Саяхат жалғасуда! Дөңгелектер мен осьтер қалай қозғалады? Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 -бөлім: Саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 2

«А», «В» 02.05.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхат жалғасуда! Дөңгелектер мен осьтер қалай қозғалады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1

Бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсініп, материалдар мен оларды байланыстыру тәсілдерін анықтау.

2.1.6.1

Шығармашылық идеяларды дамыту барысында, белгілі бір ақпарат көздерінен деректер жинақтау.

 Сабақ мақсаттары

 Материалдарды байланыстыра отыра, бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсінеді.

 Шығармашылық идеяларын дамыту үшін ақпарат көздерін қолдана алады.

  Бағалау критерийлері

  • Бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсіне алады;
  • Материалдар мен оларды байланыстыру тәсілдерін анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл көлік құралдары қалай жасалған?
  • Бұл көлік құралдары не үшін қажет?

Пән лексикасы және терминология:

  • көлік құралдары, автобус, машина, жүк машинасы, өрт машинасы
  • функция, қозғалыстағы адамдар

Құндылықтарды дарыту

Сыныптастардың бір- біріне деген, бір- бірінің ойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика- дөңгелек мен осьтерді жасап үйрену, өлшеу;

Ғылымға кіріспе- күш туралы оқығандары көмектеседі.

Бастапқы білім

Көлік құралдарының түрлерін біледі және ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

3 минут

  • Ұйымдастыру. Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

 Материалдарды байланыстыра отыра, бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсінеді.

 Шығармашылық идеяларын дамыту үшін ақпарат көздерін қолдана алады.

АКТ- презентация

Сабақтың ортасы

4 минут

25 минут

3 минут

  • Зерттеу жұмысы. Тапсырма №1. Топтық жұмыс түрі.

 Оқушыларға конвертке салынған көліктің бөлшектері беріледі. Әр топ өздеріне түскен бөлшектерден көлік құрастыру қажет. Бұл арқылы оқушылар көліктерінің атауларын, бөлшектерінің қажеттілігін біле алады.

 Тапсырма №1. Берілген бөлшектерден көлік құрастырыңыздар.

 Оқушылар әртүрлі көлік құралдарын (дөңгелектер, осьтер, шасси, шанақ, кабина) бөлшектерге бөліп және қайта біріктіріп жинай отырып (яғни аспаптарды пайдалана отырып), олардың қалай үйлесетіндігі туралы ойлай отырып талқылайды.

Кері байланыс:

Сіз қалай ойлайсыздар, дөңгелек пен ось не үшін қажет? Олар көліктің қай бөлігінде орналасқан?

Сіздердің ойларыңызша, олар қалай жұмыс жасайды?

Осы сұрақтар оқушылардың дөңгелек пен ось құрылымдарын жасау кезінде олар туралы ойлай алуы үшін қажет болады.

  • Практикалық бөлік. Жекеше жұмыс түрі.

Тапсырма №2. Көлік дөңгелегі мен осьтерін жасау.

Оған кез-келген екі әдістің бірімен қол жеткізуге болады:

  • Осьтер үшін сусын ішетін/ конструкторлық сабан түтікшелерді және дөңгелек тәрізді картонды шеңберлерді пайдалану. Осьтер үшін саңылау жасау үшін тескішті пайдалану. Карта шассиге (көлік құралының астынан) бекітілуі немесе жабыстырылуы қажет.
  • Сабан түтікшені өзінің моделінің түбіне бекітетін ось ретінде пайдалану, одан кейін байланыстырушы штифт деп аталатын шеңбер ағаштардың ұзындығына кейбір картон дөңгелектерді немесе бөтелкелердің қақпақтарын бекіту. Алдымен бір доңғалақты бекіту, содан кейін сабан түтікше арқылы штифтіні басу және басқа дөңгелекті бекіту.

 Оқушыларға олардың бөлшектерді, барлық құрылымның күшін және қозғалыстың жеңілдігін қаншалықты жақсы бекітетіндігін ескеру қажет болады.

 5. Таныстырылым.

Шығармашылық жұмыстарын орындап болған соң, әр оқушы өздерінің салған көлік құралдары туралы қысқаша айтып өтеді.

  • Менің көлік құралым …
  • Оның пішіні …
  • Менің көлік құралым … арналған.

Тарату материалдары- көліктердің бөлшектері

Түрлі көлік құралдарының суреттері

Дөңгелек сияқты қағаз катушкалар, карточкалық дискілер, ағаш және пластикалық рамалар, ағаш дюбель және осьтерге арналған су ішетін сабан түтікшелер (кесіп алынған және желімделген) әртүрлі өлшемдері бірдей дөңгелектер (бөтелкелердің қақпақтарын да қолдануға болады) немесе шассиге арналған қорапшалар, желім, кішкентай аралар, қысқыштар, қайшылар, қарындаштар, сызғыштар.

Сабақтың соңы

4 минут

  • Бағалау. Топтық бағалау түрі.

 Оқушылар шағын топта бағалауды жақсарту есебімен әртүрлі құрылымдардың сапасын салыстыра отырып, дайындау прогресін (тақтада жазылған) талқылайды және бір- бірімен бөліседі.

 Дескрипторлар:

  • Дөңгелектердің өлшемі бірдей;
  • Ось штифтке ұқыпты біріктірілген;
  • Дөңгелектері айналады.

 

 6. Рефлексия

Өздеріңіздің сыныптағы жұмыстарыңызды қалай бағалайсыздар?

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

Бүгін мен ... істей алдым.

Маған … қиын болды.

Мен … үйрендім.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар көлік құралының сыртқы бейнесіне нақты көңіл аудара отырып жасайды, ал кейбіріне мұғалімнің көмегі және нұсқаулық қажет болады.

 Оқушылар шағын топта бағалауды жақсарту есебімен әртүрлі құрылымдардың сапасын салыстыра отырып, дайындау прогресін (тақтада жазылған) талқылайды және бір- бірімен бөліседі.

 Мұғалімнің бақылауы арқылы да іске асырылады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Бұл сабақта практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар орындарынан тұрып жүреді

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлесігінің жетекшісі_________________Дюсенова Г.Г.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу