпсіздік техникасын қатаң сақтай отырып, мозайка дайындауға арналған негізді дайындау.

Бағалау критерийлері :

Білім алушы:

Өнімді дайындау реттілігін біледі;

Өнімді дайындаудың ұтымды тәсілдерін анықтайды;

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды;

Мозайка дайындауға арналған негізді өңдеп дайындайды.

Пәндік лексика және терминология:

Мозаикаға арналған негіз, цементтен жасалған негіз, гипстен жасалған негіз, арнайы негіздер.

Основа для мозаики, Цементная основа для мозаики, Гипсовая основа, Специальные основы

Basis for mosaic, Cement foundation for mosaic, Gypsum base, Special substrates

Мозайкаға арналған негіздің бірнеше түрлері бар. Мыс;

цементтен жасалған негіз;

гипстен жасалған негіз;

арнайы негіздер.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

Мозаика панносын орындауға арналған негіз дайындау.

Мозаика панносының негізін дайындауға арналған кезеңдер (қолданатын материалдар мен негізге байланысты дайындау технологиясы өзгеруі мүмкін):

1. Мозаика жасауға арналған негіз жаң тозаңнан тазартылады;

2. Беті тегістеледі;

3. Қажетті жағдайда беті белгілі бір грунтпен өңделеді.

Мозаика панносын дайындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау:

Жұмыс жасау орындарын таза ұстау керек;

Арнайы киім (фартук, халат, қолғап және т.б.) кию керек;

Ұшты және өткір заттармен жұмыс жасау барысында ұқыпты болу керек;

Электрлі немесе қол құралдарын пайдаланған кезде абай болу керек;

Желім, бояу сияқты құралдармен жұмыс жасау барысында дененің ашық немесе көзге тамып кетуін қадағалау керек.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс.

Өткен сабақта өздері орындаған нобай жұмыстарының соңғы нұсқасын арнайы дайындалған негізге көшіреміз. Негізге нобайды түрлі әдіспен көшіруге болады. Тор сызықтар (тор ұяшықтарының көлемі үлкен немесе кіші), құрал мен проектор және көшірме техникасының көмегімен жасауға болады.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

Бұйымның орындалу реттілігін біледі;

Негізді дайындауға қажетті материалдарды анықтап, тиімді қолдана алады.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды.

Уақытты тиімді пайдаланады.

Кері байланыс: «Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу