Қазіргі өнердің даму тенденциялары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Өнер - қоғам дамуының көрінісі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 сыныптар

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі өнердің даму тенденциялары

Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.4 - қазіргі өнердің даму тенденцияларын анықтау, өзгеруі мен сабақтастығын зерделеу;

10.4.2.5 - қазіргі заман қоғамына ықпалын талдай отырып, бұқаралық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

Қазіргі өнердің даму тенденцияларын анықтау, өзгеруі мен сабақтастығын зерделеу;

 Бағалау критерийлері

  • Модернизм және постмодернизм ағымдарының ерекшеліктерін атай алады және сипаттайды;
  • Қазіргі заман қоғамына ықпалын талдай отырып, бұқаралық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар не істеу біледі:

- XX ғасырдағы өнердегі ағымдар мен бағыттарды (реализм, модернизм, постмодернизм) сипаттау

Пәндік лексика және терминология:

реализм, модернизм, постмодернизм кинетикалық өнер инсталляция граффити абстрактілі импрессионизм оп-арт гиперреализм бұқаралық мәдениет

Диалог құруға/ жазуға арналған пайдалы сөздер: Реализм ерекшеліктері дегеніміз …… өйткені……

Өнердегі модернизмнің анықтамасы…….

Постмодернизмнің пайда болу себебі…….

Реализм картиналары .............. екенін дәлелдей аламын, өйткені .........

Реализмнің негізгі бағыттары …….болып табылады.

Реализм картиналарының модернизмнен айырмашылығы ….

 Құндылықтарды меңгерту

Адам құқықтары мен ар-намысына деген құрмет сезімін, толеранттық пен өзара түсіністікті тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Өнертану сабақтарымен

 Сабақтың концептісі

Өзгеру және сабақтастық

 АКТ пайдалану

  дағдылары

Ақпарат іздеу мен іріктеуге байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту, фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстарды салыстыру және анықтау

 Бастапқы

  білім

Ұсынылатын бастапқы білімге XIX ғ.аяғында және XX ғасырдың басында өнердің қалай өзгергені туралы 8 сыныпта Дүние жүзі тарихынан алынған білім болып табылады. Оқушылар XX ғасырдың аяғындағы өнердің дамуын түсіндіру үшін ақпарат алуда осы білімге сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

(ПСМ) Мұғалім әртүрлі стильдер мен ағымдарға тиесілі картиналарды көрсетіп, оқушыларға келесідей тапсырманы береді: Картиналарға сұрақтар қойыңыз.

Сұрақтарға жауаптарды талқылай отырып, оқушылар сабақ тақырыбын, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін өз беттерімен анықтайды.

Сабақтың ортасы

(10 мин.)

(10 мин.)

(15 мин.)

(Г) Мұғалім оқушыларға 20 ғасырдың басындағы әртүрлі стильдер мен ағымдағы бейнелеу өнері сипатталған карточкалар мен картиналарды үлестіреді.

Тапсырма: Бұл картиналардың қай бағытқа тиесілі екенін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

  • Импрессионизмге қатысты картиналарды анықтап, бұл бағыттың кем дегенде 2 ерекшелігін атайды
  • Сюрреализмге қатысты картиналарды анықтап, бұл бағыттың кем дегенде 2 ерекшелігін атайды
  • Кубизмге қатысты картиналарды анықтап, бұл бағыттың кем дегенде 2 ерекшелігін атайды

(К) Мұғалім ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өнердегі негізгі ағымдармен (модернизм және постмодернизм) таныстырады, сондай-ақ олардың негізгі ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл орайда әр ағым бойынша көрнекті суретшілердің шығармашылығынан мысалдар келтіруге болады. Оқушыларда өнердің негізгі ағымдарын түсіндіру мүмкіндігі болуы тиіс және осылайша олар өнер тарихы бойынша алған білімдерін қайталып, пысықтай алады.

Мұғалім модернизм және постмодернизм ағымдарының хронологиялық көрсеткіштерін келтіреді.

1872 – 1945 жж. – модернизм, 1945 –бүгінгі күнге дейін – постмодернизм.

Мұғалім оқушыларға кестені толтырып, ХХ ғасырдағы өнердегі сабақтастықтың қалай жүзеге асырылғанын түсіндіруді тапсырады.

Модернизм

Постмодернизм

Абстракционизм

Абстрактілі экспрессионизм

Экспрессионизм

Поп-Арт

Примитивизм

Оп-Арт

Кубизм

Гиперреализм

Сюрреализм

Кинетика өнері

Футуризм

Граффити, инсталляция

Тапсырма: ХХ ғасырдың соңындағы негізгі ағымдарға анықтама беріңіз.

- Абстрактілі экспрессионизм

- Оп-арт

- Концептуалдық өнер (граффити, инсталляция)

- Кинетика өнері.

Оқушылар жұптарымен жауап нұсқаларын талқылап, содан соң мұғалім тақтада дұрыс жауаптарды көрсетеді.

Жұппен жұмыс

Тапсырма: Өнердің бір формасын (мысалы, концептуалдық) таңдап, тарихи мәселені, мысалы, жергілікті соғыстар, экологиялық проблемалар, "қырғиқабақ соғыс", т.б. сипаттау және түсіндіру үшін өз шығармашылық жұмысыңызды құрыңыз.

Бағалау критерийлері:

Қазіргі заман қоғамына ықпалын талдай отырып, бұқаралық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру;

Дескрипторлар:

Жұмысының мәнісін түсіндіреді

Жұмысында тарихи проблема қандай тұрғыдан қаралғанын түсіндіреді

Оқушылардың жұмыстарын таныстыру. Өнертанушы ретінде сөз алған оқушылар жүргізілген көрме туралы өздерінің әлеуметтік желілерінде жазба жасайды.

Мәселені талқылау: Ақпараттық қоғам өнердің дамуына қалай ықпал етті?

Дескрипторлар:

  • Ақпараттық қоғамның мәдени өмірге ықпалын бағалайды
  • Ақпараттық қоғамның қоғамдық өмірге ықпалын бағалайды

1-қосымша

2-қосымша

.

Сабақтың  соңы

(5 мин)

Рефлексия

Сөйлемдерді аяқтаңыз:

Өнердегі реализм анықтамасы …

Өнердегі модернизмнің анықтамасы…….

Өнердегі постмодернизмнің анықтамасы…

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін бағалауды қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасын ұстану

Ақпараттық парақтармен және бейнематериалмен сабақ жүргізу кезінде саралау пайдаланылды.

Ең қабілетті оқушылар тапсырмаларын орындап, кейбір оқушыларға қажеттілікке қарай көмек көрсетіледі.

Саралау сонымен қатар сабақ уақытын тиімді пайдалана отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Сабақта жұптың сабақтағы іс-әрекет нәтижелері бойынша бірін-бірі бағалауын пайдалану жоспарланды.

Сабақта денсаулық сақтау технологиялары, оқытудың белсенді әдістері қолданылды.

Сабақтың рефлексиясы:

Сабақ мақсаттары шынайы қойылған ба?

Сабақ мақсаттарына оқушылардың бәрі жете алды ма?

Олай болмаса, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс ұстанылды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқу орын алды ма, неліктен?

Сабақ мақсаттары нақты қойылған, орындалары анық және бағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу