Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері). Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.


Киімдегі костюм композициясының көзбояушылық заңдылықтары

Киім материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы,ол табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейпін, дәуірдің көрінісін бейнелейді. Жеке адамның эстетикалық талғамы оның киім кие білуінде ғана емес,сонымен қатар оның жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі, адамдармен қарым қатынасы,қандай салада болсын кәсіби іс әрекетін атқаруында ол қоғамға қандай пайда әкеліп әрі өзін тартымды ұстану нәтижесінде байқалады. Адам бойындағы әсемдік, ұсқынсыздық, күлкілі немесе қайғылы нәрселер жөнінде көзқарасы негізінде, шындықтағы құндылықтарды эстетикалық талғаммен бағалайды. Заман ағымына сай эстетикалық талғам және техника жаңалықтары мен жетістіктеріне байланысты өнер туындыларын әзірлейтін адамдарда талғам болуы қажет, себебі ол өзінің болашақ туындысының сипатын, мәнін белгілі деңгейде бағдарламасын түзідеді,әрі қоғамда эстетикалық талғам заңдылықтарын құрайды.

Заттық дүниенің үйлесімділігін табудың мақсаты:адамның заттықдүниемен байланысын тиімді ұйымдастыру, оның еңбегі мен оқуын, тұрмысын, демалысын тиімді әрі салауатты түрде ұйымдастыру. Ескеретін басты нәрсе, адам затқа емес, зат адамға қызмет ету қажет.Сонымен, заттық ортаны үйлестіру негізінде – қоғамдық өмір мен адамдардың рухани өмірінің деңгейіне байланысты әрі материалдық жағдайға сай тиімді қажеттіліктер қалыптасты. Сондықтан да, сұлулық заңына сай шығармашылық қабілеті бай іскер жеке адамды тәрбиелеу біздің алдымызда тұрған басты міндет.Қазіргі заман адамдары, заман талабына сай жоғары дамыған талғамға ие. Адамдардың сырт пішіміне қарап олардың жастарын немесе қай маман иесі екенін ажырату қиын.Костюмнің эстетикалық рөлі адамның сұлулығы мен рухани құндылығын айқындау, сыртқы ортамен үйлесімділігін табу.

Моданы көшеге алғаш жастар киіп шығады себебі олар жаңалыққа құмар әрі батыл әрекет жасай алады,суретші модельердің, дизайнердің іс-әрекеті мен заттық дүние, қоршаған орта олардың эстетикалық талғамы мен мәдениеттілігін байқатты. Сондықтан да, жастардың психологиясын біздің қоғамымыздың эстетикалық көрсеткіштеріне байланысты ұлттық дәстүрге сай жағымды қасиеттерге тәрбиелеуіміз қажет. Адам, өзінің жеке басында эстетикалық талғамды дамыту үшін ол айналадағы сұлулықты сезініп, түсініп оны қабылдай білуі қажет. Соның нәтижесінде ол әдемі, сұлу нәрсені көріп оның құндылығын бағалауға қабілеті арта түседі. Жеке бастың сапалық қасиеттері негізінде әрбір адамның талғамының дамуы негізінде жақсара түседі.

Киімадамның мінез құлқын, сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынасын, беделін,кейпін,жан дүниесін айқындап көрсетеді.Жастардың қоршаған ортадағы заттарға эстетикалық талғамына әсер ететін факторлардың бірі – демонстрациялық залдағы киім үлгілері,газет-журналдар,көрмелердегі киім үлгілері мен суреттеі, қоршаған ортадағы адамдар, ақпараттық құралдар.Киім үлгілерін таңдауға жастардың шығармашылық қабілетін туындату үшін, оларды дайын модельді іздемей, өз бетінше шешім қабылдауға және жағымды әдістерді бойына қаыптастыруға көмектесу қажет.Сондықтан да, мода үлгілерін газет журнал беттерінен оқып, өз ой-өрістерін кеңейтіп,әдемілікті түсініп, сезіне білуге үйрету аса қажет етеді.В.Г.Белинский эстетикалық талғам эстетикалық дамудың неғұрлым жоғары дәрежесін сипатайды деп есептеген, әрі ол жөнінде былай дейді: «Өнерді нағыз толық түсіну үшін мықтап зерттеп, даму қажет;адамның табиғаттан алатын эстетикалық сезімі зерттеу мен даму арқылы алынатын эстетикалық талғам дәрежесіне дейін көтерілуі тиіс».Жеке адамның эстетикалық бағалауларында, көзқарастарында, пікірлерінде әрдайым сол қоғамның, таптың немесе адамдар тобының адамгершілік, әлеуметтік саяси және басқа көзқарастарының өзінше бір таңбасы болып табылады.

Адам көзі қоршаған ортаға байланысты өз қалпында қабылдай бермейді,яғни заттардың бейнесін адам көзіне сырт қарағанда сол заттардың шын бейнесі әр уақытта дұрыс көре алмайды. Көздің мұндай кемшілігін киімді модельдеу барысында қолдану өте тиімді. Модельерлер киім үлгілеріндайындауда осы көз бояшылық білімін қолданып, адам денесінің сымбаты мен бетәлпет сұлулығы барлық адамдарда кездесе бермейді. Осы кешіліктерді жасыру үшін модельерлер киімнің көзбояушылық әсерін пайдаланады. Модельерлер киімді көркемдеп жобалау барысында негізгі міндеті адам тұлғасындағы кейбір кемшіліктерді көрсетпей әдемісұлу етіп көрсетуді алдына міндет етіп қояды. Көлемі бірдей төрт фигура- ішінде үшбұрыштың ауданы үлкен болып көрінеді онан соң шеңбер, сосын овал, соңында төрт бұрыш пішімі кішірейіп көрінеді.

Қара және ақ түсті екі бірдей квадраттардың пішімдері әртүрлі болып көрінеді. Қара квадрат ақ түсті квадраттан кіші болып көрінеді. Квадратты екі бірдей бөлікке горизонталь және вертикаль сызықтарменбөлсек ,вертикаль сызықты квадратұзын, горизонталь сызықты квадрат қысқа болып көрінеді.

Көзбояушылықәсердің (иллюзия – латын тілінен аударғанда «illusium» – призрак) үш түрі кездеседі. Олар:

Физикалық – ол күн сәулесінің шағылысуы, сәуленің сынуы (стакан ішіндегі суда тұрған қасық) барысында байқауға болады.

Физиологиялық– көзбояу, ол адам көзінің құрылымына байланысты /көздің көрермендік жазықтығына қарай түрліше сезінуі/.

Психологиялық – тұтас форманы қабылдауға, назар аударуы, жинақталған тәжірибенің әсері болуы мүмкін.

Ал костюмнің көзбояушылық әсері физиологиялық, психологиялық тұрғыда (яғни, түсті қабылдау, сәуле, бұрыш, өлшем, форма, жазықтық бағыты мен арақашықтарды салыстыруда т.с.с.) пайда болады.Әсіресе түстік үйлесімділікті қабылдауда көзбояушылық әсер күшті байқалады.

Ұзындықтары бірдей екі кесіндінің бірдей екі кесіндінің біріншісінің ұшы сүйір ал екіншісі доғал болса онда, біріншісінің көлемі ұзын болып көрінеді,екіншісінің ұзындығы қысқа болып көрінеді.

Етегі кең киімдер адам фигурасын толық етіп әрі кішірейтіп көрсетеді. Егер жолақты матаданкөйлек тіккенде жолақтарын көлденең орналастырса,дене толық болып көрінеді.Матаның жолақтарын тігінен етіп орналастырып тіксе,денені ашаң етіп көрсетеді.Ашаң мен толықтау келген әйелге киім тіккенде осы жағдайды ескеру қажет.Үш бұрышты мойын ойындысы иықты үлкен, бөксені кішкентай етіп көрсетеді. Практикада дене құрлысына мынадай кемшіліктеркездеседі.Мысалы, оң иығы сол иығынан биік болады бұл кезде биік бөксеге жолақ қойып немесе белдік, шарф, иініш т.с.с. жапсырма қолданып кемшілікті жасыруға болады.Үлкен және кіші шеңбердің контрасты әсерінен ішіндегі шеңбер кіші болып көрінеді.Адам бетін кішірейту үшін кең шеңберлі қалпақкигізіледі,ал сопақ беттерді үлкейту үшін кіші шеңберлі бас киім кигізіледінемесе киім жағасын пайдалана отырып адам бетін әдемі етіп көрсетуге болады.Биік қалпақты қыз бойы ұзын болып көрінеді. Иығы қушыққыздар үшін иықты үлкен болып көріну үшін иінішті киім кигені дұрыс.Киімжан-жақты толық болып көріну үшін киімде иллюзиялықкөзбояушылықсызықтар мен түстер өзара үйлесімін табуы тиіс.

Түстер де адам денесіне өз әсерін тигізеді. Мысалы, суық түстер адам денесін кшірейтіп жеңіл етіп көрсетеді. Ал,жылы түстер адам денесін үлкейтіп айшықты етіп көрсетеді.Суретші модельерлер киім дайындау барысында бірнеше композициялық тәсілдердіпайдаланады:

1.Композициялық орталықты табуды қажет етеді, ол белдік, жаға, қаусырма, түрлі әшекейлер болуы мүмкін.

2.Кіші элементтер өзара үйлесімді болуы тиіс, яғни жаға, жең мен киім етегі, белдігі т.б.

3.Киім түрі оның қолдану мақсатына сай келуін ескеру қажет.

Костюм композициясын шамадан артық сәндеу.

Костюм композициялау элементтерінің бірі сәндеу.Киімді сәндеу барысында киім сызығына, пішіміне, матасына, құрылысына, түсіне үйлестіре таңдау қажет.Сәндеу бұл киімге қосымша әсемдік беру мақсатында қолданылады.Бірақ , сәндеу кез – келген костюмде қолданылмайды.Тарихи кезеңедерде киімді сәндеу элементтері киім тігуде негізгі рөл атқарды.Мысалы, бір киімнің өзінде әртүрлі сәндеулерді қолданып киімді ауырлатып,тіпті адамнан киім басым етіп көрсетеьді.

1912 жылы модада қазіргі кездегі мода ағымындағы сәндеулер қолданылған.Тарихи кезеңдерде мода ағымына байланысты киімді сәндеуде және оны пайдалануда өз ерекшеліктері болады. Моданың уақытша ағымы барысында сәндеудің кейбір түрлері қайталанып отырады.Тоқыма, бау, таспа, сутаж,кең түрде қолданылатын.Осы таспа мен сутажды 70-жылдардың басында мода ағымына қайтадан киімді сәндеу қолданылатын жаңа композицициялық шешімін тапқан.

Қазіргі кезде киімді сәндеуде мынадай сәндеулер қолданылады: үлпек,табиғи және жасанды үлпектер,мата,тоқыма теріледі және жасанды ұсақ түйек заттар машина тігістері,опликация,моншақтар,кестенің түрлері, шашақтар т.б. және сонымен қатар бүрмелер,буфалар,қатпарлар,ролик және бантиктерді әр түрлі материалдардан киімді әшекейлейді.

Жоғарыда айтылғандай сәндеу киімге қосымша әсем түр береді.Киімді сәндеу барысында сол киімді қай мезгілде киетінін анықтап және киілу мақсатына (үй киім,сән-салтанатқа жұмысқа,спорттық) көңіл аудару керек.Күзге киетін жеңіл пальтоның жағасы қаракөлдің терісінен ықшамды етіп тігілсе қыстық пальтоның жағасы үлкендеу және (кесте, менежка,әдіп, апликация қондырмасы,жаға,манжет,гүлдері) сәндеудің арасында киімнің қолдану мақсатына қарай өзгеруге болады.Мысалы:Белдік тағып күнделікті киім кисе сол киімге гүл, бант қондырса ол киімді сән-салтанатқа киюге болады.Киімді сәндеу негізгі композициялық ойлардың шешімін табуда үлкен рөл атқарады.

СӘН ӘЛЕМІНІҢ АЙМАНЫ МЕН ШОЛПАНЫ

25 Маусым 2017

 1214 просмотров

Қазақстан нарығы отандық дара киім тігу саласынан кенде емес

 Эстрада өкілдері, кино әлемінің жұлдыздары отандық дизайнерлердің талғамына жүгінеді. Әлемдік ірі сән байқаулары да қазақстандық модельерлердің қатысуымен өтеді.  Бұл жақсы үдеріс. Бүгінде сән саласында өз өніміңді ұсынып, бизнесті жолға қою оңай емес. Дегенмен, осы кәсіптің күрделілігіне қарамастан, сән мен сапаға ерекше ден қойып, жеке кәсібін ашқан апалы-сіңлілі Айман мен Шолпан отандық киім индустриясында өз орындарын еншілей алды. Жас болса да іскер, талантты қыздар қыз-келіншектерге экслюзивті классикалық киім үлгілерін ұсынады. Осы ретте отандық сән әлемінде жеке кәсіп бастаудың қыр-сырын білу үшін апалы-сіңлілі аруларды әңгімеге тарттық.

— Айман, білуімше, сіздердің мамандықтарыңыз дизайн саласынан алыс, мүлде басқа сала. Сән әлеміне қалай келдіңіздер?

— Иә, мамандығымыз мүлде басқа. Мен журналситиканы тәмамдасам, сіңлім Шолпан – әлеуметтік қызметкер. Мені медиа саласы да қызықтырады, мамандығым бойынша тәуір жұмыс тәжірибем де бар. Алайда бьюти мен фэшн әлеміне бүйрегім бұрып тұрды. Әрдайым қызықтырып, осы саланы бақылап жүретін едім. Жастардың ерекше сәнмен киінуі, сол арқылы ішкі «менін» шығара алуы толғандырды. Студент кезімде мен өзгелерден даралануды ойладым, ешкімге ұқсамайтындай, өзгешеленіп киінуге тырыстым. Киімнің бірін сатып алсам, енді бірін қолдан тіктім. Бет әрлеу бойынша кәсіби білімім бар. Бастапқыда ірі фэшн шараларда модель қыздардың бетін бояуға тапсырыс алатынмын. Кейін көре-көре, жеке кәсіпті бастауға шешім қабылдадық.

— Басты конструктор, эскиздерді кім салады? Басты мотиватор кім?

— Мотиватор – анамыз. Ол кісі біздің үнемі қолдап, кеңес береді, көмегін аямайды. Ата-анамыздың тілеуі мен жақындарымыздың қолдауы арқасында бүгінгі жетістікке жетіп отырмыз. Ал эскиздерді сіңлім екеуміз сызамыз, сосын командамыздағы шеберлерге идеямызды айтамыз. Киім тігу бір бөлек те, оның нобайын тудыру басқа. Бұл үдерісті таза шығармашылық деп білемін.

— Топтамаларыңызды қарап отырсақ, классикалық бағытты ұстанасыздар.

— Классикамен шектелмейміз. Біз классикаға қарағанда көбіне әмбебап киім тігуді ойлаймыз. Киім үлгілері күнделікті өмірде де, жұмысқа да ыңғайлы. Мысалы бір көйлекті бірнеше жерге киюге болады. Таңертен жұмысқа киіп, кешке тойға  да баруға болады. Көйлектер кедімен не крассовкімен саябақта серуенге, отырыстарға достармен кездесуге баруға да жайлы келеді. Сосын біз модульді топтамаларды жасауға тырысамыз. Екі киімнен тұратын топтаманы бірге киюге немесе өзіңіздің гардеробыңыздағы киімдермен үйлестіріп жеке киюге болады. Сонда адам бір киім сатып алып, оны басқа киіммен киіп жаңа образдарды құра алады. Ашық-шашық киінбеу, талғаммен ерекшеленген абзал. Біз уақытын бағалай білетін іскер келіншектерге киім тігеміз.  

— Бүгінгі таңда «Аisho-atelier» шеберханасының қанша бутигі (дүкені) бар?

— Жекелей бір шеберханамыз бен дүкеніміз бар. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларының жетекші дүкендерімен серіктестік орнатқанбыз. Ірі дүкендерде киімдеріміз саудаланады. Қазір Қазақстанның кез келген қаласына тапсырыспен киім жеткіземіз.

— Қанша тігінші бар? Жалпы бизнесте қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыздар? Табыс туралы айту ерте шығар, сонда да, коммерциялық құпияңыз болмаса, бөлісе отырсаңыз.

— Шеберханамыз шағын, киімді ұсақ партиялармен даралап тігеміз. Бүгінде 1 тігінші, 3 конструктор бар. 5 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жақында 1 жылдығымызды тойлаймыз. Осы аралықта Mercedes-Benz Fashion Week Almaty көрмесінде жоғары қошеметке бөлендік. Маусым сайын Pop-up Shop көрмелеріне қатысамыз. 

— Неге көбіне отандық өнім қымбат келеді? Ерекше қолтаңбамен, өзге модельерлердің жұмысына ұқсамайтын киім үлгісін дайындау қаншалықты қиын?

— Біріншіден сапалы киім әрі эксклюзивті киім қашан да қымбат келеді. Қымбаттылығына түрлі факторлар әсер етеді. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері толығымен шетелден алынады, сондықтан доллар бағамына тәуелді. Өндірісте Түркия, Корея, Қытай, Италия маталары қолданылады. Бұған тігіншінің қол еңбегі, салық, жұмыс орынын жалға алу қосылады. Біз орташа бағаны қоюға тырысамыз. Өзгелерден басқа болу, әрине, қиын. Бірақ Шолпан екеуміз даралану үшін кәсіпті қолға алғанбыз, өзгелерден ерекше болу бізді қанаттандырады.

— Әкімшілік кедергілер көп пе, мәселен, салық төлеу немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?

— Әкімшілік кедергілер бар. Дегенмен, барлығын уақтылы төлеп, есепті ұқыпты жүргізуге тырысамыз.

— Демеушілер немесе үкімет тарапынан қаржылай көмек алдыңыздар ма? Несие немесе грант?

— Әзірге мемлекеттік қолдауды қолданбадық.

— Болашаққа жоспарларыңыз қандай? Қыз-келіншектерге арналған киім желісінен бөлек, балалар  немесе ерлер киімі болып жіктеле ме? Мүмкін басқа жоспарлар бар шығар.

— Әзірге тек әйелдер киімін тігеміз. Ерлер мен балалар киімін тігу ойда бар, бірақ оған жүйелі жоспар және дайындықпен келу керек. Асығыстық шикілікке, шикілік сапасыздыққа әкеледі.

— Бәсекелестік ортасы қандай?

— Отандық дизайнерлік киім тігуде бәсеке қызып тұр. Біз бағаларды қымбаттатпауға әрі өндірісте сапалы маталарды қолдануға тырысамыз. Өнім бойжеткендер мен келіншектер нарығына бағытталдық. Шығаратын киім өлшемнің ең үлкені 48-ге дейін. Біздің тұтынушылар талғампаз, кербез, мінезді, сәнқой қыз-келіншектер.

— Шетелге көп шығасыздар, салыстырмалы түрде қарағанда қазақстандық нарыққа не жетіспейді?   

— Отандық нарық жетілу үстінде. Кемшіліктерін айтпай-ақ қояйын, бірақ ілгерілеу бар. Ең бастысы дизайнер аға-әпкелеріміздің талғамы биік, кәсібилігі жоғары.

— Қазақстанда өз ісіңді бастау үшін шамамен қандай капитал керек?

— Ең алғашында шамамен 80 000 теңге капиталмен бастағанбыз. Содан соң біртіндеп өстік. Идея мен сол идеяны жүзеге асыруға деген сенім жоғары болса, соғұрлым өміршең болмақ. Ал мұндай істі кез келген капиталмен бастауға болады.

— Сұхбатыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу