Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері). Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2 бөлім: Дизайн және технология

Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Күні: __________________2019ж.

 Мұғалімнің аты-жөні: Халендеров А.А.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

1.Сабақ тақырыбы

Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1 тарихи және мәдени шығармалардағы қолөнер, дизайн туындыларының материалдарын, түрлерін, бағыттарын салыстырмалы талдау;

9.1.3.1 шығармашылық ойларды жүзеге асыруда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты, өнімді пайдалану. (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану)

 Сабақ мақсаттары

  • тарихи және мәдени шығармалардағы қолөнерді қарастыру;
  • дизайн туындыларының материалдарын, түрлерін, стиль бағыттарын салыстырмалы түрде талдау;
  • шығармашылық ойларды жүзеге асыруда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін тиімді пайдалану. (АКТ-ны қолдану).

 Бағалау

 критерийлері

  • тарихи және мәдени шығармалардағы қолөнерді қарастырады;
  • дизайн туындыларының материалдарын, түрлерін, стиль бағыттарын салыстырмалы түрде талдайды;
  • шығармашылық ойларды жүзеге асыруда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін тиімді пайдаланады. (АКТ-ны қолданады).

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар тарихи және мәдени шығармалардағы қолөнер жұмысары туралы ауызша таныстырылым мен жазбаша талдауда көрсетеді.

Сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу дағдылары.

Тәсіл, әсер етулер, жанрлар, идеялар, контекст, мән, стиль, материалдар, аспаптар, техникалар, өндіру процестері

дизайнерлік шешімдер, пікірлер, сауалдар, мәселелер.

Шығармашылық жұмыстарға қолөнердің … әсері бар.

Мен мынадай стильдер/материалдар/ аспаптар/техникалар/өндіру процестерін ұсынамын, себебі …

Сіздің пікіріңізге мен …

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқушылар тарихи және мәдени шығармалардағы қолөнер және дизайн туындыларын қарастырады. Материалдарын, түрлерін, стиль бағыттарын зерттейтін болады. Олар ерте заманғы өркениеттен бастап қазіргі уақытқа дейін суретшілер мен қолөнершілер жұмысындағы ерекшеліктерді салыстыра отырып, осы құндылықтарды бойына сіңіреді

 Пәнаралық

 байланыстар

Оқушылар химия, тарих, информатика пәндерінен алған білімдерін қолданады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақта колдана отырып тақырыпқа байланысты түрлі бейне баян көрсетіледі және ғаламтор көдерін ноутбуктар немесе ұялы телефондар арқылы қолданады.

Бастапқы білім

Оқушылар 8сыныптарда өткен тарихи және мәдени шығармалардағы қолөнер және дизайн туындыларын 2D дағдысында салатын болады. Олар түрлі уақыт кезеңдерінде және өнердің түрлі ағымдарында, мысалы ренессанс, модерн, классицизм және ұлттық стилдерде пайдаланылатын дағдыларын қолданатын болады. Олар су бояуымен, майлы бояуымен, гуашь немесе акрил бояулармен, бояғыштар және аралас құралдармен, тігумен, сырумен, металл бойынша жұмыспен, сондай-ақ фотоға түсіруді қоса алғанда 2D жұмыстарын орындау үшін зерттеу мен идеяларын қалай іске асыруға болатындығын жете түсінетін болады. Оқушылар жаңа идеялар құру үшін өз зерттеулерін қалай орындауды және пайдалануды біледі. Өткен сыныптарда оларда осы идеяларды өнер немесе қолөнерде 2D бұйымдарға ауыстырға мүмкіндігі болады. Олар мата, мақта, жүн бояу мен бояғыштар сияқты бірқатар материалдармен жұмыс істеу тәжірибесіне ие болады. Олар өз жұмыс процесстерін қалай талдауды және бірқатар өлшемдерге қатысты алынған жұмысты қалай бағалауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сыныппен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

2.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру, яғни сабаққа оқушыларды бейімдеп бағдар беріледі.

3. Cабақ тақырыбымен, мақсатымен және

критерийлермен танысады.

4. Бағалау;

5. Талдау;

6. Рефлексия.

Түрлі-түсті стикерлер, құрал-саймандар, скейчбук немесе альбомдар жұмыс дәптерлер

Сабақтың ортасы

7 мин.

3мин

15мин

(P) (I) (F) Зертеу, бейнебаян көрсетілім.

Оқушыларға заманауи сән әлеміндегі сарындық стильді, бағыттарды өздігінен ізденіс зерттеулер жүргізуді ұсыну керек:

  • Классикалық стиль (қатал. Іскер, сәнді киіну );
  • Спорттық стиль (демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер);
  • Романтикалық стиль (әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді);
  • Фольклорлық стиль (этникалық) ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.

(D) слайд көрсетілім (презентация)

Олардың басты назарларын салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Топтар бір стильді таңдап алып, өздерінің білімдерін солай қарай бағыттай алады.

(P) (I) Сұрақтарды талқылау

  • Стиль дегеніміз не?
  • Стиль түрлері қандай болады?
  • Ұлттық сипаттағы киім түрлері қай стиль түріне жатады?
  • Фольклорлық стильдегі киім түрлерінің ерекшелігі неде?
  • Адам өзін еркін және ыңғайлы сезінетін киім үлгісі қандай?
  • Спорттық стиль мен романтикалық стильдің айырмашылығы неде?

(F) басбармақ тәсілімен бағаланады

W) (G) Тәжірбиелік жұмыс

Оқушылар «Сән» ұғымына байланысты әр стильді таңжай отырып шағын топтарда постер құрастырады.

Содан соң өздерінің құрастырған постерларын бүкіл сынып алдында қорғайды. Сағат тілінің бағытында топтар бірін бірі бағалайды сонымен қатар идеяларын жақсарту мақсатында өз пікірлерімен бөліседі және басқалардың ұсыныстарын қабылдауы мүмкіндігіне ие болады.

(F) стиль фишкалармен бағаланады.

Сән әлеміне ұлттық нақыштағы корсет пен күртешелерді әкелген ...

https://itube.kaztrk.kz/.../san-alemine-ulttyq-naqyshtagy-kors...

Заманауи париж арулары стилі

https://khabar.kz/kz/m-ra-at/top-beine/item/109185-zamanaui-parizh-arularyny-stili-andaj

Сабақтың соңы

5 мин.

Кері байланыс

«Телеграмма» стратегиясы арқылы бүгінгі сабақта өз ойына түйген ең қажетті сәтті және тілегін көрші оқушыға жазады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

W= бүкіл сынып

G = топтық жұмыс

I = жеке жұмыс

E = оқушы тәжірибесі

D = материалды мұғалімнің таныстыруы

f = пішіндік бағалауды қолдайды

T = демонстрация учителя

= қауіпсіздік бойынша кеңес

Қосымша тапсырма:

Киім түрлері киім арналуына қарай бірнеше түрге бөлінеді, күнделікті киім, үй киімі, спорттық киім, әртүрлі салтанаттарға киюге арналған киім.1. Күнделікті киетін тұрмыстық киім:1 ) Қызметтік киім2)  Серуендік киім3)  Арнаулы жұмыс киімі4 ) Ведомствалық немесе формалық киім2. Үй киімі1. ) Демалыс күндері киетін киім2.)  Үй шаруашылығына киетін киім3. ) Сәнді үй киімі

3. Спорттық киім4. Өндірістік киім5. Сәнді киім1)  Салтанатты кештерге арналған киім

6.  Ересек адамдарға арналған киім1).  Жастар 18 - 20 жас2.)  Орта жас 30 - 44 жас3. ) Егде адамдар 45 - тен жөғары4. ) Қарт адамдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу