Қазіргі өнердің даму тенденциялары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал.


2-қосымша

Реализм

Реализм (заттық, шын мәніндегі) -XIX ғасырдың екінші жартысындағы көркем өнер бағыты, өмірдің шындығы мен көріністерін тура бейнелеуге және оның қарама-қайшылықтарын көрсетуге ұмтылатын ағым. Бұл бағыттың міндеті өмірді ол қандай болса, сол қалпында көрсету болып табылады. Реалист суретшілер қарапайым халықтың образдарына жиі жүгінді, олар үшін сыни және мейлінше шынайылық тән. Реалистік тенденцияларға тән өмір құбылыстары өнерге тереңдеп кіріп, барлық реализм әдісінің ерекшелігін анықтады. Көптеген жағдайларда реализм озық ойлы социализм қозғалыстарымен, қоғамдық тенденциялармен тікелей байланысты.

Модернизм

Тікелей мағынасында модернизм дәстүрлі классиканы қайта қарап шығудың бастамасы дегенді білдіреді. Модернизм — «басқа өнер», оның мақсаты ішкі бостандық пен әлемнің ерекше көріністеріне сүйенетін шығармаларды жазу болып табылады. Модернизм –бұл автордың даралығына, оның ойларының еркіндігіне және ішкі эмоцияларына негізделетін түрлі стильдердің жиынтығы болып табылады. Модернизм адамның ішкі әлемінің бірегейлігіне назар аударып, суретшінің фантазиясына ерік беріп, интеллектісінен гөрі, оның интуициясына көбірек сүйенеді. Жаңа өнер доминантасы ретінде белгісіздік және анықсыздық алдыңнан атып шығады. Бұлар кескіні дұрыс пішілген персонаждар емес, иллюзиялар, фантомдар, модальдықтар болып табылады. Жаңа көркем оптиканың алуан қырлылығы жақсы таныс және санаға бейімделген образдардың көмегін пайдаланбайды. 

Постмодернизм

Постмодернизм өнері ұсақ-түйектерге, нюанстарға мән береді. Ол «ұлы», «мәңгілік өнер» болуға ұмтылмайды. Оның еншісіне тиетіні аз болса да, соған қанағат етеді. Ол шағын миниатюра болғанымен, одан бәрін табуға болады: сезімдер аспанға шапшып, құштарлық айғай салып тұрған жоқ, ойлар сабырлы. Барлық тым ұлғайтылған, тым маңызды және алып нәрселерді ол ирониямен, пародиямен, мысқылмен, әзілмен, гротескпен алмастырады. Ол ешқандай жанр немесе стиль ережелеріне бағынбайды. Оны қарама-қайшылықтар қинамайды, амбиваленттік, байланыссыздық, стильдер мен жанрлардың араласуы алаңдатпайды. Туындылар тіпті қызық гибридтерге ұқсайды. Постмодернизм зияткерлікке, пайымдарға негізделген стиль. Істің байыбына барсақ, модернизм дайын, өткеннен сүзіліп келген нәрселерді қабылдайды, тек қана олардың жетіспей тұрған жерлерін жаңа мазмұнмен толықтырады. Постмодернизм өнері әр қырлы, тарамдалған және кереғар деуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу