![]() |
|
![]() |
Мозаикалық панноға арналған негіз дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Мозаикалық панноға арналған негіз дайындау» тақырыбына арналған әдістемелік нұсқаулық. Өткен сабақта оқушылар мозаикаға арналған нобайларын және техникалық құжат орындаған болатын. Техникалық құжатты орындау арқылы оқушылар өз мозайкаларына қажетті деп саналатын материалдар мен құрал- жабдықтарының тізімдерін дайындаған болатын. Алдағы білімде оқушылар осы өздері дайындаған техникалық құжаттары мен нобайларына сүйене отырып, мозаикалық панноға арналған негіз орындайтын болады.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға
екпін жасау. Кез- келген әдіс- тәсіл арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударуға болады. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылармен бірге өткен сабақта орындаған мозаика панносын орындауға арналған техникалық құжаттарына талдау жүргізу ұсынылады.
Сәндік панно (мозаика) дайындау | |
Тақырыбы | Қандай? |
Өлшемі | Қандай? |
Пайдаланатын материалдар, қажетті өлшемі | Саны, көлемң, өлшемі, Қандай? |
Қажетті құрал- жабдықтар, олардың саны | Қандай? |
Орындауға қажетті уақыт | Жобамен қанша уақыт кетеді? |
Панноны қолдануға болатын орны немесе пайдалану мақсаты | Пайдалануға болатын орын, немесе қазіргі таңда кездесетін орындар. |
Қосымша мәлімметтер: Орындалған бұйымның ерекшелігі мен қасиеттері қандай? |
Осыдан кейін интербелсенді тақтада сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Сабақтың мақсатына сәйкес бағалау критерийлері таныстырылады.
Келесі бетте мозаиканы орындауға арналған бірнеше негіздерді көрсету ұсынылады.
Мыс;
- цементтен жасалған негіз;
- гипстен жасалған негіз;
- арнайы негіздер.
Оқушыларға осы негіздер туралы таныстырып болғаннан кейін, топта отырып өздері қалаулары бойынша мозаика панносын орындауға арналған орынды немесе негізді таңдауға рұқсат беріңіз.
Тәжірбиелік жұмыс жасау барысында оқушыларға техника қауіпсіздігін таныстырып, әр топқа қағаз түрінде шығарып беру ұсынылады.
Мозаика панносын дайындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау:
- Жұмыс жасау орындарын таза ұстау керек;
- Арнайы киім (фартук, халат, қолғап және т.б.) кию керек;
- Ұшты және өткір заттармен жұмыс жасау барысында ұқыпты болу керек;
- Электрлі немесе қол құралдарын пайдаланған кезде абай болу керек;
- Желім, бояу сияқты құралдармен жұмыс жасау барысында дененің ашық немесе көзге тамып кетуін қадағалау керек.
Тапсырма №1. Топтық жұмыс:
Мозаика панносын орындауға арналған негіз дайындау.
Кейін оқушылар өздері қалаған мозаикаға арналған негіз дайындайды (қолданатын материалдар мен негізге байланысты дайындау технологиясы өзгеруі мүмкін).
1. Мозаика жасауға арналған негіз жаң тозаңнан тазартылады;
2. Беті тегістеледі;
3. Қажетті жағдайда беті белгілі бір грунтпен өңделеді.
Жұмыс барысында оқушыларға қажет болған жағдайда көмек беруіңізге болады.
Тапсырма №2. Топтық жұмыс.
Оқушылар өткен сабақта өздері орындаған нобай жұмыстарының соңғы нұсқасын арнайы дайындалған негізге көшіреді. Негізге нобайды түрлі әдіспен көшіруге болады. Тор сызықтар (тор ұяшықтарының көлемі үлкен немесе кіші), құрал мен проектор және көшірме техникасының көмегімен жасайды. Мысалы;
Оқушылар өз жұмыс нәтижелерін аяқтағаннан кейін, өзара топ арасында талдау және бағалау үшін таныстырады. Қажет болған жағдайда толықтырулар мен өзгерістер еңгізеді.
Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың сабақ мақсаттарына қол жеткізе алдыма? Осына қадағалау керек. Ол үшін оқушылардың орындаған тапсырмаларын арнайы алдын ала дайындалған:
Тапсырманы бағалау критерийлері:
- Бұйымның орындалу реттілігін біледі;
- Негізді дайындауға қажетті материалдарды анықтап, тиімді қолдана алады.
- Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды.
- Уақытты тиімді пайдаланады.
арқылы бағалау жүргізуге болады. Сабақтың соңғы бөлігінде кері байланыс алу ұснылады.
Мыс;
Рефлексия:
«Талқылаудағы әріптестер»
Серіктеспен талқылау:
Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:
- Не оңай болды?
- Не қиын болды?
Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Әйнек немесе керамикалық плиталар кескішпен жұмыс жасау кезінде –
- кескішті дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша немесе қатты затты қойып жаса;
- кескішпен ойнама;
- кескішті арнайы орынға қойып қоюды ұмытпа.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023