Бұйым дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау

Оқу мақсаты:

6.2.3.2

Ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау.

Жобалық жұмыстарын жасауды жалғастырады.

Оқушылар бұл сабақта түгелдей практикалық дағдыларын дамытады. Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын оқушылармен бірге пратикалық тапсырманы орындау барысын қарастырып өтіңізіз. Ол үшін сізге қысқамерзімді жоспарда берілген сұрақтар көмектесе алады. Сұрақтарға оқушылардың барлығы бірдей жауап берудің қажеті шамалы. Бұл сұрақтар оқушыларға әрі қарай жұмыс істеу барысын қайта қарастырып, өткен сабақта құрған жоспарларына шолу жасау үшін қажетті.

Рефлексивті күнделік жүргізу

Оқушылар рефлексивті күнделік жүргізу тәртібімен өткен бөлімде орындаған жобалық жұмыстары барысында танысты. Осы жобалық тапсырманы орындау барысында да рефлексивті күнделік жүргізуді ұсынамыз. Бұл оқушының жобалық жұмысын жасау барысын қадағалауға, тайм-менеджмент дағдыларын меңгеруіне өз септігін тигізеді.

Рефлексивті күнделікті сұрақтарға жауап беру арқылы құрастырсаңыз да болады. Және бұл рефлексивті күнделік практикалық жұмысты орындауға ғана емес, сабақтың барлық кезеңдеріне де қатысы бар. Мысалы, зерттеу идеяны дамыту оқыту мақсаттарын іске асыру барысында да рефлексивті күнделікті қолдануға болады.

Тапсырма

Оқушылар практикалық тапсырмаларын орындауды жалғастырады. Оқушылар тапсырманы жұпта, топта, жеке орындауы мүмкін. Практикалық тапсырманың алғашқы нобайының үлгісі жұмыс барысында түрленіп, өзгеруі мүмкін. Бұл оқушының шығармашылық қарым-қабілетінің деңгейіне байланысты.

Шығармашылық жұмыс орындау барысында оқушыларға қолдау көрсетіп, қиындықтарды шешу жолдарын көрсету үшін бағыт-бағдар берсеңіз құптарлық.

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

 

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 

 Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  •  жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  •  арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  •  жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  •  ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу