«Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

Л.Эрхардтың «Благосостояние для всех» (1960) кітабынан

Мемлекет нарықтың өміріне бәсекелестік механизмі жұмысын қолдап отыру немесе біршама еркін бәсекелестік шарттарының жүзеге асырылуы қиын нарықтарды бақылау үшін талап етілетін дәрежеде ғана араласуы тиіс…

Нарық шаруашылығының құпиясы мен оның жоспарлы шаруашылықтың кез-келген түріне қатысты басымдығы неде дейтін болсақ, нарық шаруашылығында сұраныс пен ұсыныстың дұрыс ара қатынасына алып келетін бейімделу процестері күн сайын, тіпті сағат сайын жүзеге асырылады деуге болады. Мен сонымен қатар қоғамдастықтың қартайған адамдарды өз қамқорлығына алуын оның парызы деп санаймын. Мен бұл жерде өз кінәсінен емес, екі инфляцияға душар еткен саясат нәтижесінде өздерінің жинақтарынан айрылған қарияларды әңгіме етіп тұрмын...

Алдымен әр адамның өзіндік, жеке жауапкершілігі болуы тиіс, ал оның бір ғана жауапкершілігі жеткіліксіз немесе нәтижесіз болған жағдайда, адамға қатысты мемлекеттің немесе қоғамның міндеттемелері күшіне енеді.

Адам және оның отбасы өз алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, өзін-өзі қамсыздандыруға қабілетті болған жағдайда -онда мемлекет тарапынан мәжбүрлі қамқорлық тоқтауы тиіс …

Ұйымдасуға, ұжымдық жоспарлауға және ұжымдық құрылысқа деген ұмтылыс адам өзінің қара басынан және өзінің жеке жауапкершілігінен бас тартуға дайын болған кезде ғана әбден орныға алады … Адамның бостандыққа деген ұмтылысы жауапкершілікті сезінуден еш ажырамауы тиіс…. Жауапкершіліксіз бостандық адамның азғындауына және тәртіпсіздікке алып келеді!

Материалдық бостандықтар адамды бостандығынан айырады. Әл-ауқат деңгейінің көтерілуі ғана адамды оның примитивті, негізінде материалдық ойлау қабілетінен ажыратуы мүмкін. Егер әр азамат еркін нарықтың арқасында өз тағдырын өзі анықтауға қабілетті екеніне сенімді болатын болса және белгісіз экономикалық күштерге тәуелді болмайтын болса, тұтынушының біздің экономикалық құрылысқа деген көзқарасы жақсара берері анық…

Мен қол жеткізгім келетін өмір сүру деңгейін арттыру тек бөліп-таратудың ғана емес, сонымен қатар өндірістің, дәлірек айтсақ, өнімділіктің мәселесі болып табылады. Шешім ұлттық өнімді бөліп-таратуға емес, оны көбейтуге тіреледі. Өзінің назарын тек бөліп-тарату мәселелеріне ғана аударатындар әрқашан халық шаруашылығы өндіргеннен көбірегін бөліп-таратудың қате екенін түсінбейді...

Біз египет пирамидаларын сол пирамидалардың өзі үшін тұрғызбаймыз, бұл өзіндік мақсат емес: біздегі әр машина, қатарға қосылған әр электр станциясы, әр жаңа жұмыс орны және еңбек қарқындылығын арттырудың барлық өзге мүмкіндіктері түптің түбінде «әлеуметтік нарық шаруашылығы» жағдайында еңбек етіп, өмір сүретін адамдардың дәулетінің артуына қызмет етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу