Қазіргі өнердің даму тенденциялары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша Модернизмнің негізгі ағымдары

Сюрреализм - тылсым күштер, санадан тыс күштер (фр. Surrealite) –бұл бейнелеу өнеріндегі шынайы өмір мен түстің арасындағы, нақтылық пен санадан тыс болмыстың арасындағы шектерді жоюға ұмтылатын ағым және ол Францияда ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қалыптасты.

Сюрреализм өнерінің жалпы ерекшеліктері — абсурд фантастикасы, алогизм, пішіндердің парадоксқа толы нобайлары, көзге көріну тұрақсыздығы, бейнелердің өзгергіштігі. Сюрреалистердің басты мақсаты санадан тыс дүниелер арқылы материалдық және идеалдық әлемнің шектеулі екендігіне бой бермеу болып табылады. Бұл бағытты ұстанушы суретшілер өздерінің полотноларында түпкі санадағы шынайы болмысты көрсетпейтін өзге әлемді көрсетуге тырысты, алайда іс жүзінде патологиялық ауытқулары бар сүреңсіз бейнелердің пайда болуына алып келді.

Бағдарламалық тұрғыдан біртекті болуына қарамастан, сюрреалистердің туындылары қисынсыз ассоциациялар туындатады. Олар біздің қабылдауымызда жақсылықтың да, жамандықтың да нышаны болуы мүмкін. Сұрықсыз көріністер және идиллияға толы ойлар, көндігу мен еліру, шарасыздық және сенім -осы сезімдердің барлығы сюрреалистердің картиналарында көрерменге пәрменді ықпал ете отырып, әртүрлі нұсқаларда көрінеді. Абсурдқа толы және белгілі бір дәрежедегі көңілді көтеретін дүниелер болғанымен, сюрреализмнің кейбір туындылары сананы оятып, қиялды қанаттандыруға қабілетті. Сюрреализм қарама-қайшылықтардан құралған көркем құбылыс болып табылады, бұл белгілі бір дәрежеде оның таралу аясының кең болуын түсіндіреді.

Бұл қозғалыстың көрнекті қайраткерлері — Андре Бретон — жазушы, ағымның көшбасшысы мен шабыт берушісі, Луи Арагон —сюрреализм негізін қалаушылардың бірі, коммунизм "бұлбұлына" айналған жезтаңдай, Сальвадор Дали — суретші, теория маманы, ақын, сценарий жазушы, ол бұл ағымның мәнін «Сюрреализм —бұл мен!» деп айқайлап тұрып түсіндірген, жоғары дәрежелі сюрреалист- кинематографист Луис Бунюэль, суретші Хуан Миро — оны Бретон мен басқа да әлем суретшілері «сюрреализм қалпағының ең әдемі қауырсыны» деп атаған.

КУБИ́ЗМ (франц. cubismе, cube – куб), Францияда 1907 жылы пайда болған өнер бағыты және 1920-шы жылдарға дейін қолданыста болған. 1911–18 жж. өзінің өркендеу шегіне жеткен. Негіз қалаушылар — француз суретшілері П. Пикассо және Ж. Брак

Кубистердің туындыларына жазықтықтағы заттар мен «фигуралардың ыдырауы», көзге көрінетін әлем формаларының қарапайым геометриялық денелерге (кубтарға, конустарға, шарға, т.б.) ұқсастырылуы, тура сызықтар мен үшкір қырлардың болуы тән. Кубизм постимпрессионистердің идеяларына сүйене отырып, өмірге ұқсастықтан бас тарту қағидаттарын жария етті. Бейнелер жекелеген, шынайылықтан жұлынып алынғандай тәсілмен құрылады. Объект бір уақытта көптеген пікірлерге сүйене отырып, көрсетіледі.

. Кубистер тірі жандар мен заттардың формаларын геометриялық пішінге келтіріп, оларды машиналар мен механизмдердің бөліктеріне ұқсастырып жібереді, ал жансыз заттар керісінше адам кейпіне және мінез-құлыққа ие болады. П.Пикассо дөңгелек пішінді затты квадрат етіп бейнелеуге болады деген болатын.

Импрессионизм, постимпрессионизм

Импрессионизм — XIX соңғы үшінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы өнердегі бағыт, оның өкілдері нақты өмірдің қозғалысқа және өзгерістерге толы екенін, өмірдің әр сәтін шынайы бейнелеуге тырысқан. Импрессионизм (термин «әсер» дегенді білдіретін француз сөзінен шыққан) 1860-шы жылдары Францияда пайда болды, көркем бейнелеушілер Э. Мане, О. Ренуар және Э. Дега өнерге қала тұрмысының алуан қырлылығын, динамикасы мен күрделілігін, әлемді қабылдаудағы жаңашылдық пен шынайылықты алып келді. Олардың шығармаларына алдамшы теңсіздік, композициялардың үзіктігі, күтпеген ракурстар, фигуралардың рамаға сыймауы тән.

Импрессионистер бейненің шынайылығына қол жеткізуге, көздің нақты уақыт мезетінде көргенін сол күйінде беруге тырысты.

Олар суретке арқау болған объектінің бөлшектеріне емес, сол мезеттегі оның жарығы мен түсіне көп көңіл бөлген.

Олар ашық ауада сурет салды, жарық өзгеріп кетпес үшін, оны сол қалпында тезірек көрсетуге ұмтылды.

Олар уақыт үнемдеу үшін қылқаламдарымен апыл-ғұпыл тез жағып, түстерді араластырылмаған күйінде жиі пайдаланды.

Олар ерекше визуалды бұрыштарды пайдаланып, жалпы күнделікті заттарды суретке түсірді.

Суреттерін бояуды сілтей жағу арқылы салды.

Импрессионистер өз полотноларында өз жұмыстарын фотографтар қалай атқарса, бұлар да солай дәл мезетті суреттеуге тырысты. Суретшілердің картиналарының сюжеттері маңызды болмады, олар өздері жақсы білетін күнделікті өмірдің реңін айнытпай қайталады: қаланың тар көшелері, жұмыс істеп отырған кәсіпшілер, ауыл пейзаждары, барлығына жақсы таныс ғимараттар, т.б. Олар үшін бастысы -жарық пен көлеңкенің кезектесуі, күн сәулелерінің көзге таныс заттардың бетінде ойнауы.

«Жағаға жақын тайыз су»

1-сурет. Гитара ұстаған әйел

Монмантр бульвары

Көгілдірдегі биші қыздар «Фоли- Бержер" бары

Мулен де ла Галеттегі бал Анна Ахматованың портреті

Үстелдегі гитара Жеміс салынған тәрелке және табақ

Авиньон бикештері Геосаяси сәби

Шексіз бөліну Періште

Композиция



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу