Декорациялар дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 Бөлім: Визуалды өнер

Сабақ тақырыбы: Декорациялар дайындау

Оқу масаты:

6.1.4.1

Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау.

Сабаққа қажетті материалдар:

Бұл сабақ практикалық дағдыларға негізделген соң, оқушыларға графикалық материалдар, қайшы, желім, қатты қағаз, тұрмыстық картондар, түрлі түсті қарындаштар және т.б. материалдар қажет болады.

Сабақ барысы

Оқушыларға алдымен спектакльден үзінді көрсетіңіз. Бұл спектакль көлеңкелі театрға негізделуі мүмкін. Спектакльді көріп болған соң, оқушыларға сұрақ қойып, спектакльдің идеясын жеткізуде декорациялардың, реквизиттердің, сахнаның рөлі туралы сұраңыз.

Спектакльдегі ойды анық ашу мақсатында ондағы декорацияның да аз рөл ойнамайтыны белгілі. Қойылымдағы декорациялар әр қилы болады. Көбіне көп декорациялар спектакльдің оқиғасына, мазмұнына, идеясына байланысты.

Көлеңкелі театр қойылымын сахналау үшін үлкен декорациялардың қажеті жоқ. Ешқандай жиһаз, бутафориялар, театр костюмдері қажет емес. Декорацияны дайындау үшін қатты қағаз, ағаш рейкалары, сым, желім, жіптің бірнеше түрі жеткілікті.

Көлеңкелі театр бұл бірнеше өнердің синтезінен туған өнер. Олар бейнелеу өнері(түс, кейіпкерлер және т.б.), музыка, кино және т.б.

Практикалық тапсырма

Оқушылар көлеңкелі театрға арналған сахнаны және декорацияларды жасаудың кезеңдерін өздігінен түрлі ақпарат көздерін қарастырып, зерттейтін болады. Оны жасау үшін қажетті материалды да анықтайды. Ол үшін оларға сұрақтарға жауап беру бағыт – бағдар беруі мүмкін. Сұрақтарды әрбір оқушы жеке-жеке қарастырып, жауап бере алады. Бұл тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалда берілген қосымшамен қолдана аласыз.

Спекакльге арналған декорация жаса.

Декорация жасау үшін оқушылармен бірге бағалау критерийлерін ойластыру ұсынылады.

Оқушылармен бірге тапсырманың критерийлерін қарастырыңыз.

Бағалау

Сабақты бір сөзбен түсіндіру қажет.

Бағалаудың бұл түрінде оқушылардан сабақты қалай түсінгендіктерін бір сөзбен түсіндіруді сұрау ұсынылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу