«Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, сабақ жоспары.
7-бөлім: Еуропаның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
| Мектеп: | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 9 сынып | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай? | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.4.1.3. жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңыздылығын бағалау; 9.1.2.2. әлемнің жетекші және дамушы елдерінің өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9.1.1.2. әлемнің жетекші елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін талдау. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ФРГ әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін талдау | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар не істеу біледі: әлеуметтік-нарықтық шаруашылық ерекшеліктерін анықтау үшін топтарда жұмыс істеу Пәндік лексика және терминология: Германия экономикалық кереметі, әлеуметтік-нарықтық шаруашылық Диалог құруға/ жазуға арналған пайдалы сөздер: "Германия экономикалық кереметінің" сәулетшісі ……….. Әлеуметтік-нарықтық шаруашылық дегеніміз………… Әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың кемшіліктеріне қарағанда, артықшылықтары көбірек/ азырақ, өйткені .................... | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды меңгерту | Адам бостандықтары мен тұлғасын құрметтеу. Толеранттық пен ынтымақтастыққа баулу. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика пәнімен | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың концептісі | дәлелдемесі | |||||||||||||||||||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Ақпарат іздеу мен іріктеуге байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту, фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстарды салыстыру және анықтау | |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Ұсынылған бастапқы білімге Дүние жүзі тарихынан білім қосылады, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасының қалай өзгергені тілге тиек болып, "қырғиқабақ соғыс" басталуының себептері түсіндіріледі. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (5 мин) | Неміс экономисі және ФРГ мемлекеттік қайраткері Людвигтің портреті мен оның нақыл сөздерін келтіру. Мәселені талқылау: Фотосуреттен кімді көріп тұрсыздар? Бұл сөздердің иесі кім? Сұрақтарға жауаптарды талқылай отырып, оқушылар сабақ тақырыбын, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін өз беттерімен анықтайды. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (10 мин)
(10 мин) (10 мин) | (К) Мұғалім сыныпта Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі экономикалық жағдай туралы пікірталас бастайды. Оқушылардан олардың қайсысы осал, ал қайсылары мықты болғандығын түсіндіруді сұрайды? Мұғалім бүгінгі сабақта ФРГ еліндегі экономикалық жағдай туралы айтылатынын хабарлайды. Мұғалім оқушыларға алдыңғы сабақтарда Германиядағы экономикалық жағдай сөз болғанын еске салады. Оқушыларға келесідей сұрақтар қойылады: Германияның түпкілікті ыдырауының себептері қандай? ("қырғиқабақ соғыс", 1948 жылғы ақша реформасы) Құжатпен топтық жұмыс жасау 1 және 2 топтар Л. Эрхард кітабының үзінділерімен танысады («Баршаға арналған әл-ауқат») және әлеуметтік нарықтық шаруашылық ерекшеліктерін анықтайды. 3 және 4 топтар мәтінде сөздің мағынасына қарай қойылмай кеткен сөздерді сөйлемге орнына қояды. Дескриптор: Әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың кем дегенде 3 ерекшелігін анықтайды Сөйлемдерге сөздердің мағынасына қарай кем дегенде 3 дұрыс сөз қояды Топтардың бірін-бірі бағалауы Оқушылар бір-бірінің жауаптарын талқылап болып, кестені толтырады
Бейнежазбамен жұмыс «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы -XXІ ғасырдың басындағы Германия» дүние жүзі тарихы бойынша сабақ, 9 сынып Оқушылар жұптарымен Германияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының ерекшеліктерін талқылайды. Дескрипторлар:
|
1-қосымша https://www.youtube.com/watch?v=2E-Uw_JeIw4 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (5 мин) | Рефлексия Оқушылар келесі тақырыпқа шағын эссе жазады: Мен қазіргі Германияда өмір сүргім келе ме? | |||||||||||||||||||||||
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін бағалауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасын ұстану | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың рефлексиясы: Сабақ мақсаттары шынайы қойылған ба? Сабақ мақсаттарына оқушылардың бәрі жете алды ма? Олай болмаса, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс ұстанылды ма? Сабақ жоспарынан ауытқу орын алды ма, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру